"Күніне 4 миллион теңге таптық": Тұрсынғали Алагөзов бизнеске қалай келгенін айтты

"Күніне 4 миллион теңге таптық": Тұрсынғали Алагөзов бизнеске қалай келгенін айтты

Танымал продюсер Баян Алагөзованың күйеуі, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында саудаға, бизнеске қалай келгенін баяндап берді, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Менің әкем де, атам да Қарулы күштерде борышын өтеген. Мен 18 жасымда “қанша ауыр, қиын әрі қорқынышты болса да, әскери борышымды өтеуім керек” деп шештім. Сөйтіп әкем әскерде жүріп қытай тілін үйренуге мүмкіндік барын айтты. Ресейдің Хабаровск қаласында 1Жедел барлау әскері1 деп аталатын Қарулы күштер болды. Солай біз әрі курсант, әрі қытай тілін үйреніп жүрген студент болдық. Мұғалімдермен күніне 10 сағаттан дайындалатынбыз”, – дейді кәсіпкер. 

Қытай тілін үйреніп Алматыға оралған Тұрсынғали үйренгенін ұмытып қалмас үшін күнделікті тәжірибе керегін түсінген.

“Алматыға оралдым. Кіммен қытайша сөйлесерімді білмедім. 1990 жылдар, қытай тілін ешкім білмейді. Сөйтіп көк базарға барып сәбіз, қырыққабат сатып тұрған дүнгендермен сөйлесе бастадым. Көкөністерін сатып аламын, арасында сөзге тартамын. Уақыт өте базардағы адамдардың білімі аздық ете бастады. Мен ғылым академиясына барып Синьцзян қаласынан келіп білім ордасында жұмыс істейтін Сю есімді мұғаліммен таныстым. Қытайлықтар саудамен айналысқанды жақсы көреді. Ол Қытайдан өзімен бірге шаш қыстырғыш, сақина сияқты ұсақ-түйек заттар алып келген көрінеді. Сөйтіп бір қап заттарды берді де, “сат” деді.  Мен тауарды алып көк базарда бәрін сатып жібердім. Оған тауардан түскен ақшасына апарып бердім. Осылайша сауданы кішкентай дүниеден бастадым. Сауда жасап қытай тілінде сөйлестік. Кейін ол мені қытайлық кәсіпкерлермен таныстырды. Олар мен арқылы цемент, темір алғысы келетінін айтты. Сөйтіп Қазақстаннан Қытайға цемент, терілері жіберілсе, қытайлықтар бізге арақ-шарап, сыра жіберді”, – деп жалғастырды Тұрсынғали.

Бағдарлама жүргізушісінің: “Арақ-шарап, алкогольдік заттар шығару ойыңызда болды ма?” деген сауалына ол: “Мен өзім үшін қоғамға еш пайдасы тимейтін ойынхана, алкогольдік заттар, темекі секілді заттарды шығармаймын және сатпаймын деп шешіп қойғанмын. Әрине, одан түскен пайданың көптігін білген соң ойымда жүрді. 1996-1997 жылдары өз бизнесімді ашу керектігін түсініп, 19 литрлік бөтелкелер шығарумен айналыстық. Одан сусындар шығардық”, – деді кәсіпкер.

Сондай-ақ, ол сусындарға сұраныстың жоғары болғаны айтты.

“2003 жылы біз күніне 4 миллион теңге табатынбыз. Жаңа жабдықтар алдық, қытайлық мамандарды шақыртып олар бізді үйретті, бөтелкені, оның қақпағын өзіміз жасадық. Сәтсіздіктер болды, бірақ біз тоқтап қалған жоқпыз. Менің негізгі мамандығып инженер-механик болғандықтан өндіріспен айналысқан ұнайтын, қатты қызығатынмын”, – дейді Тұрсынғали. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста