Футбол: Ұлттық құраманың ертеңгі матчына байланысты қосымша автобустар шығарылады

Футбол: Ұлттық құраманың ертеңгі матчына байланысты қосымша автобустар шығарылады

26 наурызда «Астана-Арена» стадионында Қазақстан мен Данияның футбол құрамалары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін матчтан соң қосымша №10, 12, 26, 28, 37, 40, 51, 53, 60, 303 қалалық және қала маңы бағдарлары ұйымдастырылады.

Автобустар жанкүйерлерді матчтан кейін аялдамаларда күтеді. Матчтың басталуы – сағат 19:00. Жол ақысы – 90 теңге, төлем көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы іске асады. Жеңілдігі бар көлік карталары да жарамды», - деп жазылған «City Transportation Systems» ЖШС телеграм арнасында.

Еске салайық, ертең Астанада футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысы аясында Қазақстан - Дания матчы өтеді. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ойында сербиялық Новак Симович бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Никола Джорович пен Милош Симович көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де – сербиялық Лазар Лукич.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста