"Ауруын жасырған – ажалсыз өледі" деп бекер айтпағанын ұмытпайықшы!..

Жетісай ауданындағы бір отбасыда орын алған жаға ұстатарлық оқиғаға байланысты әлеуметтік желіде үн қатып жатқан жамағаттың елден сүйінші сұрап жатпағаны белгілі. Өгей анасының қатыгездікпен балаларын ұрып-соғып, дене жарақаттарын салу арқылы зорлық көрсеткені расында да төбе шашыңды тік тұрғызады. Және бұл зорлық бір күннің ғана "жемісі" дегенге сену қиын. Сондықтан дер уағында қоғамның һәм құзырлы органдардың назарын аударып, жасөспірімдердің құқығы тапталмасын деп, араша сұраған әлеуметтік желі қолданушыларына алғыс білдіріп, рахмет айтқан жөн! Былтыр көктемде күллі республиканы шулатқан Сарыағаштағы 7 жасар балаға қатысты даулы оқиға естеріңізде шығар. "Бірінші сараптама жеткіншектің зорланбағанын дәлелдеді" деп, екінші сараптаманың қорытындысын күтуді сұраған шенеуніктер жаппай жазаланып еді ғой. Сол тұста Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған Жансейіт Түймебаев шұғыл жиын өткізіп, 2017 жылдан бері мәселеге атүсті қарап, дер кезінде шара қолданбаған шенеуніктерді жазалауға көшкен. Күнгейдегі шенді-шекпендінің біразын орнынан босатса, біразына сөгіс жариялаған. Олардың атын атап, түсін түстемей-ақ қояйық. Халық біледі. Тіпті бұл мәселе ақырында Елбасыға дейін барды. "Қауіпсіздік кеңесінің отырысында да мемлекеттік органдардағы проблемаларды ашық айттым. Мәселен, ОҚО-дағы жоғары сынып оқушылары зорлаған баланың оқиғасы. Іс ұзаққа созылып, туған-туысқандарын әуре-сарсаңға салды. Бәрібір де ештеңе таба алмай, дәлелдей алмадық. Неге екенін білесіздер ме? Барлық жерде туысқандары отырған. Бұл іспен айналысқан полицейлер де – туыстары, жоғары органдарда да туыстар, одан жоғарыда да – туыстары, бәрі істі жабу үшін жасалған", — деді президент "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.
Бұл ретте журналистердің, қоғам белсенділерінің, әлеуметтік желі қолданушыларының даулы оқиғаға бейжай қарамай, әділдіктің ақ туы желбіреуіне бір кісідей атсалысқанын атап өткен ләзім!
Ал Жетісай ауданындағы жағдайға келсек, Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпарға сенсек, Құдайға шүкір, бұл жайтты құзырлы органдар анықтапты. Ол Жетісай АПБ-де тіркеліпті. ҚР ҚК 140-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен. "Күдіктіге шектеу шарасы қолданылады. Комиссия шешімімен балалар әжесіне тапсырылған. Бұл жайт - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және облыс прокурорының бақылауында".
Бәрекелді! Енді кінәлілер лайықты жазасын алуы керек!

Айтпақшы, әлгінде "Фейсбуктен "Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің "Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Жетісай ауданында орын алған кәмелет жасқа толмаған апалы-сіңлі үш қыздың дене жарақаты бойынша видео кең тарауда.
Осы орайда Түркістан облысы полиция департаменті кәмелеттік жасқа толмаған балалардың зорлық-зомбылыққа ұшырау фото-видеосын әлеуметтік желі мен мессенджерлерде жариялау ҚР Қылмыстық Кодексiнің 147-бабының 5-тармағына сәйкес жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға соқтыратындығын ескертеді.
Жариялаған барлық азаматтарға өшіру және таратпау керектігін назарларыңызға жеткізеді. Аталған оқиға бойынша полиция департаментімен тергеп тексеру амалдары басталды және заңды бұза отырып таратушыларды анықтау жұмыстары жүргізілуде" деген жазбасын көзіміз шалып қалды.
Дереу ҚР Қылмыстық кодексінің "Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу" деп аталатын 147-бабының 5-бөлігін ашып қарай қойдық. Онда "5. Осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармада, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып тарату – жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады" делініпті. Ал 5-бөліктің мәнісін түсіну үшін 4-бөлікке үңілдік. "4. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз тарату не өзге де дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру – бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады" делінген.

Енді ойланыыыып отырмыз, өгей анасының қатыгездікпен балаларын ұрып-соғып, дене жарақаттарын салу арқылы зорлық көрсеткен жайтты анықтаған құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекске сүйеніп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқан 140-бапға қарағанда, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың зорлық-зомбылыққа ұшырау фото-видеосын әлеуметтік желі мен мессенджерлерде жариялау жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға соқтыратындығын ескерткен ҚР Қылмыстық Кодексiнің 147-бабының 5-бөлігінің жазасы ауырлау сияқты ма, қалай?
Ал Сіз адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтерге өгей анасының қатыгездікпен балаларын ұрып-соғып, дене жарақаттарын салу арқылы зорлық көрсеткен жайтын жатқызар ма едiңіз?
Өз басым әл-әзірге әлеуметтік желілерден өгей анасынан оңбай таяқ жеген қыздардың ешбірінің жүзін көрмедім. Және көруге құмбыл да емеспіз. Тек атам қазақтың "Ауруын жасырған - ажалсыз өледі" деп бекер айтпағанын ұмытпайықшы!..

Тұтқабай Фазылбек
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста