2010 жылдан 2015 жылға дейін жалпы ішкі өнім 2 есеге өсіп, 40 млрд теңгені еңсерді.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2009 жылы 9 мың доллар болса, 2012 жылы 12 мың долларға жетті. Ал 2014 жылы 13 мың доллардан асты.
Экономиканың нақты секторындағы өнеркәсіптік өндіріс ауқымы 2010-2014 жылдары 12 триллион теңгеден 18,5 триллион теңгеге дейін өсті. Тау-кен өндірісіндегі көрсеткіште 52 пайызға жуықтап, аталған салада да өсім тіркелді.