Әділдікті тек ақиреттен күте беру қазіргі мұсылмандардың проблемасын шешпейтіні анық

Теңдік деген ұғым діни дүниетанымда көбіне о дүниелік ұғым болып кете беретіні қызық. Құранда әділдік, кеңес (шура), нәсіл нақты әлеуметтік құбылыс ретінде айқындалса да, кейін бәрі өзгерді. Алғашқы төрт халифтің тұсында дәстүрге сүйеніп Құрайыштан басшы сайланды. Кейіннен Әмәуилер билігі кезінде Византиялық, ал Аббасилер тұсында Сасанилік жартылай Құдай бейнесіндегі династиялық билік түсінігі пайда болды да, "Патша Құдайдың жердегі көлеңкесіне" айналып шыға келді. Билік түсінігі өзгеріп, адамдар теңдік пен нақты әділ сотты қияметте ғана көретіні жайлы түсінік орнықты. Құлдық қоғамның құрылысы со гүйі сақталып қалды. Мұсылман мен ғайри мүслімнің (мұсылман еместердің) құқықтары мен превилегиялары рационал шешімдерден гөрі, мәтінге, хадистерге негізделген шариғат бойынша бекітілді. Осылай сіресіп қалған теңсіздік дәстүрі Салафизм күшейген XIV ғасырдан бері тақлид (көзсіз ере беретін үлгі) жасалып келеді. Осылай ХХ ғасырға бір-ақ келген діни дүниетанымда адамдардың теңдігі деген ұғымның "ақиреттік" мазмұнға тұнып қалуы заңды сияқты. Біздің мейнстрим молдалардың "Өзінің ақысын алып, өзгенің ақысын бермейтін болса да Патшаға бағын", "Патша малыңды, бала-шағаңды, әйеліңді (әйел зат қатарында аталып тұрғандай) тартып алса да қарсы шықпа", "бір күнгі бүлік (фитна) зұлым патшаның қол астында 40 жыл қиянат көргеннен де жаман" деген мазмұндағы хадистерді ретрансляциялауы теңдік, әділдік атаулыны ақиреттік мәселе ретінде көруін байқатады. Сосын халық арасында да көбіне "Құдай алдында қай бетіңмен жауап бересің" деген сыңайдағы сөз көп айталады. Осы дүниедегі сотта деген түсінік ойға аз оралатындай. Әрине қияметтегі сот, Құдайдың әділ соты деген дәл осы дүниеде де моральдық-этикалық құндылық жарата алуы мүмкін екенін түбегейлі жоққа шығару қисынсыз. "Құдайдың қорықпайсың ба?" дегенде де, ертең ана дүниеде жауап бересің дегенді меңзейді ғой халық. Бірақ солай екен деп әділдікті тек ақиреттен күте беру де қазіргі мұсылмандардың проблемасын шешпейтіні анық.

Асылтай Тасболат

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста