Астана – әлем елдерінің астанасы

Астана – әлем елдерінің астанасы

Әлемде атына заты сай көрікті де көркем жас Астананың келбетіне тамсанбайтын халық кемде-кем. Өйткені елдің бас қаласы болғандықтан, оған көңіл де ерекше бөлінеді. Бас қаланың басқалардан озық болуы елдің бақуатын да әйгілеп тұратыны тағы бар. Сондықтан дүниежүзінің қай елін алсақ та, мемлекеттің басты қаласына баса назар аударады. Кез келген мемлекет орталығына келген азамат астанасын көріп-ақ, оның айбынын, мәдениеті мен өркениетін, даму деңгейін анықтай алады. Яғни мемлекет астанасы – елдің айнасы.
Әлемнің қай бұрышына болсын, саяхат­тап барған адамға ол мемлекет туралы мәлімет артықтық етпейтіні сөзсіз. Оның ішінде сол елдің тарихы мен дәстүрі туралы білу аса қажет. Бұл орайда өзге елге сапар шеккен кез келген азамат көп жағдайда сол елдің астанасына соқпай кетпейтінін атап өткен жөн. Сондықтан ең алдымен елдің бас қаласы жөнінде хабардар болу аса маңызды.
Ал қаламен танысу оның атауымен таны­судан басталады. Ол сөздердің мән-мағы­насы сол қаланың арғы-бергі тари­хы­нан, дәстүр-салтынан сыр шертеді. Бұл орайда атаулары астана сөзімен мағыналас астанасы бар елдер жайлы білетіндер кемде-кем. Бүгінгі тақырыбымызда Қазақ елі сияқты елордасын астана деп атаған мемлекеттер жайлы баян етпекпіз.
Тарихтың сонау қатпарларында мем­ле­кет астаналарының осы атауға қалай ие болғаны жайлы мәліметтер там-тұмдап кездеседі. Соның ішінде бірқатар елдердің қалай астана атанғаны жайлы құнды мәліметтер де бар.
Күншығыс елі атанып, бүгінде дүние­жү­зін аса ірі экономикалық жетістіктерімен таңдандырған Жапонияның астанасы – Токио екені белгілі. Қала атауының түпкі аудармасы «шығыс астана» деген мағына береді. Қаланың қазіргі атауы тек 1896 жылы ғана қойылған. Ал бұған дейін бұл қала Эдо деп аталып келіпті. Ал Жапо­ния­ның ежелгі астанасы Киото қаласы осыдан 1200 жыл бұрын елдің орталығы бол­са керек. Сәулеті мен дәулеті келіскен қалаға астана атауының берілуі де – заң­ды­лық. Қаланың ежелгі атауы – Хэйан­кионы қазақшаға аударғанда «әлем аста­на­сы» деген мағына береді екен.
Корея елінің астанасы Сеул қала­сының да мағынасы «Соуль Астана» деген сөзінен шығыпты. Бүгінде халқының саны 10 миллионнан асқан қаланың шын мәнін­де астана бола алғандығы шындық.
Миллиардтар елі – Қытайдың астанасы Бейжің қаласы да осы қатарда. Тарихи деректерге сәйкес, солтүстік қытайлардың тілінде пиньинь атауының нақты мағынасы  «солтүстік астана» сөзінен шыққан. Шығыс Азия елдеріндегі бұл ұқсас жайт басқа да Азия елдерінен кездеседі. Мәсе­лен, Қытайдың Нанкин қаласы – «Оңтүстік астана», Вьетнам елінің астанасы Ханой (бұрын – Донгкинь) қаласы Токио сияқты «Шығыс Астана» мағынасын береді.
Ал Жапонияның Киото қаласы мен Сеул қаласының бұрынғы атауы Кёнсон да астана мағынасына ие.
Бір қызығы, аталған елдердің бәрі Азия құрлығында орналасқан. Солардың ізін ала Қазақстанның да бас қаласына Аста­на атауының берілуі тарихи дәстүрдің жалғасы деуге де болады. Сондықтан Тәуел­сіздігін жақында алып, дамудың жаңа дәуіріне жол тартқан Қазақстанның бас қаласының Астана атануы да тегін емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста