2,5 проценттік кредит қай кезде беріле бастайды

2,5 проценттік кредит қай кезде беріле бастайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов жастарға арналған 2,5 проценттік кредит келесі айда беріле бастайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бүгінде министрлік кредит беру ережелерін әзірлеген. Әділет министрлігінен тіркеуден өткен.
 
"Біздің тарапымыздан барлық шешім қабылданды. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдармен осы механизм бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осы айда жергілікті атқарушы органдар мен қаржы министрлігі кредит келісіміне қол қойса, келесі айда бастаймыз", - деді Сарбасов сенатта өткен брифингте.
 
Айта кетері, осы бастаманы іске асыруға бюджеттен 28 миллиард теңге бөлінді. Микрокредит кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтарға конкурстық негізде беріледі.
Жеңілдетілген кредиттің шарттары:

  • номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%;
  • қарыздың ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге (ол үшін кепілдік қою керек);
  • мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы саласы болса, 7 жыл.


Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі қарастырылған. Ол кредит берілген мерзімнің үштен бірінен аспауы шарт. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кредит өтеусіз беріледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста