Қазіргі заманауи ма, әлде шетелдік есім ба, жалпы осы есімдер не мағына береді? Қазіргі қыздарға Анель, Жанель сияқты есімдер көп қойылуда.
Мысалы Анель деген есімді қазақшалайық:
Анель - Әнел - Ән Ел деген мағына ма?
Жанель - Жан Ел деген мағына ма? Бұл нені білдіреді?
Жарайды нені білдірсе соны білдірсін.
Ал енді ертең Құдай бұйыртып бастық болсын. Сонда Анеля, Жанеля деген тәлпіш, бес жасар қыздай болып көрінбей ма?
Және, ертең қартайғандай қандай әже болады? Анеля деген әже бола ма? Әже деген әжедей болып отыру керек шығар әжептеуір атпен???
Сосын денесіне сурет салатын қыздарды айтам, қазір жастық-шақпен білінбес, ертең қартайғанда қандай кемпір болады? Қайтыс болғанда жуындырып жатқанда "о, әжеміз кезінде тілген екен!" деген сөз шығып қалса сүйегі сырқырамай ма?
Жалпы балаға дұрыс ат қою керектігі шариғатта да айтылған емес пе?!
Берік Шералыұлы
Facebook-тегі парақшасынан