Орта білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалау

Орта білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалау

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) 2012 жылы Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 ж.ж. арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес енгізілген болатын.

ОЖСБ оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау және білім беру қызметі сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі. ОЖСБ өткізу мерзімі және ОЖСБ-дан өтетін мектептер тізімі Білім және ғылым министрлігімен бекітіледі. ОЖСБ-ға орта мектептердің 9-сынып оқушылары қатысады.

ОЖСБ 4 пән бойынша тестілеу түрінде, арнайы бланкілер – жауап парақтарын қолдану арқылы да, компьютерлік технологияларды қолдану арқылы да өткізіледі. Тестілеуге 2 сағат (120 минут) уақыт беріледі. Компьютерлік тестілеуді өткізу кезінде, «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесінің талаптарына сәйкес әрбір пәннен кейін 10 минут үзіліс қарастырылады.

Тестілеу пәндері – қазақ тілі (міндетті түрде) және қалған 3 пән жыл сайын Білім және ғылым министрлігімен анықталады. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20. Тестілеу тапсырмалары оқу бағдарламаларының шеңберінде әзірленеді.

Тестілеу 9-сынып оқушылары білім алатын мектепте өткізіледі.

Тестілеу басталмас бұрын облыстық және Астана, Алматы қ. Білім және ғылым саласындағы бақылау департаменттері білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу форматы бойынша педагог және ата-аналар қауымы үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізеді.

Тестілеу процесін ОЖСБ өтетін әрбір мектепке жіберілген Министрлік өкілдері бақылайды. Министрлік өкілдері үшін ОЖСБ технологиясы бойынша Білім саласындағы бақылау департаменттерінде оқыту семинарлары өткізіледі. Тестілеу өткізілгеннен кейін емтихан материалдары (сұрақ-кітапшалары мен жауап парақтары) Ұлттық тестілеу орталығының филиалдарына өңдеу үшін жеткізіледі. Филиалда жауап парақтары нәтижелерді алу үшін сканерден өткізіледі.

Ұлттық тестілеу орталығы

testcenter.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста