Жаңа iPhone 15 Pro сенсация жасайды

Жаңа iPhone 15 Pro сенсация жасайды

Apple өзінің жаңа өнімдерін қашан шығаратынын жариялады. SlashGear технологиялық платформасы компанияның күзгі таныстырылымында жаңа iPhone смартфондары мен басқа жаңартылған девайстар көрсетілетінін жазды. Бұл өнімдердің болжамды техникалық сипаттарын жаңалықтар платформасына сілтеме жасап Aikyn.kz түсіндіреді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Фото ixbt.com сайтынан алынды. Авторы: Konstantin Milenin

 

Таныстырылым 12 қыркүйек күні тынықмұхиттық уақыт бойынша сағат 10.00-де Apple Park-та өтеді. Дәстүр бойынша Стив Джобс қатысып келген басты медиа оқиға биыл да Apple-дың ресми сайтында және компанияның YouTube арнасында дүниежүзіне тікелей эфирде көрсетіледі.

 

iPhone 15 сериясы көпшіліктің бір жыл бойы ұзақ күткен өнімі, бірақ компания өзінің жанкүйерлерін жаңа смарт-сағаттар мен аксессуарлармен қуантады деген болжамдар айтылуда.

 

Apple Watch Series 9 моделі жаңартылған Apple S9 кремний корпусы, жаңа қызғылт түсті нұсқасы және оған арналған жаңартылған жолақтары бар тағылатын құрылғылар тізімін бастайды. Дегенмен жаңа модельдің дизайны Apple Watch Series 8 сияқты қалатын сияқты.

 

Фото Shutterstock сайтынан алынды

 

Биылғы Apple-дың басты іс-шарасында Apple Watch Ultra екінші буыны таныстырылады деген сыбыстар бар. Ол да S9 процессорына негізделетін болады, бірақ алдыңғы нұсқаға қарағанда көлемі аз болуы мүмкін, өйткені девайсты құрастыруда 3D басып шығарылатын бөліктер қолданылған.

 

Сатып алушыларға бұл жолы қараңғы түсті модель ұсынылады, бірақ фитнес және ұзақмерзімді сипаттарында айтарлықтай маңызды ештеңе өзгермейді. Apple осы жылы былғарыдан бас тартып, олардың орнына iPhone-ға арналған матадан жасалған аксессуарларды қолданбақшы.

 

iPhone 15 сериясы таныстырылымның басты оқиғасы болады деп күтілуде. Өйткені жаңа смартфонда үлкен өзгерістер жоспарланған. iPhone 15 және оның Plus нұсқасы қайық тәрізді ойықты жойып, оның орнына Dynamic Island эстетикасын қабылдайды деп хабарлайды.

 

Өкінішке қарай, экранды жаңарту жиілігі қайтадан 60 Гц-ке дейін шектеледі деген болжамдар айтылуда, бірақ камераның жаңартулары қолданушыларды таңғалдырады деп хабарлануда. Негізгі өзгерістер қымбатырақ Pro модельдерінде болатынға ұқсайды.

 

Күзгі таныстырылымда көрсетілетін iPhone 15 Pro және Apple-дың басқа да жаңа өнімдерін мына видеодан көруге болады:

 

 

Apple тот баспайтын болаттың орнына жеңіл және төзімді титанды пайдаланады деп күтілуде. Көріністің эстетикасын күшейту үшін смартфон жақтаулар жіңішкертілген және дыбысты өшіруді бір түймемен ауыстыруға болады, зарядтау жылдамдығы да жақсартылады. Сондай-ақ негізгі және теле-объективті камералардың негізгі аппараттық жақсартулары туралы болжамдар айтылуда.

 

Сонымен қатар смартфонның барлық модельдер тізбегі сұр, құмды-қызғылт және қою көк сияқты жаңа түстерді көруіміз мүмкін. Үш нанометрлік (3-nm) A17 чипі өнімділік пен батареяның тиімділігінде үлкен прогресс жасайды деп айтылуда.

 

Дегенмен ең үлкен өзгеріс – Apple компаниясына ғана тиесілі Lightning кабелінен бас тарту және USB Type-C порттарына ауысу болмақшы. Apple зарядтау кабельдерін жаңа түрлі-түсті Mac компьютерлерінің кабельдеріне ұқсас түсте ұсынбақшы. Apple қарапайым iPhone құрылғыларын USB 2.0 деңгейімен шектеп, тек қымбат iPhone 15 Pro модельдерінде ғана Thunderbolt портын қолдау мүмкіндігін қалдырады деп болжануда.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста