Месси «Алтын доп-2015» иегері атанды

Месси «Алтын доп-2015» иегері атанды

Бүгін Германияның Цюрих қаласында «Алтын доп-2015» иегері анықталды. Бұл марапатқа аргентиналық Лионель Месси лайық деп табылды. Бұл – осымен «Барселонаның» үздік ойыншысының алған бесінші «Алтын добы». Аталған жүлдені барселоналыққа 2007 жылдың «Алтын доп» иегері бразилиялық Кака табыстады. «Бұл - мен үшін ерекше сәт. Мен бұл сахнаға қайта оралып, екі жыл бойы Криштиануға табысталып келген «Алтын доп» марапатын бүгін жеңіп алып отырмын. Бес «Алтын доп» марапаты менің бала күнімде армандағанымнан да асып түсті. Мен өзімнің командалас достарыма алғысымды білдіремін. Футболды маған сыйлаған әрбір сәті үшін сүйемін!», - деді Месси. Айта кету керек, FIFA тұжырымы бойынша «Алтын доп» жүлдесі үшін 3 үміткер бақ сынасқан еді. Олар – аргентиналық Лионель Месси, бразилиялық Неймар, сондай-ақ португалдық Криштиану Роналду. АҚШ әйелдер құрамасының бас бапкері Джилл Эллис жылдың үздік бапкері атанды. Ал ерлер құрамасының үздік бапкер марапатын «Барселона» клубының бас бапкері - Луис Энрике жеңіп алды. Уэнделл Лираның голы 2015 жылдың ең әдемі де үздік голы атанды. Ал жылдың үздік әйел футболшысы жүлдесі америкалық аяқдопшы Карли Ллойдқа бұйырды.

24.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста