"Шетелдiк мақта сатып алатын трейдерлер елiмiзде босқа жүрмегенi белгiлi. Осы жерде мынадай ой туады. Егер шетелдiк трейдерлер бiздiң елiмiзден «олжалап» жатқан миллиондаған пайданы табумен өз елiмiздегi iрi бизнес өкiлдерi, кәсiпкерлер немесе «КазАгро» сияқты қаржылы мекемелер айналысса, қыруар қаржы өз елiмiзде қалар едi" , - дейді Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесi Ибадулла Үмбетаев.
"Жаңа технологияларды өндiрiске енгiзу фермерлердiң арнайы бiлiмi жеткiлiктi болғанда ғана жақсы нәтиже бередi. Өкiнiшке қарай, әрбiр 100 фермердiң 13-iнде ғана арнайы орта және жоғары бiлiмi бар, бұл өте төмен көрсеткiш. Осы проблеманы шешу мақсатында Қазақ Ұлттық аграрлық университетi басшылығы және мамандарымен тығыз байланыста жұмыс жүргiзудемiз. Бiлiктi мамандармен бiрлесiп атқарған жұмыс барлық уақытта жақсы нәтиже беретiнi белгiлi, сондықтан елiмiздегi мақта өндiру, оны терең өңдеп экспортқа шығару қолымыздан келетiн жұмыс деп есептеймiн.
Мақта шикiзаты екiншi валюталық дақыл болғандықтан, Үкiмет қаулысымен бидай сияқты стратегиялық дақылдар қатарына енсе, «ақ алтынға» деген көзқарас өзгерер едi. Ал, мақтаға көзқарас дұрыс болса, саладағы бiрқатар проблемалар өзiнен-өзi шешiлiп кетерi сөзсiз" - дейді ғалым.
Ғалымның сөзіне сүйенсек, мақта – елiмiздегi үлкен табыс әкелетiн 100 жылдық тарихы бар дақылдардың бiрi. Сондықтан осы саладағы мәселелердi бiрлесiп жүйеге түсiрсек қана мол өнiмге қол жеткiземiз. Сонда ғана қазақ мақтасы «Ақ алтын – елiмiзге бақ алтын» бола алады.
"Алаш айнасы"