«АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»

Шартты рефлексті алғаш анықтаған – орыстың Иван Павлов деген ғалымы. Оқулықта суреті тұратын. Ол кезде кітаптағы орыс ғалымдарының бәрінде міндетті түрде көзәйнек, қалың сақал-мұрт, мойнында шоқпардай галстук болады. Шыны керек, сол Павловты біз Менделеевтен айыра алмасақ керек. 

Әлгі оқулықта сосын иттің суреті тұратын. Павлов зерттеуді соған жасаған ғой. Біз итті қатты айыратынбыз. Ауылдағы жетпіс үйдегі жетпіс итті айтпағанда анда-санда базаршылап бөлімше орталығына келіп қалатын шопандардың иттерін тегіс танимыз.
Павлов иттің көмегімен ашқан шартты рефлекске қатысты бір қызық өтті. Жексенбіде асай-мүсейді салып моншаға шықтық. Ел астанасындағы жолаушылар таситын автобустардың дені ортасы сырнай сияқты құйқылжитын екі бөлікті болып келеді. Алдыңғы жағы іңген де, артқы жағы соған ерген ботасы сияқты. Бұрылғанда бір жағы керіліп, екінші жағы жиырылатын сырнай сияқты тұсында біз тұрамыз.
Сол автобустың тағы бір жақсы жері – ортасында жүк қоятын текшесі бар. Моншаға алып шыққан қоржынымызды соған қоя салғанбыз. Ішінде не бары өзімізге аян. Ал сыртқы тор қалтасына жексенбіде моншадан шығарда ішетін 75 грамымыз құйылған шағын шыны ыдысты салғанбыз. 75 грамм арақ – апта сайынғы норма.
Баяғыда Қалихан Ысқақовтың хикаясында мынандай өлең бар еді:
Интернатская форма,
Екі жүз грамм норма.
Аш та қылмайды,
Тоқ та қылмайды.
Ішпей қойсаң
Боқ та қылмайды.
Қайран Қалихан аға! Әрбір кейіпкері тура қасыңда жүргендей әсерге бөлейтін. Кезіндегі Жұлдызақты, берідегі Қараңқалғыр, ортадағы Мешел, Мешелдің алдындағы Тұйық, қайсыбірін айтып тауысқандайсың. Егер жоғарыдағы Жаратушы: «бір жазушыны тірілтіп берейін, кімді таңдайсың?» десе, еш ойланбастан «Қалихан аға!» дер едік. Оған қайда! Хош, автобусымызға оралайық.
Бұл жолы екі жыл бұрын шар соғудан жарыста әдеттегідей соңғы орында қалған біздің көңілімізді жұбатып Серік Абас шах досымыз ынталандыру жүлдесі ретінде сыйлаған сармысақ салған арақтың түбінде қалған тұнбасын әлгі ыдысқа құйып алып шыққанбыз.
«Екі жыл бойы бітпейтін не қылған тұнба бұл» дерсіздер. Иә, жексенбі сайын моншадан шыға бере «енді ішкі ағзамызды тазалайық» деп міндетті түрде 75 грамнан ішкенде Секеңнің бұл сыйлығын тауысатын кезіміз болды ғой.
Бірақ, бізде мұндай тұнба біреу емес. Қатын Өскемендегі қайнылары арқылы таза арақ алып, оның біріне клюква, енді біріне барбарис салып тұндырып қояды. Оның сыртында Өскеменнен арыдағы Қотан Қарағайдан бірнеше жыл бұрын өзіміз алып келген бұғының мүйізінен қазы кескендей бір кесіп алып спиртке салып қоямыз. Оны керегінде бұлақтың суын қосып еселеп аламыз. Тағы араққа салынған екі тұнба бар. Олардың құпиясын ашпай-ақ қоялық.
Сонымен жеті түрлі тұнбадан кезекпен, яғни өз алгоритмі бойынша алып шығамыз. Біздің өмірдің өзі бәрінде алгоритммен тұрады. Алгоритм туралы реті келгенде жақсылап жазып шығармыз.
Енді әлгі шартты рефлекске келейік. Ұмытпасақ, Павловқа Нобель сыйлығын әперген жаңалықтың сыры мынандай еді ғой. Итке тәжірибе жасап жүріп ғалым зертханаға көмекшісі кіргенде әлгілерден сілекей бөлінетінін анықтайды. Сөйтсе көмекшісі ақ халатпен келіп тамақтандырады екен. Соған үйренген иттерден ах халатты адам кіргенде тамақ бар-жағына қарамай сілекей бөлінетін болыпты. Шартты рефлекс – осы.
Тура осындай шартты рефлекс моншаға алып шыққан қоржынымызға, анығында оның сыртқы тор қалтасында тұрған шыны ыдысымызға қатысты болды. Біз автобустамыз. Монша алыс, біздің пәтерден тура жиырма аялдама. Беріде жол жөнекей басқасы көп шығар, бірақ өзімізге ұнайтын үлкен көпшілік моншаға деген махаббаттан айныған емеспіз. Аяз да, аптап та бөгет емес.
Қоржынды көлік ішіндегі сөмке қоятын жерге тастай салғанбыз. Өзіміз қоғамдық көліктегі жастардың сақалын баяғы Павловтың сақалымен салыстырып, түрлі ойларға беріліп кеткенбіз. Сосын сырт көз аңғармайтын жаттығуларымызды жасап тұрмыз. Бір кезде автобусқа екі әйел кіріп, бос орын іздей бастады. Бізден қайран жоқ. Өзіміз отырмайтын болған соң қайдан орын босатып берейік? Кенет қоржынымыздың қасынан өте бергенде бірінің көзі әйнек шыныға түсті.
Екі жыл сарымсақ салынған арақ сарғайып кеткен. Шынының сыртынан ішіндегі сарғыш сұйық көрініп тұр.
Әлгі әйел екіншісін бүйірден түртті де, «ананы қара, анализ» деп сыбырлады.
О, анализ! Бүкіл қазаққа таныс сөз. Оны айтқанда ешкімнің ойына ғылыми сараптама, әлдебір жаңа материалдың құрамы жайлы ой келмейді. «Анализ» дегенде бәрінің миына адамның кіші дәреті сап ете қалады.
Қазір бұл «анализды» бәрі емханадағы дайын ыдысқа құйып, анығында сиіп бере салады-ау дейміз. Бір кезде таңғы алакеуімде осындай ыдыспен таситын. Мына екі әйел – сөз жоқ, сол заманның куәсі.
Екіншісі «ананы қара, анализ» дегенге қарап, біздің ыдысқа көзі түскені сол, дереу мұрнын басты. Шартты рефлекс.
Әйтпесе, шынымыздың қақпағы тастай жабылады. Ішіндегісі төгілмек тұрмақ, иісі шықпайды. Алда-жалда бұрқырай қалса Кеңес заманы тұрмақ қазір де мына екі әйел бас тарта қоймайтын арақтың иісі шығар еді.
Павловтың ілімі аяқ астына осылайша ойға түсті. Шартты рефлекстің арқасында екі әйелдің мұрнын бастырған «анализді» моншадан кейін көмейге құя салдық та, ішкі ағзамызды апта бойғы шаң-тозаңнан тазартып тұрып тағы ойландық.
Баяғыда әжелеріміз ауылда мас болып жүрген біреуді көрсе «мынау сідігін ішіп алыпты» дейтін. Әлгі екі әйел бізді моншаға дейін бақылап келсе, бір-бірін түртіп «мына жынды «анализын» ішіп алды» дер еді-ау!

Қайнар Олжай
2019 жылғы 1 қыркүйек.
Ел астанасы.

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста