Білім грантынан үмітті колледж түлектері ҰБТ-ны қалай тапсырады

Білім грантынан үмітті колледж түлектері ҰБТ-ны қалай тапсырады

Ұлттық тестілеу орталығы колледж түлектеріне ескерту жасады. 2019 жылдан бастап барлық колледж түлегі ҰБТ тапсырады, қазір КТА деген жоқ. Колледж түлегі де ҰБТ-ны жылына 4 мәрте тапсыра алады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Ол ҰБТ уақыты: наурыз, мамыр-маусым (негізгі ҰБТ деп аталып, қатысуға 2 мүмкіндік беріледі) және тамыз айлары.

 

Бүгін testcenter.kz сайтында негізгі ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне өтініш беру басталды.

 

Ол 6 мамырға дейін жалғасады.

 

Ал 7 мамыр екінші мүмкіндікке өтініш қабылдана бастайды да, 14 мамыр аяқталады.

 

Егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, басқа мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік) бойынша ҰБТ тапсырасыз.

 

Ол үшін тіркелу сайтында «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» тетігін баса отырып ҰБТ-ға өтініш бересіз.

 

- Сіздерге тест тапсырмалар саны – 120;

 

- Жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут);

 

- Жоғары балл саны – 140.

 

Егер сіз колледждегі мамандығыңызды жалғастырып, грант негізінде ЖОО-ға қысқартылған оқыту мерзімін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, өтініш беру бөлімінде «Қысқартылған оқуға түсетін колледж бітірушілері» санатын көрсетесіз.

 

ҰБТ-ны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырасыз.

 

- Тестілеудің тест тапсырмалар саны — 60;

 

- Жалпы уақыты — 2 сағат (120 минут);

 

- Жоғары балл саны — 70;

 

- Шекті деңгей балы — 25, «Педагогикалық ғылымдар» білім саласы бойынша – 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс.

 

Егер сіз колледжді шығармашылық дайындықты талап ететін мамандық бойынша бітіріп, ары қарай осы мамандық бойынша грант конкурсына қатысқыңыз келсе, онда ҰБТ-ны арнайы пәннен тапсырасыз. Шығармашылық емтихан ЖОО-да өтеді.

 

Тестілеудің жалпы уақыты — 1 сағат 20 минут (80 минут).

 

Егер сіз колледждегі мамандығыңыз бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қысқартылған оқыту мерзімін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, ҰБТ тапсырмайсыз.

 

Құжаттарыңызды ЖОО қабылдау комиссиясына өткізесіз.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста