Месси немесе Криштиану Роналду – футболда басқа құндылық қалмаған ба?

Месси немесе Криштиану Роналду – футболда басқа құндылық қалмаған ба?

Кеше түнде Цюрихте ФИФА 2014 жылдың ең үздік футболшысын атады. Ал ФИФА сауалнамасының қорытындысы көп көңілінен шықты ма? Бір қызығы, кейбір атақты футболшылар "ФИФА-ға екі "Алтын доптың" иегерін анықтау керек, біреуі – Месси мен Криштиану Роналду арасында, екіншісі – өзге футболшылар арасында" деген наразылықтарын бүкпесіз айтып та жүр. Енді бәрін де ретімен баяндайық, деп жазады "Алаш айнасы".
Футболдан алдағы екі әлем чемпионатын өткізу құқығын Ресей мен Катар қол жеткізгелі ФИФА-ны сынап-мінеушілер көп болып еді. Енді Португалия футболшысы Криштиану Рональду үздік болып танылғалы да дауыс беру қорытындысына көңілдері толмай қалғандар аз емес сияқты.
Өйткені, 2008 жылдан бері әлемнің ең үздік футболшысы Аргентина саңлағы Лионель Месси мен Португалия жұлдызы Криштиану Роналдудың біреуі болып жүр. Сондықтан футбол жанкүйерлерінің арасында "теңбіл доптың осы екі тарланбозы тұрғанда, басқалар елеп, ескеріле қоймас, сірә", – деген наразылықтарын білдірушілер де шығып жүр. Баз біреулер тіпті "әлемнің үздік футбошысын анықтауда Месси мен Криштиану Роналдудың ғана емес, Испанияның екі клубы "Барселона" мен "Реалдың" жетістіктері "таразыға татылатындай", – деп өз пікірлерін айтып салған...
Сондықтан, футбол сүйер қауым "биыл Месси мен Криштиану Роналду емес, басқа футболшы үздік танылатын шығар" деп пайымдады. Әрі соны сарыла күтті. Өйткені олардың бұлай ойлауларына негіз бар еді. Өткен жылы жазда Бразилияда өткен әлем чемпионатында Германия құрамасы ұжымдық ойын үлгісін көрсетіп, жеңімпаз атанған. Әлем чемпионы болған құраманың "әлемнің үздік футболшысы" атануға лайық бірталай ойыншысы бар еді. Сондай-ақ осы әлем чемпионатында үшінші орынға ие болған Нидерланды құрамасының сапында да бірнеше футболшы жай оғындай жарқырап, ерекше көзге түскен. Ал әлем чемпионатының финалында ғана сүрінген Аргентина құрамасын алға сүйреген жалғыз Лионель Месси емес, Хавьер Маскерано секілді жанкешті жігіттер де болатын...
Осыдан бірер күн бұрын 2014 жылғы әлемнің үздік ойыншысы атануға лайық үш үміткердің есімдері жарияланды. Олар – Лионель Месси, Криштиану Роналду және биыл әлем чемпионы атанған Германия құрамасының тас қамал қақпашысы Мануэль Нойер.
Өз басым "Германия құрамасының қақпашысы үздік танылса, сол дұрыс болар ма еді" деп ойладым. Бірақ кеше түнде ФИФА-ның әлемнің үздік футболшысын жариялауға арналған салтанатты кешін көріп отырып, Нойердің үздік атанбайтынын түсінгендім...
Себебі, "2014 жылдың үздік бапкері" Германия құрамасымен әлем чемпионы атанған білікті жаттықтырушы Йоахим Лев болды. Сонымен қатар, әйелдер арасындағы әлемнің үздік бапкері де неміс бапкері болып танылды (Ральф Келлерманн, "Вольфсбург"). Сондай-ақ, әйелдер арасындағы әлемнің үздік футболшысы да Германия аруы атанды (Надин Кесслер).
Сіздерді білмеймін, мен осыдан кейін Нойердің 2014 жылдың үздік футболшысы атанатындығына күмән келтіре бастадым. Сонда Месси мен Криштиану Роналду ғана қалады... Бесінші рет "Алтын допты" Лионель Месси ала қоймас деген күдіктің де болғаны рас...
Әлқисса, сонымен, Криштиану Роналду үшінші рет әлемнің үздік футболшысы атанды. Әділетті ме, жоқ па, ол жағына билік айта алмаймын. Бұл – ФИФА жүргізген сауалнаманың қорытындысы.
Бірақ Ғаламтор желісінен өзім оқып қалған жанкүйерлердің өткір сөздерінің кейбіреулерін тізіп шыққым келеді. Өйткені кейбіреулері қуақы тілмен өте қызықты айтылған. Еріксіз езу тартасың (Менің байқамай немесе ұмыт қалдырғандарым болса, оқырмандар өздеріңіз қоса жатарсыздар)...
– О, тоба! Құрамасы өз тобынан шыға алмаған футболшы үздік атанып, әлем чемпионы мен финалисі мұңайып қарап тұрды;
– Қай жағынан алсаңыздар да, Криштиану Роналду – үздік. Ал сіздер – "Барселонаның" жанкүйерлерісіздер;
– Криштиану Роналдудың жарнамалық-сайлау компаниясына жыным келеді;
– Түсінбедім, қандай ерен еңбегі үшін Мессиге екінші орын берген?
– Месси немесе Криштиану Роналду, Криштиану Роналду немесе Месси – футболда басқа құндылық қалмаған ба?
– Осы үшін ғой, бізде Қазақстанда ел футболға бармай, бокске барады;
– Бәлкім, Нойерге әлем чемпионатында 20 пенальти тойтарып, барлық ойындарда гол жібермей, нөлмен аяқтауы керек па еді;
– Маған тек жүргізуші әдемі қыз ғана ұнады;
– ФИФА-ның тағы бір сәтсіз шешімі;
– Дәлме-дәл болжам: келесі жылы да Криштиану Роналду алады, сөйтіп ол Мессимен теңеседі, 2016 жылы ғана басқа футболшы алады, оған дейін Роббен жүре ма екен, ал Нойерге 2018 жылғы әлем чемпионаты бар ғой;
– "Алтын доптың" попсаға айналып кеткеніне түбегейлі көзім жетті. Бұл енді – футбол додасы емес, жылтырауық пен брендтің "шайқасы"...

P.S.:
Енді бір таң қалғаным, ФИФА-ның Халықаралық кәсіподағы федерациясының тұжырымы бойынша "әлем құрамасы" жасақталыпты. Сондағы орталық қорғаушылар – Бразилия бекінісінің жауапты ойыншылары Тиагу Сильва мен Давид Луиз. Осы екеуінің екіншісі қалай "әлем құрамасы" сапына ілікті екен деп ойладым. Есіме еріксіз әлем чемпионатының ойындары түсті. Бразилия құрамасы осы әлем чемпионатының жартылай финалында Германиядан 1:7 есебімен күйрей ұтылып, ІІІ-орын үшін өткен матчта Нидерланды құрамасынан 0:3 есебімен ойсырай ұтылған...

 

Нұрғазы Сасаев
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста