Жаңа Салық кодексі: Бай-бағланнан алынатын түсім артады

Жаңа Салық кодексі: Бай-бағланнан алынатын түсім артады

Жаңа Салық кодексі халықтың дәулетті топтарынан түсетін табысты күшейтуге бағытталатын болады. Ұлттық экономика министрлігі осындай пайым жасап отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Еgemen.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, бұл салық жүктемесінің әділ бөлінуін қамтамасыз етеді.

 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуын­ша, Үкімет әзірлеп жатқан тәсіл­дер бизнестің салық салу база­сын кеңейтуге бағытталған. Са­лық жеңіл­­діктері нақты муль­тип­лика­тивті әсер алуға септі­гін тигізеді. Мы­са­­лы, компанияда салық төлеу бойын­­ша жеңіл­детілген режім болса, онда ол мекеме жұмыс орнын құрып, жаңа инвестицияны жүзеге асырып, жергілікті қамту үлесін көбейтуі тиіс.

 

Екінші тәсіл жүктеменің басым бөлігін табысы жоғары салаларға ығыстырып, халықтың ауқатты то­бы­нан түсетін салық түсімін арт­­тыруға бағытталған. Үшіншісі – ха­­лық­аралық тәжірибеге сай бо­лу жайы. Кірістерге, оның ішін­­де бей­рези­денттерге салық салу­дың ха­лық­­аралық тәжіри­бесін, сон­дай-ақ са­лалар бойынша жүкте­ме­ні бөлуді импле­ментациялау ұсынылады.

 

«Салық ынталандыру тиім­­ділігін арттыру мақса­тын­­­да экономиканың әр­түр­лі сек­торын­дағы салық мөл­шер­­леме­лерін әртараптан­дыруға көшу жайы айтылып жүр. Атап айт­қанда, ҚҚС мөлшерлемелерін тек жекелеген салалар бойынша ғана саралау немесе  қолданыстағы салық мөлшерлемесін сақтай отырып, салық сомасын төмендетуге мақсатты ынталандырулар беру. Корпоративті табыс салығы (КТС) бойынша шикізат және қаржы секторының салық мөлшерлемесін жоғарылату қарастырылып отыр. Сонымен қатар Мемлекет басшысы технологиялық жаңғыртуға және ғылымды дамытуға бағыт­талған КТС пайдасын азайту немесе босату тетігін енгізу қажеттігін атап өтті. Қолданыстағы заңна­мада пайданы қайта инвестициялау кезінде КТС-тен босату қарастырылған. Бұл норма тек өңдеуші өнеркәсіптегі шағын бизнес субъектілеріне ғана қатысты. Бүгінде аталған норманы орта бизнес субъектілеріне де қа­тысты ету талқыланып жатыр», де­лін­ген ведомство хабарламасында.

 

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуовтің айтуынша, салық саясатының тұрақ­ты, мүмкіндігінше қара­пайым, тү­сінікті, сондай-ақ әділ болуы өте маңызды.

 

«Салық кодексінің алдыңғы нұсқалары, әдетте, бюджеттік тұ­рақ­тылықты қамтамасыз ету және оның кіріс бөлігін кеңейту тұрғысынан жазылғанын атап өту маңызды. Осылайша, салық сая­сатының не­гізгі мақсаты эко­­но­­миканың сапалы өсуі мен оны әртараптандыру емес, салық түсімдерін өсіру болды. Алай­да номиналды ішкі жалпы өнім­нің (ІЖӨ) тұрақты өсуіне қарамас­тан, ІЖӨ-ге салық түсімдері төмен­деді және олардың динамикасы өте құбылмалы. Қазірдің өзінде Қазақстанда жан басына шаққандағы табыс деңгейінің көрсет­кіштері деңгейлес басқа елдер­мен салыстырғанда ІЖӨ-ге түсетін салық түсімдерінің көлемі төмен екені байқалады. Негізінде салық ауыртпалығының төмендеуі салық базасын кеңей­­туге оң әсер ете отырып, эконо­микалық белсенділік пен тұты­нуды ынталандыруға әкелуі керек. Ал бұл өз кезегінде салық түсім­дерін өсіруі тиіс. Алайда біздің тәжірибемізде мұндай өзгеріс болған жоқ», дейді ол.

 

Оның айтуынша, қазір мем­лекет­тік органдардың, нарыққа қаты­су­­шылардың, «Атамекен» ҰКП жә­не басқа да мүдделі тарап­тардың қа­ты­суымен Ұлттық экономика ми­нис­трлігінің базасында арнайы жұ­мыс тобы жұмыс істеп жатыр. Мем­лекет басшысының тапсырмасы­на сәйкес, Салық кодексінің жобасы осы жылдың соңына дейін ұсы­нылуы тиіс.

 

«Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жәркеновтің пікірінше, жаңа кодексте мемлекет пен бизнес рөлі қайта қаралуы қажет. Нәтижесінде, салық салуды ынталандырудың реттеуші жүйесін және қызмет көрсетуге бағытталған салық қызметін құру арқылы салық төлеушілердің мүд­делері мен мем­лекеттік бюджет арасындағы тең­герім қамтамасыз етілуі тиіс.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста