Жылыжай саласының жағдайы қалай?

Қазір Қазақстанда көкөніс өнімі өндірісінің көлемі былай қарағанда жеткілікті көрінгенмен, іс жүзінде отандық жеміс-жидекке жарымай отырғанымыз өтірік емес. Иә, бұған бір жағынан біздің климаттық жағдай да әсер етеді. Қазақстандық көкөніс, жеміс-жидек өнімдері сауда сөрелеріне негізінен жаздың ортасынан ауа шыға бастайды. Ал бұған дейінгі уақытта біз Өзбекстан мен Қытайдың өніміне тәуелдіміз. Бәлкім, бұл тығырықтан шығу үшін, жылыжай құрылысына жете мән беру керек шығар? Қалай ойлайсыздар?
Осы мақсатта біз Талғар қаласы, Жаңалық елді-мекеніне ат басын бұрдық. Осында орналасқан жылыжай шаруашылығымен танысып қайттық. Бұл арадағы мақсатымыз – жылыжайды жарнамалау емес, керісінше осы арқылы оның пайдасын халыққа, оқырманға таныстыру, көрсету. Аумағы ат шаптырым (720 шаршы метр) жылыжайдың иесі Тасболат аға Атабайдың айтуынша осы істі ашуға мемлекеттен 4 млн. теңге несие алыпты. Бүгінгі күні осы арқылы істің көзін тауып отыр. Ендеше, Елбасы айтқандай «еңбектенген адамға Қазақстанда қолайлы кәсіп табылады».
Жылыжай демекші…
Әзіргі күні әлемде жылыжай кешенінің нешеме түрі бар. Бұл тарапта Голландия, Қытай және Израиль секілді елдерде жаңа технологиямен жасалған жылыжай кешендерінің құны 1,5-2 млн. еуроға дейін барады екен. Неге дейсіз ғой? Өйткені, олардың құрылымында қуатты өте көп тұтынатын қосымша жарықтандыру, жылыту сықылды айрықша жүйелер бар. Мамандар пікірінше: «мұндай кешенде 1 гектар жерді қамтамасыз ету үшін шамамен 1МВт электр қуаты мен 10 мың Гкал жылу қажет» екен. Шыны керек, мұндай кешендерді біздің елдің қалтасы көтере қоюы неғайбыл. Әрі оның қаншалықты табысты боларын да нақты білмейміз. Ал, әзір Қазақстанда шағын жылыжайлар қанат жайып келеді… «Мен осының барлығын назарға алдым. Екі жылыжайдың әрбіріне 1 млн. теңгеге жетер-жетпес қаржы жұмсап, қарапайым қылып салдым. Қалай дейсіз ғой? Кәдімгі пешке ағаш пен көмір жағамын, осылайша құбыр арқылы жылыжайдың ауасын бір қалыпты деңгейде ұстап отырамын» дейді Тасболат Атабай.
Айта кетелік, біз ат басын бұрған жылыжай кешені «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорының» тарапынан көмек алған.
Сауда қалай жүрді?
«Басында, жылыжайға өзіміздің қиярдың тұқымын, қытайдан келіп жатқан қиярды және нидерландтық қысқа «корнейшон» деп аталатын тұқымды ектім. Алайда, базарларда қытай мен біздің қазақстандық қияр онша өтпейді екен. Алматының Шолохов көшесінде орналасқан базарға апарып өткізбек едім, делдалдар келісін 50 теңгеге бағалап әбден әуреге салды. Тіпті болмағасын, жолдың бойына шығып саттым. Онда да бір келісі 80-90 теңгеден әріге аспады. Жалпы, алматылықтар, оның ішінде нақты қаланың халқы сырттан тасымалданатын «компанист» дейтін қиярдың тұқымын жақсы алады» дейді бұл ретте бағбан.
Жылыжай тиімділігі неде?
«Оны мен айтпай-ақ білетін шығарсыздар» деді бізге Тасболат аға. Айтуынша, қолыңда жылыжайың болса, жалпы бұл кәсіппен біржолата айналысуға ден қойсаң жылына бірнеше мәрте түсім алуға болады. Айталық, бағбан қиярды сәуірдің 10-13 аралығында ексе, айналасы бір айдың ішінде, шамамен мамырдың 14-15 қарай сатуға шығара бастайды екен. Ал біздің «елімізге көкөніс дақылдарының тұқымы қайдан келеді?» деген сауалымызға бағбан «негізінен, Франция және Нидерланд, сонымен бірге көршіміз Ресейден тасымалданады» деді.
Міне, қызық!
Айтпақшы, әлгі жылыжайдың бір жақ бүйіріне раушан гүлдері егілген екен. Бұл тегін емес. Өйткені, әзіргі күні нарықта гүлдің пайдасы көкөніс өндірісіне қарағанда 30-40 пайызға жоғары. Біз мынаны білдік: 1 ғана раушан гүлдің түбін жылына шамамен 6-7 рет кесесіз. Дәл осы 1 түптен 3-4 гүл шығады екен. Ендеше, бір ғана түптен 40 гүлде дейінгі алуға болады деген сөз. Енді санап көрелік, раушан гүлінің бір данасы қазіргі таңда 150 теңгеге бағаланады десек, ендеше 40 гүлдің құны аз да емес, көп те емес 6 мың теңгені құрайды екен.
«Міне, пайда қайда? Көрдіңіз бе? Бір шаршы метрге 3-4 түп егемін…Гүлдің саудасы қызатын мезгіл 8 наурыз бен әзір жастар тойлайтын «әулие Валентин» күні. Оған мен алдын-ала дайындаламын» дейді бағбан әңгіме арасында.
Алайда…
Иә, оқырман қауым біздің жазғанымызға қарап мұның бәрі оңай екен деп ойлап қалмаңыз. Біз көргендей, кешеннің орналасқан жері сор батпақ, сазды жер екен. Ал толарсақтан саз кеше жүре, мұндай кешен салу екінің бірінің қолынан келмесі аян. Біздің білуімізше, шетелде оның ішінде біз айтқан Голландияда кәсіпкер жылыжай салғысы келсе, мемлекет ең алдымен сол жерге коммуникациялық тораптарды жүргізіп беретінге ұқсайды. Бізде әзірге мұндай жоқ. Ал бағбан Тасболат Атабайдың отбасы осы іске ынта-шынтасымен кірісіпті. Көзіміз көргендей, олар жылыжайға қажетті суды да өз күштерімен тартып алыпты. Бір жағынан «бұған жергілікті әкімдік неге қол созбады екен? Сол кезде жылыжай өндірісін де жақсы жолға қоюға болар еді ғой» деп ойлап қоямыз.
Қазақстанда көкөніс қоймасы жетіспейді
Бұл мәселені де біз бағбан сөзінен білдік. Аталған түйткіл бірнеше рет Мәжіліс мінберінде де қозғалған болатын. Айталық, осыдан 3-4 жыл бұрынғы дерек бойынша елімізде мұндай қоймалардың жеткіліксіздігі шамамен 250 мың тоннаны құраған екен. «Мұндайда біз қайтеміз? Мысалы, күзге қарай біз өзімізге сыймай қалған көкөністі Ресейге жөнелтеміз. Ал қысқы уақытта, яғни әлгі қолда бар көкөніс таусылғанда оны Өзбекстан мен Қытайдан алдырамыз. Мен бұл мақсатта, маркетингтік зерттеулерді әрдайым қарап жүремін. Білер болсаңыз, бір ғана Алматы қаласының тұрғындары күніне 370 тонна картөшке, 60 тоннаға жуық пияз өнімі, 50 тоннадан астам сәбіз, 45 тонна қызылша, шамамен 75 тонна қызанақ, 40 тонна қияр және 25-30 тонна алма тұтынады. Ал мұндағы жергілікті өндірушінің үлесін білгіңіз келсе, мұның 23 пайызы картөшке, 36 пайызы пияз, 33-35 пайызы сәбіз, 34 пайызы қызанақ, бұдан сырт 51 пайызы қияр өніміне тиесілі. Осыдан–ақ жылыжай өндірісі мен көкөніс қоймаларының қажеттілігі айқын көрініп тұр» дейді бағбан.

erkindik.kz сайтынан алынған

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста