Алда-жалда дегенде Ресей ешкімнің бас амандығына кепіл емес!

«Шет үй көшсе, ортадағы үй шет болады»
Бір күнде тоғыз мемлекет Украинадағы өз азаматтарын өз елдеріне қайтару туралы шешім қабылдап, үндеу жасады. Олар: АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Латвия, Нидерланды, Норвегия, Монтенегро, Солтүстік Македония мен Эстония. Бұл Украинадағы азаматтарын шұғыл эвакуациялап жатқан алғашқы және соңғылар емес. Бұл санатта: Израиль, Оңтүстік Корей мен Еуропа елдері де бар. Қысқасы: Ресей Украина шекарасы маңына 150 мыңдық әскер жұмылдырған. Украина Ресейден ресми жауап талап еткен. Ресей 48 сағаттың ішінде түсіндірме жауап беретінін айтыпты. Ал АҚШ сарапшылары Ресей әне-міне Украинаға қарсы шабуылды бастайды, деп дабыл қағып отыр.
Әйгілі Bloomberg АҚШ-тың ресми түлғаларына сілтеме жасап, Ресей 15 ақпанда шабуыл бастап, Украина территориясына кіреді деп жазады. Ал NBC мен PBS журналистері Ресей келер аптада шабуыл бастайды дейді. Әуелі екі күн бойы әуеден бомбалап, радиоэлектрондық соғыс жүргізеді, сосын, Украинада билік режимін ауыстыруға әрекет қылады деп болжам жасайды. Байденнің Қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Жейк Салливан да Ресей шабуылды кез келген сәтте бастап кетуі мүмкін екенін айтқан. Ал Ресей бұл мәліметтердің барлығын жоққа шығарып, Ресейге ықпал ету үшін әдейі жасалып жатқан ақпараттық шабуыл деп пікірлеген.
Украина – соңғы жылдары әлемдік саясаттың өтіне, НАТО мен Ресейдің ақырғы белдесер алаңына айналды. Таңдау жасау, келешек жолын айқындау – кез келген Тәуелсіз елдің хақы. Совет боданынан босаған осы отыз жылда Украина керемет экономикалық жетістікке жете қоймаған шығар, бірақ, едәуір саяси прогресстерді бағындырды. Демократия нышандары қалыптасты. «Батысшылдар» мен «ресейшілдер» арасындағы күресте «батысшылдар» басым түсті. Халық өз таңдауын жасады. Ол – Батыс болды. КСРО-ны қайта тірілткісі келіп, өлермендік жасап жүрген Кремльдің жүйкесіне тиетіні де осы.
Қазақ секілді Кеңес Одағының езгісі – украин халқына қасірет-қайғыдан басқа түк әкелмегені белгілі. Өткен ғасырдағы ашаршылық миллиондаған украинның өмірін жалмады. Украин халқы бұл қолдан жасалған геноцид екенін заңмен бекітті. Қазақ пен украиын халықтарының тағдыры ұқсас – Кремльден көрген тепкісі мен езгісі өте ауыр болды. Сондықтан олардың Ресейге деген сенімсіздігін біз жақсы түсінеміз.
Мәскеу озбырлығының шегі жоқ. Бұл тірестің тағы бір мәні: Бұл тек украин халқының тағдырын шешіп қана қоймай, НАТО-ның да болашағын айқындамақ. НАТО құрамындағы 30 ел Украинаны Мәскеудің азуынан аман алып қала алмаса, онда НАТО-ның да беделі мен сенімі жоғалмақ. Зұлымдық ошағының бір бұты саналған Ресейдің империялық астамшылығынан құтылу – бүгінгі Батыс қоғамының басты мақсаты. Сондықтан, бұл тірес НАТО мен Мәскеу арасындағы тірес. Украинаға басқыншылық жасалар болса, НАТО Украинаның мемлекеттік тұтастығы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Ресей күш көрсетер болса, онда Батыстың ең ауыр жазасына душар болады. Енді Путинге шегінер жол тарылып, барады. Путинге «аттан түсу» үшін де лайықты сылтау керек. Ал соғыстың зардабы Кремль үшін апаттан ауыр болмақ...
Бұл тақырыпты әзірше осылай бір нүктелеп қойып, әрісін бақылайық... Айтар сөз де, ақпарат та көп. Біздің Украинадағы елшілік үнсіз. Украина территориясында жүрген Қазақстан азаматтарына үйге қайтыңдар деп сөйлегенін әлі естімедік. Сыртқы істер министрлігі де жым-жырт жатыр... Алда-жалда дегенде Ресей ешкімнің бас амандығына кепіл емес! Бұл да маңызды...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста