ЧЛ: «Астана» хорватиялық «Динамодан» ойсырай жеңілді

ЧЛ: «Астана» хорватиялық «Динамодан» ойсырай жеңілді

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында елордалық «Астана» сырт алаңда «Динамо Загреб» (Хорватия) командасымен кездесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Хорватиялық клуб - тәжірибелі ұжымдардың бірі. 1990 жылдан бері өз елінде 24 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Еурокубок ойындарына бірнеше мәрте қатысқан.

 

Сондықтан «Астана» үшін бұл кездесу оңайға соқпайтыны белгілі еді. Нәтижесінде олардың қатарынан Бруно Петкович 38-минутта есеп ашса, одан кейін Лука Иванушеец 41, 43, 56-минуттарда үш мәрте мергендік танытты.

 

Осылайша «Астана» қарсыласынан 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

 

Екі команда арасындағы қарымта кездесу 1 тамызға белгіленген.

 

Жеңімпаз ұжым үшінші іріктеу сатысында Грекияның АЕК командасымен шеберлік байқасады. Ойын 9 және 15 тамыз күндері болады.

 

Бірінші іріктеу сатысында елордалық клуб грузиялық «Динамо Тбилиси» командасын (2:1, 0:0) орта жолда қалдырды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста