Баламалы энергия көздері - барша елдің мақсаты!

Баламалы энергия көздері - барша елдің мақсаты!

Ғалымдардың болжауынша, қазіргі таңда кеңінен қолданылатын негізгі энергия көздері, атап айтқанда мұнай-газ, көмір қоры шамамен 40 ары кетсе 100 жылдан кейін сарқылуы мүмкін. Оның ішінде, мұнай қоры – 40-50 жылдан кейін, газ – 80 жылдан кейін мүлдем таусылуы мүмкін екені айтылады. Өкінішке қарай, бү¬гінде өндірілетін энергияның 85 пайызы осындай органикалық отын түрлерінен алынады екен. Сондықтан бүгіннен бастап, "жасыл" экономикаға көңіл бөліп, баламалы энергия көздерін іздеудің қажеттілігі туындап отыр.
Атап айта кетерлік жайт, ең алғаш "жасыл" экономикаға бетбұрыс Елбасы тарапынан айтылды. 2015 жылы БҰҰ-ның отырысында климаттың өзгеруіне байланысты Париж конвенциясында осы мәселе көтеріліп, нақты шешімдер қабылданған еді. Әлемнің 170-тен астам елі мақұлдаған құжат – адамзаттың Жерді болашақ ұрпақ үшін қазіргі күйінде сақтап қалуға жасалған үлкен қадамы болмақ.Бұл тарихи құжатқа сәйкес, дүниежүзінің 196 мемлекеті 2100 жылға дейін Жер температурасын цельсий бағамы бойынша 2 градустан асырмай ұстап тұруы керек. Осы бағытта жасалған алғашқы қадам, "жасыл" энергияны дамыту болатын.
Жалпы елімізде баламалы энергия көздерін өндіру бағытында зерттеулер де, алқалы басқосулар да жүргізіліп жатыр. Мамандар алдағы 20-30 жылда Қазақстанда жаһандық климаттың өзгерісі қатты сезілетіндігін болжайды. Сондықтан Елбасымыз да бұл мәселені жаһандық деңгейде көтеріп, тіпті елдің болашақ дамуын жасыл экономикамен байланыстырып, қалпына келетін баламалы энергия көздерін дамытуға үндеп келеді. Бұл арада энергетикалық үнемділік мәселесі, әсіресе, дамушы елдерге салмақ болмақ. Себебі, бүгінде ауаны ластайтын, экологияға көп залал келтіретін мұнай-газ бен көмір жағу арқылы энергия өндіріп отыр-ған елдердің дені – дамушы мемлекеттер. Бірақ экология алдындағы жауапкершілікті дамыған мемлекеттердің мойнынан алып тастауға тағы болмайды. Дамыған елдердің индустриялық даму жолында экологиялық талаптарды ескермей, Жердің ластануы мен ысуына қаншалықты кері әсер еткені тарихтан белгілі. Бүгінгі таңда көмірқышқыл газын көп шығаратын Қытай, Үндістан, т.б. алпауыт елдердің экологиялық таза энергия көздеріне көшуі маңызды болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда "жасыл" экономика, баламалы энергия көздерін дамыту тақырыбымен үндесіп өтіп жатқан жаһандық EXPO – 2017 көрмесі де бұл саланың дамуына жаңа көзқарас пен леп әкеледі деген сеніміміз мол. Осы орайда көрмеге келген талай ел " EXPO – 2017 " көрмесінің "жасыл" экономикаға арналып отырғанына риза. Тек алдағы уақытта осы халықаралық көрмеден жиған терген біліміміз мен біліктілігімізді дұрыс бағытта қолданып, "жасыл" экономикаға бет бұра білсек, ЭКСПО-2017 көрмесінің еңбекті ақтағаны болар еді.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста