Жаңа салық кодексінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Жаңа салық кодексінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Кеше Алматыда «Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайындағы еліміздің жаңа Салық кодексін қолдану тәжірибесі» атты салық форумының төртінші отырысы өтті. Форум отандық қаржылық және салықтық құқықтың негізін қалаушы Алексей Куликовты еске алу үнсіздігімен басталды. Ұстаз-ғалым форум алдында бір күн бұрын дүниеден озған екен.

Жаңа Салық кодексі осыған дейін Парламентте де, Сенатта да талқыланған болатын. Сол кезде оның ұтымды жағынан гөрі, кемшін тұсы көп екені анықталған еді. Сондықтан ол әлі де өзгертулер мен нақтылауларды қажет етеді деп табылған болатын. Форумда осы жайға тоқталған cалық төлеушілер қауымдастығы кеңесі басқармасының төрайымы Жаннат Ертілесова ханым «бір жыл аянбай еңбек еттік, заң жобасын жүз пайыз жақсарттық деп айта алмаймыз, алайда бұл ретте ілгерілеулер бар» деп мәлімдеді. Жаңа салық кодексінің әлемдік қаржы дағдарысы кезеңінде Қазақстанның жаңа экономикалық және инвестициялық саясатының құралы ретінде тану керектігін айтқан Экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Тимур Сүлейменов отырыста оның басты артықшылықтарына тоқталып өтті:

– Біріншіден, шикізат секторына жатпайтын саладағы кәсіпорындарға салынатын салық пайызы азайтылды. Екіншіден, салық комитетінің әкімшілік қызметін жақсарту жолы заң жобасында жіті қарастырылды. Енді соның арқасында салықты төлеудегі әкімшілік кедергілерді азайтып, бизнесті жүргізуді жеңілдетуге мүмкіндік аламыз деп үміттеніп отырмыз. Үшіншіден, корпоративтік табыс салығы бұрынғы көрсеткішінде, яғни 20 пайыз болып қала береді. Бұл норма 2012 жылға дейін сақталады деп жоспарланып отыр, – деді вице-министр.

Сондай-ақ ол соңғы кездері дағдарыстан қатты зардап шегіп отырған қаржы секторына да аталған заң жобасында жеңілдіктер қарастырылғанын жеткізді.

– Жаңа кодексте шығынға батқан кәсіпорындар мен салаларға берілетін жеңілдік мерзімін 3 жылдан 10 жылға көбейттік. Сондай-ақ орнынан шатқалақтап тұрған қаржы ұйымдарына салынатын салық көлемі 9-11 пайызға, сырттан қарызданған екінші деңгейлі банктердікі – 7-9 пайызға, сол секілді уақытша тоқырап тұрған өндірістердікі   4-6 пайызға дейін кемітілді. Көптеген дау-дамайға қарамастан, лизинг бойынша жеңілдіктерді де сақтап қалдық. Мұның бәрі аталған салалардың жағдайын белгілі бір деңгейде жеңілдетеді деп сенеміз, – дейді Т. Сүлейменов.

Вице-министрдің айтуынша, шикізат секторында инвесторларға жіберген есемізді қанша жерден қайтаруға тырыссақ та, заң жобасында келісімшарт мерзімі аяқталғанша шетелдік компаниялар салыққа қатысты барлық жеңілдікті пайдалана алатын болып шешіліпті. Бұл осы кодекстің ең кемшін тұсының бірі деп атауға болады. Кемшін демекші, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттік төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ыбырайымов бұрынғы Салық кодексінің осал тұстарын салықшылардың өзі «тиімді» пайдаланып отырғанын, сондықтан әкімшілік кедергілерді жою бойынша заң жобасымен жұмыс істегенде осы мәселеге баса назар аудару қажеттігін жеткізді.

– 2008 жылдың шеңберінде 654 салық төлеуші өздеріне салынған салықты негізсіз деп тауып, сотқа шағымданған. Тексере келгенде, сол шағымның 50 пайызы салық төлеушілердің еншісіне шешілді. Ал 150 шағым кері қайтарылып алынды. Бұл салық қызметі мен әкімшілігі заңдағы олқылықтарды өздеріне ұтымды пайдаланып отыр деген сөз, – дейді Р. Ыбырайымов. Бұл ретте Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин «салық комитеті қызметкерлерінің қызметі бойынша, үнемі әлеуметтік сауалнама жүргізіп отыратынын, соған сәйкес, аталған заң жобасында шаралар қабылданғанын» айтты.

Өткен апта соңында Кеден одағы құжаттарын дайындау жұмысының аяқталғаны жарияланғаны белгілі. Сол себепті форумда Салық комитетінің төрағасы аталған тақырыпқа тоқталмай кетуді жөн көрмеді.

– Кеден одағының құрылуына қатысты қазір Салық комитеті мен Кеден қызметі бірлесіп жұмыстар атқарып жатыр. Мұнда, негізінен, ақпараттық алаңқайдың ортақ әрі бәріне бірдей ашық болуын қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз. Кеден одағы қызметін бастағанша, автоматтандырылған бүтін жүйені іске қосуымыз керек. Ал аталған одақтың құқықтық негіздерінің бәрі қамтылған деп айтуға болады. Тек еркін сауда аймағындағы жанама салық функциясы бойынша Ресей, Беларусь және Қазақстан арасында едәуір айырмашылық бар. Онымен қазір Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің қызметкерлері жұмыс жасап жатыр, – дейді Төртінші Салық форумындағы баяндамасында Д.Ерғожин.

Аталған жиында мамандар мен салалық ведомства өкілдері жалған кәсіпкерлік, халықаралық салық салымы мәселесі және Қазақстандағы құнды белгілеу жайы, салық процедурасының автоматтандырылуы және әкімшілік қызметтің сапасы секілді тақырыптарды өзара талқыға салды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста