Әжімұқан Жамалов, техника ғылымдарының докторы, профессор: "Қазақстанда күн, жел, су энергияларын пайдалануды жетілдіру керек"

«Үкіметіміз Қазақстанда баламалы жаңартылатын энергетиканы дамытудың 2020 жылға дейінгі жоспарын бекіткені белгілі. «Қазақстанда 2050 жылға дейін барлық энергия тұтынудың 50 пайызын энер­гияның баламалы және жаңғыртылатын түрлерінен алу жоспарлануда.

Еліміз баламалы энергия көздерін дамытудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы ЭКСПО – 2017 қуатты серпіліс береді. «Жасыл экономика» – ең алдымен, инновация, атқарылатын іс-әрекеттеріміз соған негізделетін болады. Егер қол­данысқа шығатын баламалы энергия экологиялық тұрғыдан тұрғындардың сұранысын қанағаттандыратын болса, онда жаңа технология да дамитын болады. Энергия тұтыну – адамзат тіршілігінің міндетті шарты. Әлемдегі қазіргі таңда өндірістердің көбеюіне және жер бетінде адамдардың санының артуына байла­нысты энергияға деген сұраныс артты, осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін баламалы энергияны өндіру – қазіргі заманның талабы. Еліміздің қай аймағын алып қарасаңыз да, аңырап тұрған жел, тек пайдаға асырсақ, қанекей... Күн сәулесінің энергиясын да қалағанымызша алуға болады, әсіресе республикамыздың оңтүс­тігінен. Бұған қоса түкпір-түкпірдегі толып жатқан жер астындағы ыстық су көздерін неге пайдаланбасқа? Айта берсек, баламалы энергия көзі аз емес. Біздің ойымызша, Қазақстанда баламалы энер­гия жолдарын қолданудың жолдарын көптеп іздестіру керек. Себебі қазіргі кез­дегі энергия өндіру жолдары өз зардапта­рын климатқа, экологияның нашар­лануына, бүкіләлемдік климаттың жы­­лы­­нуы­на, озон қабығының бұзылуына және т.б зардаптарын тигізуде. Сол себепті Қазақстанда күн, жел, су энергияларын пайдалануды жетілдіру керек. 

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста