Таулы Қарабақ мәселесі қарулы қақтығысқа ұласпауы керек

Таулы Қарабақ мәселесі қарулы қақтығысқа ұласпауы керек

Аққу, шортан һәм шаян... Дәл осы үшеуінің тірлігі Таулы Қарабақ «ауылынан» алыстамай тұр. Әзірбайжан Таулы Қарабақты өзіне қайтарғысы келеді, ал Арменияның иліккісі жоқ. Астанада өтіп жатқан саммитте де екі қошқар әдеттегі тоң-теріс мінезден арыла алмады.

 

«Реттелмеген» немесе «күрмеуі шешіл­меген шиеленістер» деген терминдерді қол­­данудың өзі жағдайды ушықтырып, шиеленісті күдер үзілген қақтығыстардың санатына түсіріп жібереді. Мұндай жағ­дайға жол бермеуіміз керек», – деді емес пе кеше Еуропалық одақтың президенті Херман Ван Ромпей. Солай-ақ дейік... Бірақ істің оңалуына екі жақтың ақ ниеті болмаса, одан не қайыр?! Екеуі де бір-біріне сыртын беріп жатып алды емес пе?! Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев: «Армения келіссөздер барысында қандай ымыраға келеді дейсіз, сол баяғы окку­пациялап алған территориясын қайтар­маймын дегенінен қайтпайды. Сол баяғы статус-квосында қала бермек. Осылайша, ЕҚЫҰ-ның Минск тобының ымыраластыру әрекетін мәні жоқ процеске айналдырады. Келіссөздердің жүріп жатқанына, міне, 20 жыл болды, бірақ ешқандай нәтиже жоқ», – деп үмітсіздіктің апанын қазып қояды.
Жұртымның атамекені, менің де жерім деп кеудемсоқтаған Армения Президенті Серж Саргсян: «Әзірбайжан әскери бас­қын­­шылыққа жол берген жағдайда Ар­менияда Таулы Қарабақтың тәуел­сіздігін, заңдық мәртебесін мойындаудан, сондай-ақ Арцах халқының қауіпсіздігін қам­та­масыз ету мақсатында мүмкіндіктерін кү­шейтуден басқа амал қалмайды. Әзір­байжан Таулы Қарабақ шиеленісінің ше­шілуіне қызығушылық танытып, алаң­дап отырған жоқ. Олардың жалғыз ғана мақ­саты – Арменияға үлкен шығын әкелу», – деп «бар гәп менде емес» дегендей сыр­ғақ­сиды.
Бірақ қанша жерден бір-біріне қоқан-лоқы көрсеткенімен, екі жақ та бұл мәселе бейбіт жолмен шешілуі қажеттігін мойын­дайды. Сондықтан мұндай түйіні тереңде жатқан түйткілдерге қатысты түбегейлі ке­сім айтылып, тығырықтың тура жолы көр­сетілмесе де, бұл проблема бейбіт шешілуі тиістігіне текетірескен тараптардың илі­гуінің өзі Астана саммитінің мәнін көрсетсе керек.
Илхам ӘЛИЕВ, Әзірбайжан Президенті:
– Сіздердің назарларыңызды біздің аймақтағы қауіпсіздік мәселелеріне ау­дарт­қым келеді. Армения мен Әзірбайжан арасындағы әскери жанжал халықаралық және аймақтық бейбітшілік пен тұрақ­тылыққа үлкен қауіп төндіріп отыр. Арме­нияның әзірбайжандарға қарсы этникалық тазалау саясатының нәтижесінде Әзірбай­жан территориясының 20 пайызы ок­купацияланды және бір миллион әзір­бай­жандық тұрғын өз жерінде өгей саналып, босқындыққа душар болды. Армения Тау­лы Қарабақты ғана емес, Әзірбай­жанның басқа жеті ауданын окку­пациялап алуды жалғастырып келеді. Армения біздің қалаларымыз бен ауыл­дарымызды, біздің үйіміз бен бабаларымыз жерленген қасиетті мекендерімізді, мешіт­терімізді қиратты.
Таулы Қарабақ – халықаралық деңгей­де мойындалған Әзірбайжанның тарихи бөлігі. Әзірбайжан әрқашан да бейбіт келісімдерге ынталы және оның жемісті боларынан үміттенеді. Жанжалдарды ше­шу тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрт қара­ры, ЕҚЫҰ шешімдері, Еуропалық парла­мент­тің қарарлары, Еуропа кеңесі және өзге де халықаралық ұйымдардың халық­аралық құқық бойынша нормаларына негізделуі керек. Дегенмен жанжалдарды жедел шешу мәселесінде эскалацияға (қару­лануды күшейту) жол береді. Өртті тоқтату режимін бұзып, жаулап алған жерлерде әскери оқу-жаттығулар өткізеді және ба­сып алынған жер-су, мекендердің тарихи атауларын өзгертуге тырысуда. Армения өз халқын заңсыз көшіріп әкеліп, ахуалды оңалмастай ушықтырып барады. Осындай жағдайда бейбіт процестің болуы ақылға сыйымсыз. Арменияның заңсыз іс-әре­кеттері 2005 жылы өткізілген ЕҚЫҰ миссия­сының баяндамасында атап көрсетілген болатын. Армения бейбітшілікті қаламайды, басып алған жерлерді босатқысы да келмейді. Керісінше, бұ­рыннан бергі статус-квоны сақтауға ты­рысып бағады. Бұл келіссөздер процесін баян­сыз етеді. 1992 жылы құрылған ЕҚЫҰ-ның Минск тобы 20 жылдан бері келіссөздер жүргізіп келе жатқанымен, әзірге нәтиже жоқ. Дегенмен Әзірбайжан Минск тобына тең төраға мемлекеттердің соңғы алты жыл бедерінде Париж процесі бойынша әзірлеген ұсыныстарын баға­лайды. Біз халықаралық құқықтық нор­ма­лар мен қағидаларға сәйкес, Әзір­бай­жанның территориялық тұтастығы шең­берінде келіссөздерді жалғастыруға және осы төңіректегі түйткілдерді тезірек шешуге дайынбыз.
Серж САРГСЯН, Армения Президенті:
– ЕҚЫҰ кеңістігіне қоныстанған ха­лықтар Хельсинки қорытынды актісінде бекітілген қағидалардың кешенді енгізілу барысын жіті қарап отыр. Олар бұған үміт­пен қарайды. Таулы Қарабақ халқы да – солардың бірі... Таулы Қарабақ тәуел­сіздігін 1991 жылы қыркүйекте жариялады. Сол жылдың желтоқсанында тәуелсіздік туралы референдум халықаралық құқыққа және сол кезде қолданыста болған кеңестік заңнамаларға сай өтті. Кеңес Одағының құлауымен өзара мәртебесі бірдей екі құры­лым – Армения мен Таулы Қарабақ республикалары құрылды. 1992 жылы Әзірбайжан тарапы жүргізген этника­лық тазалау мен ауқымды әскери басқын­шылық саясатына жауап ретінде легитимді мойындалмаған Қарабақ өз халқын қорғауға мәжбүр болды. Онысы халықара­лық құқық нормаларына толық сай еді. Бірақ олар (Әзірбайжан Республи­касын айтады. – «Алаш айнасы») Таулы Қара­бақты әскери жорықтың көмегімен армян­дардан тазалай алмағандықтан, Әзірбай­жанға 1994 жылдың мамырында Таулы Қарабақ және Армениямен арадағы атысты тоқтату туралы үшжақты келісім жасауға тура келді. Сол атысты тоқтату, сол бітім өңірді қоныстанған халықтардың мүддесі үшін орнықты бейбітшіліктің бастауына қызмет етер еді. Алайда кейінгі 16 жыл Әзірбайжан тарапынан келіссөз­дердің қалқасында, Минск тобына қайшы­лықта жаңа әскери басқыншылыққа дайын­дыққа пайда­ланылды. Сірә, Баку Таулы Қарабақ қақ­тығысының шығу се­бептері ұмытылды деп санайтын сияқты. Өзін-өзі анықтаған Қарабақ әскерінің бақылауындағы территорияны қайтару қажеттігін бүгін еске сала отырып, бас­қыншылықтың салдарын жою оның шығу себебін қарастырмай тұрып мүмкін еместігін Әзір­байжан мойындамайды.
Менің білуімше, Әзірбайжан – Еуропа­лық кеңесте өзінің әскери бюджетін айтар­лықтай ұлғайтқанын мақтанышпен мәлім­деп отырған жалғыз ел. Сөйте тұра, Әзір­бай­жанның Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартта көрсетілген техника және қару-жарақтар бойынша ең жоғарғы шектен асу деректеріне қатысты ешқандай шара қолданылмай отыр. Оған қоса Әзірбайжан мұндай материалдарды сатып та жүр. Осының бәрі әзірбайжандық ли­дерлердің төзімсіздікке, басқын­шылыққа шақырған антиармяндық мәлім­деме­лері­мен жалғасуда. Тіпті әзірбайжан­дық ресми басшылар «Армения астанасы Ереван әзірбайжандық тарихи жерге орналасқан» деп айтудың мүмкіндігін еш жібермейтін халге жетті. Таяуда ЮНЕСКО «хачкар (тасқа бәдіздеп ою салу) әзірбай­жандық өнердің мысалы деп танылуы қажеттігін» мәлімдеді. Олай болса, бес жыл бұрын ғана Арме­нияның оңтүстігіндегі орта­ғасырлық ес­керткіш – мыңдаған тас ай­құш-ұйқыштары бар армян бейіттерін варварша қиратып, орнына әскери полигон салуын қалай түсінуге болады?
Осылайша, бұл әрекет армянның мәде­ни мұрасын әдейілеп жою саясатының бүгінгі көрінісі болды.
Әзірбайжанның Таулы Қарабақ шие­ленісін шешуге қызықпайтынын біз өткен аптада тағы да көрдік. Жалғыз мақсат – Арменияға мейлінше залал келтіру. Ар­мения Таулы Қарабақ мәселесін шешуде ықтимал жол ретінде әскери әрекеттерге қайта оралу шешімін қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартады. Әзірбайжан әскери іс-қимылға бара қалған жағдайда Ар­менияға Таулы Қарабақ республикасы­ның заңнамалық мәртебесін мойындаудан және Арцах халқының қауіпсіздігін нығайту мақсатымен оның мүмкіндіктерін күшей­туден басқа амал қалмайды.
Қандай шешім болса да, ол Таулы Қарабақ халқының еркіне сүйенуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста