Адам қысқа ғұмырда көп қателік жібермес үшін эмоциясын басқара білу керек

Тым эмоцияшыл адамдарды аяймын. Жоқ, маған олар ұнайды. Себебі, олар шынайы, əділ. (Əрине, салыстырмалы түрде. Анығы əділдікті жақсы көреді). Өздерін бір қалыпқа салған адамнан, "бір шеңбердің, бір сызықтың бойымен жүріп отыратын" адамнан олар əлдеқайда қоғамға пайдалы. Бірақ олар эмоциясы басым болу себебі: қателікке жиі бой ұрады. Бəрібір олар шынайылығы үшін құрметтеуге лайық.
Байқағаным, тым эмоцияшыл адамдар көп қателік жібереді. Бірақ олар "қателік жібермейтін", таптаурын ой айтатын адамдардан əлдеқайда таза.
Олар тым аз... олар бір-бірімен алысып-тартысып жатыр... Бірақ олар сол қателігіне қарамастан қоғамды өзгертетін адамдар. Бірақ ішкі мəдениет те керек...
...Мен де эмоцияшыл адаммын... Бірақ эмоциямды көп жағдайда басқара алам... Оны мені жақсы білетін достарым біледі. Жалпы "эмоцияны басқара білу керек" деген түсініктегі адаммын.
Адам қысқа ғана ғұмырда көп қателік жібермес үшін, өкінбес үшін эмоциясын басқара білу керек. Бұл өмір адамның бір тамшы көз жасына да тұрмайды. Бұл қысқа ғұмырда кешірмейтін ештеңе жоқ. Кешірім ғана, кешірімді адам ғана бəрінен биік, бəрінен жоғары тұрады.

Аягүл Мантай
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста