Ақша ештеңені шешпейді...

Ақша бәрін шешсе...

 

Қайбір жылы, нақты қай жыл екені есімде жоқ, шетелдік бір журналдан “шумахер” деген аттың иесі, аты әлемге әйгілі немістің автошабандозы Михаэль Шумахер туралы мақаланы оқып қалдым. Әлемге әйгілі Шумахердің жеткен жетістігі өз алдына бір төбе, ал, сол кезде табатын табысы сұмдық көп еді. Қаншама келісім-шарттар, жарнамалар... Әлгі мақалада автор Михаэльдің жылдық табысын әр күнге, сағатқа, тіпті секундқа бөліп есептеп шығады. Сонда оның айына, күніне емес, секундына табатын табысы пәленбай еуро еді. Секундына! Бұл өзі әлемге аты мәшһүр темір тұлпардың “құлағында” ойнайтын шабандоз болса, табысы секунд сайын түсіп, қалтасын қомпайтып жатса,енді не арманы бар екен деп ойладым.
Содан көп ұзамай 2013 жылы әлемнің жеті дүркін чемпионы Шумахер Францияның Мерибеле таулы аймағында шаңғы теуіп жүріп, қатты құлап,нәтижесінде бассүйек-ми жарақатын алып, миының екі жартышарына зақым келді деген хабарды естідік.
2015 жылы Францияның Le Parisien басылымы спортшының емі үшін 500 мың еуро жұмсалатынын жариялады. «Михаэль спортта жүріп 715 миллион еуро табыс тапты. Қазірде бұл ақша еміне толықтай жеткілікті.
Алайда, қазірдің өзінде оның отбасы арнайы түрде тапсырыспен жасалған, түрлі жабдықпен жабдықталған Ferrari FXX Evoluzione көлігін 11,2 миллион еуроға сатылымға шығарды. Бір жыл көлеміндегі Шумахердің физикалық тұрғыдан жағдайы өзгеріссіз, бір қалыпты. Әлі де туыстарымен сөйлесіп, өз бетімен қозғала алмайды. Ал салмағы бар-жоғы 45 келі. Бұл оның өз салмағынан 25 келі жоғалтқан. Ең өкініштісі, спортшы әлі күнге айналасында не болып жатқанын түсінбейді», – деп жазған еді басылым.
Шумахердің емделу процесі ұзаққа созылды. Чемпион сол уақыттан бері әлі төсекте жатыр. Қыста 51 жасқа толды. Туған күні қарсаңында келіншегі оған әлі де бір топ дәрігерлердің күшті бақылауы мен үлкен күтім керек деп мәлімдеді. Коронавирустың кесірінен жоспарланған үлкен операция да кейінге шегерілді.
Шумахердің еміне шипа тілейміз. Аяғына тұрып кетсін. Темір тұлпармен жүйіткіп жүріп шаңғыдан төсекке таңылып қалам деп ойлады үш ұйықтаса түсіне кірмеген шығар. Жазым болса быламықтан тіс сынар дейді біздің қазақ. Жазым қайда, бассаң аяғыңның астында деген де бар. Ешкім ештеңеден сақтандырылмаған. Шумахерге Алла денсаулық берсе әлі ақ оңалып кетер. Қаржы жағынан да қатты қиналып қалмас. Бірақ кім өзінің бар тапқан табысын өліммен арпалысуға, дәріге жұмсағысы келеді дейсіз. Қанша тапсаң да соны тыныштық пен амандықта жаратқанға не жетсін?!
Артық ақша ешкімге артықтық етпейді. Бірақ ақша мен дүниенің соңынан жүгіріп, өмірдегі ең маңызды нәрселерді ұмытып кеткендер қаншама. Шумахер дүниеқоңыздықтан сонша байлық жинамаған да шығар. Ол жәй ғана өз саласында үздіктердің үздігі болды, жақсы табыс тапты, болды. Бірақ тағдырдың тосынсыйы мен өмірдің бұралаң жолдары әрқайсымызды әр жағаға лақтырып тастайтыны бар...Бұл жерде де ақша ештеңені шешпейді.

 

 


Асхат Садырбай
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста