Жанар-жағармай бағасы тағы да қымбаттайтын болды

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Кешелі бері еліміздің мұнай-газ министрі Ұзақбай Қарабалин шілде айында елде жанар-жағармай бағасы тағы да өсім беретінін мәлім етті.
Бұл туралы ол: «бензин бағасының қаншаға көтерілетінін дөп басып айту қиын. Өйткені, әзірше маусым айынан қалай шығатынымыз белгісіз. Ең бастысы Ресей тарапынан өзгеріс болмасын деп тілейік, өйткені бензиннің басым бөлігін осы көршілерімізден тасымалдап отырмыз» деді. Осы арада Алаш айнасы жанар-жағармайдың түйдектеліп қалған мәселелеріне тағы бір тоқталуды жөн санады.
Жалпы, Қазақстан Ресейден жылына миллондаған тонна бензин импорттауға мәжбүр. Мұнай-газ ведомствасы басшысының көршілерімізге қарап алаңдап отырғаны да сондықтан. Министрдің айтуынша, еліміздегі жанармай қоры алдағы маусым айына ғана толық жетеді. Сондықтан қазір мамандар нарықтағы ең өтімді АИ-80, АИ-92 маркалы бензиннің қорын жіті есептеуде.
Қазір жанар-жағармайға қатысты Ресейдің өзінде де тапшылық. Кешелі бері Ресейдің Мұнай-газ өндірушілерінің президенті Генадий Шмаль ресейлік нарықта жанар-жағармайды барынша үнемдеп пайдалану қажеттігін, жанармай тұтынуға белгілі бір әлеуметтік нормалар енгізу керектігін, осы арқылы тұтынушыларды жанар-жағармаймен толыққанды және қолжетімді межеде қамтудың жөн екенін тағы бір мәрте баса айтты. Бұл нақ осы мәлімдемесін осыдан тура бір ай бұрын жасаған болатын. Осы мәлемдемесі арқылы Шмаль мырза алдағы уақытта Ресей жанар-жағармайының 10 пайызға қымбаттайтынын да жасырмады.
Ал енді Ресейдің өз тұтынушыларына әлеуметтік норма енгізуі, жанармай тұтынуды шектеуі Қазақстанға қалай әсер етпек? Егер Ресей жанармайы 10 пайызға қымбаттайтын болса, біздің нарықтағы баға қалай түзілмек? Еліміздің жанар-жағармай нарығындағы 40 пайыздық тапшылықты Ресей арқылы толықтырып отырғанымызды ескерсек, көрші елдің мұндай қадамдарға баруы бізге де әсер етері даусыз.
Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:
- Ресейден елдегі ең ірі деген Павлодар мұнай өңдеу зауытына 6 млн тонна мұнай, 1,5 млн тонна мұнай өнімдері тасымалданады. Қазақстан өткен жылы Қытаймен келісімге отырған болатын. Ол келісім бойынша Қытай толлинг жүйесімен өз мұнайымызды қайта өзімізге өңдеп жіберуі үшін біз ол елге 1 млн тонна мұнай айдаймыз. Сол Қытай елі оны бізге қайта өңдеп сапалы мұнай беруі тиіс-тін. Дегенмен Қытайдан жанармай алу жағы техникалық мүмкіншіліктің аздығына байланысты толыққанды шешімін таппай отыр. Себебі Павлодар мұнай өңдеу зауытының технологиялық ауқымы тек Сібірдің жеңіл мұнайы өңдеуге негізделген. Павлодарға Сібірдің кен орнынан тікелей арнайы құбырлар тартылған. Ал Қытай мен арадағы толлинг жүйесін шешу үшін техникалық әлеуетіміз жарамсыз болып отыр. Сондықтан келешекте жанармай бағасы бұғаудан шығады. Үкімет қанша жерден өсірмеуге шектеу қойғанымен ол ырыққа көнбейді. Өнімге сұраныс артады, тапшылық туындайды. Осыдан барып баға қымбаттайды. Мұны мұнай-газ министрлігі өзі мойындап отырғанын ескерсек, елдегі жанармай бағамы бір-бір жарым айда 10-15 пайызға өсім береді.

Негізінде, мамандардың айтуынша, Қазақстандағы мұнай өңдеу технологиясының ескіргені сонша, біз 1 тонна мұнайдан 300-350 келі жанармай алады екенбіз. Ал көршілес Ресейдің зауыттары 1 тоннадан 600-700 келі жанармай шығарады. Еуропа мен АҚШ-та бұл көрсеткіш 800-870 келіні құрайды. Техникалық әлеуетіміздің осы іспетті әлсіздігін алға тартқан сарапшылар жанармай тапшылығымен әлі де бетпе-бет келетінімізді, демек, сырттан келетін өнімге әлі де тәуелді бола түсетінімізді баса айтуда. Ал сырттан келетін өнімнің бағасы да құбылмалы болатыны айтпаса да түсінікті.
Тоғжан Шаяхметова, экономист-сарапшы:
- Қазір елдегі жанар-жағармай тапшылығы ірі зауыттарымыз Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары толыққанды модернизациялау ісіне көшкенде ғана жойылатыны айтылып жүр. Ал бұл ірі зауыттардың нақты моддернизациялау жүйесін меңгеретін тұсы 2019-2020 жылдардың аралығын қамтиды. Сондықтан бізге әлі де бұл салада біраз қиындықтарды, қымбатшылықтарды меңгеруге тура келеді.

Егер есеп-қисапқа жүгінетін болсақ, мұнайдан өңделген жанар-жағармай көрсеткіші халықаралық стандарт бойынша 80-95 пайызға сапалы болуы тиіс. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш әзірге 30-40 пайыздың айналасында ғана. Демек, қазір шығарылып жатқан отандық жанар-жағармайдың бағасын қойып, сапасының өзі әлемдік стандартқа жете алмай отыр. Біз қазірдің өзінде елде өндіріліп жатқан жанар-жағармайдың сапасы төмен екенін мойындауымыз керек. Бұған қатысты мамандар «бір мәселені түбегейлі шешіп алмай, екінші проблеманы шешу мүмкін емес. Қазір елде жанар-жағармай өндіретін шағын зауыттар бар. Сол шағын зауыттарға тиімді жағдай жасап, ауқымды инвестиция құйылса, жанармай тапшылығы да, оның бағасының құбылуы да өз шешімін табар еді. Бірақ бұған біз әлі де асықпай отырмыз» дейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста