Асқар Қожабергенов "Жетісу" клубына бас бапкер болып бекітілді

Асқар Қожабергенов "Жетісу" клубына бас бапкер болып бекітілді

Асқар Қожабергенов Талдықорғанның "Жетісу" клубына бас бапкер болып бекітілді, деп жазады "Алаш айнасы" осы клубтың әлеуметтік желідегі жеке парақшасындағы мәлімдемеге сүйене отырып.
Кеше "Жетісу" клубының кеңсесінде Асқар Қожабергеновтің бас бапкер болып бекітілгендігі жарияланған. Негізі, Асқар Сейдахметұлы биылғы маусымның аяғында, нақтырақ айтқанда қыркүйек айында Талдықорған клубына бас бапкер болып уақытша тағайындалған. Ол бұл қызметте ресейлік маман Омар Тетрадзені алмастырған болатын.
Асқар Сейдахметұлы уақыт тым аз болса да, жетісулықтарды жерге қаратқан жоқ. Сенім үдесінен шыға білді. Маусым соңында жағдайы тығырықа тірелген "Жетісу" премьер-лигадағы орнын сақтап қалып, басты мақсатына қол жеткізді.
Ал Асқар Қожабергеновтің уақытша бас бапкер болып тағайындалған мерзімі желтоқсан айында тамамдалған. Бірақ клуб және облыс басшылары білікті маманмен арадағы келісімді ұзартуға шешім қабылдапты. Алдағы маусымда "Жетісу" клубын Қожабергенов жаттықтырып, жүлделі орындарға сына қағуға тысысып көрмек.
Енді клуб басшылығы мен бапкерлер құрамында біраз өзгерістер жүзеге асуы мүмкін көрінеді. Мәселен, қазірдің өзінде қақпашыларды жаттықтыратын бапкер Сергей Чекмезовтың "Атырау" клубынан "Жетісуға" ауысатындығы мәлім болды.
Енді спортық директор Александр Никулин мен қауіпсіздік қызметінің басшысы Дәулет Иманқұловтың да ауыстырылулары мүмкін сияқты. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының соңында клуб директоры ауыстырылып, бұл қызметке Мұхит Тұрсынбаев бекітілген болатын. Яғни "Жетісу" басшыларының бәрін ауыстырып тынбақ...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста