«Жасыл көпірдің» болашағы зор

«Жасыл көпірдің» болашағы зор

Жуырда Астанада Қазақстанның «жасыл экономика» саласындағы маңызды әрі ауқымды бастамаларының бірі – «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын әзірлеу бойынша қорытынды кеңес өтті. Онда еліміздің «Жасыл көпірі» тағы бір мәрте пысықталып, беделді халықаралық ұйымдардың тарапынан жоғары бағаға ие болды. Белгілі болғандай, бүгінде әлемнің көптеген мемлекеті осы бағдарламаны қызу қолдап отыр.
ҚР қоршаған ортаны қорғау минис­трінің міндетін атқарушы Руслан Бөл­тіріков хабарлағандай, БҰҰ-ның Эко­ло­гиялық саясат жөніндегі Еуропа эко­номи­калық комиссиясының комитеті Қазақ­станның «Жасыл көпір» бағдар­лама­сын Еуропа елдері экология министрлерінің VII кон­фе­ренциясының күн тәртібіне ен­гіз­ді. Енді бұл бастама ағымдағы жылы қыр­күйектің 21-23-і күндері Астана қа­ласында өтетін «Еуропа үшін қор­шаған орта» тақырыбындағы экология ми­нистр­лерінің VII конференциясында міндетті түр­де қаралатын болады. Бағдарлама қор­шаған ортаны қорғау саласындағы өзара ынтымақтастықтың ортақ алаңы ғана емес, осы саладағы ірі экологиялық жобалардың бастауы ретінде де кеңінен танылып отыр. Бүгінде Қазақстанның «Жасыл көпір» бағдарламасын Азия елдері толығымен қолдап отыр. Енді оған Еуропа мемлекеттері қосылса, 2012 жылы маусымның 4-6-сы күндері Бразилияда өтетін «РИО-20» мыңжылдық саммитінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі «Жасыл көпір» аймақаралық бағ­дарлама бойынша баяндама жасайтын болады. Бұл бағдарлама Қазақстан үшін ғана емес, барлық Азия және Тынық мұхит елдері үшін экология саласындағы көп­теген жаңалықтың жаршысы ретінде танылуы әбден мүмкін. Себебі ол арқылы Еуро­паның экологиялық таза технологияларын кеңінен тартып, аймақта нақты жобаларды қолға алу көзделіп отыр.
Александр КЕЛЬЧЕВСКИЙ, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы:
– Қазақстанның «Жасыл көпір» бастамасының үлкен әлеуеті бар. Бұл бағдарламаның болашағы зор, себебі осы құжат климаттың өзгеруі, био­ал­уандылық, тұрақты даму, эко­ло­гиялық қауіпсіздік тағы басқа бү­гінгі әлемде қалыптасқан көптеген мәселені қамтиды. Ал, ең бастысы, «Жасыл көпір» астаналық бастамасы экологиялық шығындардың қайта­лан­бауын көздейді.

Стивен ТУЛ, БҰҰ-ның Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі:
– Шынымен де, «Жасыл көпір» бас­тамасының әлемді өзгертіп, бізді таби­ғи ресурстарды тиімді пайдалануға бейімдей алатындай әлеуеті бар. Бұл бағдарлама Бразилияда өтетін «РИО-20» дүниежүзілік саммитінде тал­қыла­натындықтан, оған қатысатын әл­ем­дік қауымдастық тұрақты даму про­гресін күшейту бойынша маңызды ше­шім­дерді қабылдайды. «Жасыл кө­пір» ай­мақтық ықпалдастықтың ашық алаңы бола алады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста