Елімізде ҰБТ өткізу тәртібі тағы да өзгеріске ұшырайтын болды

Елімізде ҰБТ өткізу тәртібі тағы да өзгеріске ұшырайтын болды

 Елімізде емтихан тапсыру тек жазда емес, жылына бірнеше рет ұйымдастырылмақ. Яғни оқуға түсетін түлек өзіне сенімді болса, сынақтан ертерек өтуге мүмкіндік алады.

Бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Такир Балықбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір жоба әзірлену үстінде. Келер жылы оны қолданысқа енгізіп, сыннан өткізу жоспарда бар. Айта кетейік, мұндай тәжірибе Ресейдің білім жүйесінде бұрыннан бар.

Тіпті соңғы жылдары көршілес елдің жоғарғы оқу орындары Қазақстанға келуін жиілеткен. Өйткені олар емтихан алуды қыс мезгілінен бастайды. Сәйкесінше, теріскейге жол тартқан қазақ студенттері көбеюде.

“Біз осы жоба арқылы жастардың өзге елге кетуіне тосқауыл қойғымыз келеді. Сондықтан Ұлттық бірыңғай тестілеудің тәртібіне осындай өзгерістер енгізудеміз. Бұл ретте Ресейдің, Американың тәжірибесіне сүйендік. Жоба жемісін берсе, ҰБТ бір реттік науқан емес, түлектердің талап-тілегіне қарай өткізіледі”, – дейді Білім және ғылым министрінің орынбасары Такир Балықбаев.

nur.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста