"Ажырасу" деген сөзге құлақ үйренді

"Ажырасу" деген сөзге құлақ үйренді

Қазір қарызы қордаланып, баспананың проблемасынан шаршаған жас жұбайлар жиі хабарласады. Ажырасып жатыр. Күнде естіген сайын "ажырасу" деген сөзге құлақ үйренді.
Бұл проблеманы айту оңай болғанымен оның астарында ана тағдыры, балалардың болашағы, жоқшылықтан титықтаған бір отбасының әупірімдеп күнелтіп жатқаны ,жылаған ананың жан-айқайы өзекті өртейді.

"Өзіме қол жұмсаймын" деп хабарласып, еңіреп егілген келіншектердің сөздері сүйектен өтеді. Жоқшылықтан жылаған ананың , жалаңаш , қарны аш балалардың жағдайына алаңдаймын.

Бүгін Жаркент тұрғыны ұйқымнан оятты. Бір ұлы, қызы бар. Күйеуінің қайда жүргенін білмейді. Әкімдік уақытша паналауға берген бір бөлмелі жатаққаханада тұрады. Ұлым 12- де, қызым 9 жаста дейді.
- Екеуі есейді. Бірақ бір төсекте ұйықтайды. Ұлым намыстанып, ашуланғанда үйден безіп кеткім келеді, келсеңіз, өзіме қол жұмсаймын - деп жылайды.
Мұндай жалғызбасты аналардың әлеуметтік проблемасы, тұрмыс тауқыметі төрт қабырғаның ішінде қордаланып, таудай үйілген.

Сондықтан жергілікті атқарушы билік жалғыз бала баққан әйелдердің түйіткілін назарынан тыс қалдырмауы керек. Өйткені жалғыздықтан қажыған әйелдер қаржылай ғана емес, психологиялық қолдауға мұқтаж.

Алимент төлемейтін қашқын әкелерге қатысты заң талаптарын күшейту керек есептеймін.

4 баласын жарына тастап кеткен еркек 10 жылда тағы екі әйелге үйленіпті . Соңғы екі некеден туған 6 баласы да әкесіз өсіп жатыр. Бұрынғы үш әйел бірігіпті. Олар экс-күйеуін тауып ,алиментті төлетіңізші деп көмек сұрайды.
Ол жұмыс істемейді. Есесіне тағы жар құшыпты. Үйлене берсін , бірақ баланы тудырып , неге тастап кетеді?
Әйелдерден сұрадым. Жүктіліктен неге сақтанбадыңыз , оның бұрын әйелі, бала-шағасын тастап кеткеніне білдіңіз, олардын қиыншылықтан титықтаған жағдайына неге көз жұмдыңыз деп сұрадым. Олар жауап қатпады.

Азаматтық неке деген сор болды. Ерінің ,әйелінің жауапкершілігі болмайды. Тұрақсыз ,көкек әке-аналар перзенттерінің қалай өсіп жатқанына, не ішіп, қай жерді паналап, жан бағып жүргеніне бас қатырмайды.
Қалай көмектесуге болады?

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста