Желілік маркетинг пен қаржы пирамидасының айырмасын білеміз бе?

Желілік маркетинг пен қаржы пирамидасының айырмасын білеміз бе?

Дәстүрлі бизнесте әрбір тауар зауыттан шыққаннан кейін тұтынушыға жеткенше ортада көптеген сауда делдалы арқылы өтеді.
Олар бас дистрибьютер, аймақтық дис­трибьютер, көтерме саудагерлер және дүкен иелері. 
Осындай делдалдардан өткен та­уар­дың бағасы 20 пайыздан 80 пайызға дейін қымбаттайды. Бірақ тауарды өндірушінің зауыттан тікелей тұтынушыға  делдал­­сыз жеткізу мүмкіндігі бар.
Осындай жүйені «нетворк маркетинг» деп атайды. Бұл кәсіптің жаңа түрі емес. Оған 60 жылдан астам уақыт болды. Бүгінгі күні көптеген танымал брендтер өз тауарларын осы жолмен ұсынады. Себебі бұл жолмен сату жүйесінде шығын  көлемі өте аз болады. Мысалы, кез келген шетелдің брендтік әшекей бұйымдарын сататын болсаңыз, төмендегідей шығын­дарға жолығасыз. Сіздің өзіңіздің қымбат әшекей бұйымдарыңызды орталық базар төңірегіне сата алмасыңыз белгілі. Сон­дықтан өз тауарыңызды үлкен сауда орта­лықтары мен арнайы жасақталған дүкен­дерде сатуы­ңызға тура келеді. Ол жердегі шығындардың барлығы міндетті және максималды шығын­дар екенін ұмытпаңыз. Лицензия, сертификат, кең­сені жалға алу, сатушының жалақысы, күзет, камера, тасы­­мал, қойма, коммуналдық төлемдер, сатушының жал­ақысы, жарнама... Осын­дай шығын­дарды тізе берсек, күнұзаққа отыраты­нымыз белгілі. Енді осы шығын көлеміне тауарға кеткен ақшаны қосыңыз. Бұл шығындардың міндетті болатын се­бебі, сіз егер бір айда бір алтыныңыз өт­песе, дүкен иесіне тауарыңыздың өтпей жатқанын және жалға алу сомасын келесі айда төлеймін деп айта аласыз ба? Айта алмайсыз(!) Ал сатушы­ңызға алтын өткен кезде айлық төлеймін, қалған уақытта ақша бере алмаймын деп тағы айтпасыңыз түсінікті. Жарнама – өз алдына жеке мәселе. Сондықтан көптеген компания жоға­рыдағы максималды және міндетті шы­ғын­дарды төлегісі келмейді. Одан да өзі тауар алып, аталған компания­ның тауар­ларының өтуіне септігін тигізіп, дис­три­бьютердің, жарнаманың, тасымал­даушы­ның қызметін бір мезетте атқаратын адамдарға төлегісі келеді. Бұл әрі тиімді, әрі жылдам. Ал тауарыңыз қоймаларда сіресіп тұрмайды.
Бүгінгі қоғамның ең тиімді құралы интернет екені белгілі. Сондықтан көптеген алдыңғы қатарлы компания осы ин­тернет мүмкіндіктерін толықтай пайда­ланғысы келеді. Оның да астарына үңілген адамға өзіндік себептері бар. Егер сіз тауарыңызды интернет арқылы сататын болсаңыз, жоғарыдағы максималды және міндетті шығындар мүлде қажет бол­майды. Сөзіміз түсінікті болу үшін мынадай мысалға көз жүгіртейік, сіздің ғаламторда бес дүкеніңіз бар делік: ұялы телефон, ком­пьютер, үй жиһазы, тұрмыстық тех­ника,  ыдыс-аяқ... Осы дүкендерге сіз өз та­уар­­ларыңыздың бейнесін орналас­тырдыңыз. Ал енді санап көріңіз. Ғалам­торға виртуал­ды дүкен орналастыру үшін сізге орынды жалға алудың, сатушы мен күзет ұстаудың, ірі көлемдегі қойма алудың, тасымал үшін ақша төлеудің қажеттілігі бар ма? Жоқ, әрине. Сізге бар қажеттісі – өз мамандығын жетік меңгерген программист. Қалған ақшаның барлығы қалтаңызда қалады. Бірақ сізге мұндай дүкен ашу үшін ғалам­дық биржада міндетті түрде активіңіз болуы керек. Себебі тұтынушыдан алдын ала алған ақшаңызды тауар өндірушіге бергенше орта жолда бірнеше айналымға салып, өзіңіздің жеткізуші қызметіңізге кеткен қаржыны өтеп алуыңыз керек болады. Сонда тұтынушы да, өндіруші де, жеткізуші де ұтылмайды. Міне, эконо­ми­каның осындай қарапайым қағида­ларын білмейтіндер бұл жүйені ақылға сыйымсыз көреді. Бәсекеде бір-бірінен басып озуға дайын тұрған мына заманда мұндай жолды қолдану өте тиімді. Тек ұтымды бизнес сапалы тауар өндіретін серіктесіңіз болса болғаны. Электрондық коммерция желісі немесе виртуалды экономика ұғымы – осы.

Желілік маркетинг пе, әлде қаржы пирамидасы ма?
Әрі қарай көпшіліктің көкейіндегі же­лілік маркетингте табыс жоқ деген пікірін талдап көрейік. Орталықазиялық елдерде желілік маркетинг атты индустрия түріне ел-жұрт үрке қарайды. Оның бірнеше себебі де бар. Біріншіден, көп адамдар сауданың бұл түрінде табыс жоқ деп есеп­тейді, екіншіден, онда сапалы тауар бол­майды деп санайды, үшіншіден, мұндай сауда түрін қаржылық пирамидалармен шатастырады. Енді осы қалыптасқан ұстанымдарды жеке-жеке талдап көрелік.
«Желілік маркетингте ақша жоқ» деген ұғымды алайық. Статистикалық деректерге сүйенсек, қыз балалардың 95 пайызы 12 жастан бастап косметиканы тұрақты колданады екен. Опа-далап, сүрме, содан кейін иіссу. Осы бұйым түрлерінің барлығы қазіргі таңда желілік маркетинг өнімдері екеніне ешкім қарсылық білдіре алмайды. Ол компаниялардың атын атап, тегін жар­нама жасамай-ақ қояйық. 2010 жылғы деректерге қарасақ, Қазақстан халқының 8 миллионнан астамын әйелдер құраса, осы көпшіліктің 4,5 миллионы косметика пайдаланады. Енді осы мәліметтерді қарапайым арифметикалық есепке салып көрейік. Бір айда орта есеппен әр адам 5000 тг көлемінде косметика қолданады екен. Біз тек қана әйелдер туралы айтып отырмыз. 
4.5 млн * 5000 теңге = 22 млрд 500 млн тг бір айда кететін ақша.
22 млрд 500 млн тг * 12 ай = 270 млрд тг бір жылда кететін ақша.

Енді бұған түрлі косметика қолданатын ерлер санын қосыңыз. Көрдіңіз бе, қанша ақша кетіп жатқанын? Жылына шамамен 270 млрд теңгеге тауар айналым жасайтын желілік маркетинг қызметкерлеріне төлей­тін 10-15 мың теңге үшін сапасыз тауар ұсынып, адамды алдап, заңсыз жұмыс жа­сап, өзінің абырой-беделін таразыға салмасы анық. 
Адамдардың көп бөлігі сапалы тауар тұтынғысы келеді; арзан дүниеден қаш­пайды; өзі үшін алған тауарының есебінен қосымша пайда көруге де қарсылығы жоқ. Осындай ерекшеліктер адамды желілік маркетингке итермелейді. Бірақ көпшілігі классикалық қаржы пирамидасына ұрынып қалып жатады. Бұл екеуінің айырмашылығы жер мен көктей десек, артық айтқандық емес. Осы мәселенің дұрыс-бұрыстығына сау ақылмен зейін салып көрейік.
Алдымен «қаржы пирамидасының сипаты қандай?» деген сұраққа жауап іздесек. Белгілі бір компанияның немесе фирманың тауарының сапасына қатысты ұсыныс білдіру пирамида талабына жатпайды. Экономист ғалымдардың пікір­леріне сүйенер болсақ, қаржы пирами­дасының жұмысы заңсыз, сапалы тауары мүлде жоқ, арнайы оқытулар өткізілмейтін, тек қана ақша айналымынан тұратын жүйені айтады. Онда  қандай әрекет ар­қылы ақша табуға болатынына ешкім кепілдік алмайды. Одан бөлек, өзінен кейінгі адамдардың табыс табуы маңызды емес. Қаржы пирамидасы қалыптасқан 7 мен 21 кезең аралығында жұмыс жасайды. Егер сызба түрінде көрсетер болсақ, төмен­дегідей болады.
Көріп отырғандай, жоғарыда тұрған адам үшін төмендегі адамдардың табыс табуы маңызды емес. Ал желілік мар­ке­тингте өзінен кейінгі адамдар табыс тап­паса, жоғары тұрған адамның да пайдасы тоқтайды.
Бұл жерде төменгі топтың табысы болмаса, жоғарғы топ өкілдері мүлде табыс тап­пайтынын ескеру керек.  Ал қаржы пира­мидасында кейінгі келген адам­дардың табыс табуы маңызды емес. Өйт­кені олар жоғарғы топқа жеткен кезде қомақты қаражатпен бастайтын келесі пирамида күтіп тұрады. Осылай шексіз кете береді.
Ал енді желілік маркетингте тек жо­ғарғы топ қана қомақты ақшаға кенеледі деген қате қағиданы сызба түрінде түсін­дірейік.
Жоғарыдағы мысалдарды ескере отырып, сызба түріндегі дүниенің бар­лығын  қаржылық пирамида немесе же­лілік мар­кетинг қатарына жатқыза беруге бол­майды. Әрине, әркімнің өз таңдауы бар екенін ұмытпаған абзал. Сондықтан қоғам­дағы дұрыс пен бұрыстың аражігін ажыратып, айтар пікірімізді салмақтай алсақ жөн болар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста