Бүгінде елімізде өтіп жатқан халықаралық көрменің тақырыбы әлем елдері ғалымдарының жоғары бағасына ие болып отыр. Көрме тақырыбының маңыздылығы да көрменің біздің елімізде өтуіне мұрындық болғаны белгілі. Себебі қазір энергиясыз тіршілік жоқ. Бүгінгі ғылыми өрлеу мен техникалық шарықтау осыны дәлелдеп отыр. Сол сияқты энергетика өнеркәсіптің өрлеуіне ғана емес, барлық салалардың өсіру мен ілгерлеуіне революциялық күш-қуаттай ықпал етеді.
Сол сияқты әлемнің көмірсутегі қоры азайып келеді, енді бір 40-50 жыл өткенде олар түгесіледі деген әңгіме қазір ғалымдарды сан-тарау ойға жетелеуде. Өйткені соңғы жылдары дүние жүзі халықтары энергияны тым мол пайдалануда. Жалпы қоғамның дамуымен ғылыми –техникалық прогресстің тек қана осы энергия көздерін пайдалану арқылы іске асырылатыны кімге болса да белгілі. Энергетика саласы әр елдің стратегиялық маңызды салаларының бірі болып саналады. Оны өндіру, жеткізу және үнемдеуде алға шыққан ел дамыған елдердің қатарында тұрады. Энергия тапшылығы балама энергия көздерінің де дамуына алып келді. Бірақ балама энергия көздері дәстүрлі энергия көздерін толық алмастыра алмайды. Энергетикалық қорларға бай ел басқа елдер үшін нысанаға айналды. Мұнай және газ үшін елдердің арасындағы қарым-қатынастар шиеленіске түсуде. Энергияның сарқылатын ресурстардан алынатын түрі бір күні бітетіні белгілі. Сондықтан әлемде балама энергия көздерін дамыту, энергияны тиімді пайдалану, оны пайдалануды басқару өзекті мәселеге айналып отыр.
Баламалы энергетика — энергияны дәстүрлі қазба көздерінен яғни көмір, мұнай, және газдан емес, күннен, геотермиялық көздерден әрқалай температураны және т.б. пайдалану арқылы алу. Оған энергияның аралас көздері де енеді. Дәстүрлі энергетикаға қарағанда, баламалы энергетика көздерінің бір бөлігіне экологиялық сыйысу тән.
Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Бүгінгі күні осыны пайдалану көзін табу басты мәселе болып отыр.
on.kz
Халықаралық көрме тақырыбы көптің көңілінен шыққан тақырып!
Читайте также
"Экономика сабақтарының" тоғызыншы видеодәрісі
Германия электр қуатымен, сумен жүретін жарыс көліктерін өндіруге мүдделі
«Жасыл» экономикаға көшу экономикалық дамуға жол ашады
«Жасыл экономика»: Баламалы энергия көзін қоқыстан да алуға болады
Жасыл экономиканың болашағы жарқын
Баламалы энергия көздері - барша елдің мақсаты!
Последние статьи автора