«Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес» деген осы мақалдың екінші бөлігі қате

Байлық - мұрат емес, жоқтық - Ұят!

Мақалдар заман оза келе өзгеруі тиіс пе? Абай атамыз да талай қазақтың мақал-мәтелдерін сынға алған ғой. Маған осы бір мақалдың «Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес» екінші бөлігі мүлде қате сияқты. Халқымызға теріс ұғым орнатуға септігін тигізіп жатыр.

Бірінші бөлімімен «Байлық -мұрат емес» дегенге 100% келісемін! Ал жоқшылық - Ұят!

Кім кедей, түгі жоқ адам болғысы келеді? ЕШКІМ!
Халқы кедей болса сол елдің басшылары Ұялу керек! Елінде мүмкіндік бола тұра, басқа адамдар адал жолмен бай болып өмір сүріп жатқан елде кедей адам Ұялу керек. Баласы кедей болса ата-анасы Ұялу керек. Білімді, еңбексүйгіш ұрпақ өсіре алмадым деп!

Сондықтан мен де бір кездері кедей болдым, жоқ болдым. Енді ондай болғым келмейді. Сол жоқшылықтан құтылдым, талай тақырға отырдым, бірақ қайта табыс тауып, отбасым дұрыс өмір сүре алатын жағдай жасай алдым. Оны «Кедей болу, жоқ болу- Ұят» деген сенімі бар, осы тұжырымға бекіген кез келген адам жасай алады.

Сол себепті бар Қазақ бай да бақуатты болса екен деген ниетпен, байлыққа апаратын жол көрсететін БАҚ - Байлыққа Апаратын Қадамдар атты кітап жазып шығуға ұйғардым. Кітапта жинаған тәжірибелерім мен білімдеріммен бөлісемін.

Сіздің ойыңызша қалай? Сіз «Байлық -мұрат емес, жоқтық - Ұят!» деген тұжырымға келісесіз бе? Келіссеңіз белгісін, келіспесеңіз өз ойыңызды жаза кетіңіз.

 

Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста