Жалған жарнама арқылы табысын еселейтіндерге қашан тұсау саламыз?

Біздің елімізде жұп-жұмыр үйлестірілген жарнамалар, тұтынушылардың жүрегіне тым жылы тиюде. Ал көпшілік дамушы және дамыған елдер нақ осы жарнамасын түзеп, күзеп әлдеқашан белгілі бір жүйеге түсіріп алған. Мәселен, біз бүгінде жарнамасын асырып жүрген энергетикалық сусындарды өндіруге АҚШ-тың өзіндік шектеу қойып отырғаны белгілі. Сондай-ақ Германия да энергетикалық сусындарды оңды-солды жарнамалауға бүгінде мүлде тыйым салды. Сондай-ақ қатырылған кеспелер мен жартылай дайын өнімдерді жарнамалауға қатысты да бірқатар елдер өзіндік шектеу қойған. Бұған қатысты биологиялық зерттеулер орталығының бас маманы, ғалым Мұрат ҒЫЛМАНОВ: 

- Қазірде жарнамасын асыру арқылы табысқа батып жүрген кәсіпорындар жетіп-артылады. Шын мәнінде, кімнің не өндіріп жатқаны белгісіз. Мәселен, біз жуырда теледидардан күнде жарнамаланып жүретін Қытайдың «Кішкентай кеседегі кеспе» деп аталатын кеспелерінің адам миына зияны айрықша екенін анықтадық. Егер адам үстіне қайнаған су қоса салатын, бес минутта дайын болатын осы кеспені жиі тұтынса, кеспедегі қоспалар адамның миына барып жинала береді екен. Бара-бара әлгі қоспалар томпайып ісік тәрізді болып адам миында қатып қалады. Қытайда бұл өнімді тұтынатындар некен-саяқ. Ал бізде бұл өнімдер әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың күнделікті тұтынатын тағамына айналғаны даусыз, -дейді.
Жалпы, зерттеулерге жүгінсек, көптеген тағам өнімдерінің жарнамасы мен сапасында, жасалу тәсілінің арасында тым алшақтық барын байқаймыз. Ғалымдар бұл ретте мынадай мысалдар келтіреді:
Мәселен, белгілі бір сусынның сыртында «Тархун татитын кивиден лимонад» деп жазылып тұрсын делік. Шәрбатты дайындауға қажет өнімдер: киви – 1,15 келі; тархун – 0,25 келі; қант – 0,5 келі; жалбыз – 0,01 келі; лимон – 0,175 келі; сарыағаш минеральды сусыны – 1 дана.
Міне, аталмыш өнімді дайындау үшін осыншама қажетті нәрсе керек. Ал біздің қайсыбір отандық өндірісшілер 1 келі киви мен 0,2 келі тархунды блэндерде шайқап, 1 келі қантпен араластырып, су қоса салу арқылы өнімді ең жеңіл жолмен дайындайтын көрінеді. Мұнымен қоймай осылай «шалажансар» дайындалған өнім сыртына «Тархун татитын таза кивиден жасалған сусын» деп өнім туралы жарнамасын асыра түсінік береді.
Бұдан соң ананастан жасалған йогурттарды таза табиғи жолмен дайындау үшін мынадай қажетті заттар керек көрінеді: ананас – 1,25 келі, қымыздық – 0,4 кг. лимон – 0,175 келі, қайнатылып қоюлатылған сүт .
Бұл өнімді де өндірушілердің бір бөлігі ананаспен, қантты араластырып, оған құрғатылған сүт қосу арқылы жеңіл әдіспен даярлайтын көрінеді. Бұл бірді-екілі ғана мысал. Ал мұндай үрдістердің барлық өнім түрлерін даярлауда кездесетінін мамандар жоққа шығармайды.
Бұған қатысты биология ғылымының докторы, профессор Мұрат Ғылманов:
- Иммуниетті артырады деп қазірде біз жиі тұтынатын сүт қышқылды тағамдарының, йогурттардың қаттамасында «өнім адам ағзасында иммуниетті арттырып, лактобактерия қызметін арттырады, иммунитетті көтереді» делінген. Ал ақиқатында бұл өнімдегі қоспалардың дені дәрумендер емес. Өнімге қоспалар тек өнім бұзылып кетпеуі үшін, ұзақ уақытқа дейін қалпын сақтау үшін қосылған. Бұған қоса консервіленген және кептірілген балық өнімдері адам ағзасында қатерлі ісік дерті қоздырғышының қозуына апарып соқтырады. Өйткені бұл өнімдерге түрлі қоспалармен қоса, глютомат қосылады. Ал глютомат ағзада көбейген тұста қатерлі ісік дерті өршиді. Қазір осындай өнімдерді тұтынғаннан кейін ұрпағы ұсақталып, халық денсаулығы күрт төмендеп кеткенін аңғарған біраз елдер бұл өнімдерді тұтынуға арнайы заңмен тыйым салды. Ал біздің Мәжіліс бұған назар аудармай отыр. Байыптағанға, бұл үлкен мәселе. Өз тарапымнан айтар ұсынысым, осы мәселеге қатысты арнайы заң шығарылып, мұндай өнімдерге белгілі бір шектеулер қойылуы керек, - дейді.

"Алаш айнасы"

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста