Жайылымға қатысты заң мал басын көгеннен босата ала ма?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Өткен аптада Мәжіліс қа­быр­ғасында қоғамда көптен бері қаузалып, талайдың «бас қайғысына айналған» «Жа­йы­лымдық жерлер туралы» заң жобасының алғашқы нұс­қасы талқыланды.  Былайша айт­қанда, бұған дейін де бірнеше мәрте қозғалып, бұқараның бітеу жарасына айналған жайылым жайын реттеуге қатысты заң қажеттігін халық қалаулылары енді ұғынды.
Жалпы, дерегіне жүгінсек, жер көле­мі­нің ауқымдылығы бойынша әлемде 9- орын­да тұрғанымызбен, сол жерімізді, оның ішінде жайылымдық жерлерді ұқ­са­ту­дағы көрсеткішіміз аса мәз емес. Әлемдік ресурстар институтының мәліметінше, біз­де республика аумағының 188 млн гек­та­рын немесе 70 пайызын жайылымдық жер­лер алып жатыр. Қазір соның 48 млн гек­тардан ас­тамының немесе 26 пайы­зы­ның әбден тозығы жеткен.
Заң не береді? 
Ендігі кезекте жоғарыда аталған мә­се­лені шешуге арнайы заң қызмет етпек. Не­гі­зінен, Мәжіліс қабырғасында жа­йы­лым­дар туралы екі заң жобасы қатар тал­­­­­қы­ланды. Оның бірін Мәжілістің Аг­рар­лық мәселелер комитетінің мүшелері да­йын­даған болса, екіншісі Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі тарапынан ұсынылған. Ма­мандардың айтуынша, бұл екі жоба біріне-бірі қайшы емес, керісінше,  бірін-бірі толықтыратын тұстар жетерлік. Сон­дық­тан да депутаттар мүдделі минист­р­лік­пен бірлесе отырып, алдағы уақытта са­­палы заң жобасын әзірлеуге кіріспек. Тал­­қылауға ұсынылған заң жобасы елі­міз­дегі жайылымдарды тиімді, ұтымды пай­да­лануға байланысты қатынастарды рет­тей­тін болады. Бұдан бөлек аталмыш құ­­жат жайылымдар инфрақұрылымының жай-күйін жақсартуға, жайылымдық жер­ле­рдің тозуын болдырмауға, қоршаған ор­тадағы жайылым экожүйелерінің эколо­гия­лық тұтастығын сақтауға бағытталған.
Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ, Мәжіліс депутаты:
– Бүгінгі таңда Қазақстандағы жа­йы­­лым­­дардың жағдайы тым ауыр. Сондықтан да бұл саланы дамыту, оны заң­н­амалық тұрғыдан қамтамасыз ету мә­селесі өте өзекті. Жайылым мал ба­ғу­ға арналған ауыл шаруашылығына пай­да­ланатын жер ғана емес, дәл осы са­ланың дамуымен барлық мал ша­руа­шылығын өркендету, халықтың әл-ау­қатын жақсарту мәселелері бай­ла­нысты. Мысалы, қай­сыбір өңірдегі жа­­йы­лымдық жерлердің бәрі мал ша­руа­шылығымен айна­лыс­пайтын тауар өн­дірушілердің қарамағында бос тұр­ғаны анықталды. Бір ғана Ақмола об­лы­сында жайылымдық жерлердің 15 па­йызы осы­лай қажетке жарамай тұр. Рес­­пу­бли­ка­мыз­дың кез келген об­лысында осындай жағ­дайдың қа­лыптасып отыр­ғаны айғақ. Соған орай, кей­бір жағдайда же­ке үй шар­уа­шы­лықтарында жер жетіс­пеу­шілігі бай­қа­луда. Міне, алдағы уақытта қа­был­да­нуы тиіс заңда бірінші кезекте осы мә­­селелер қарастырылады.

Көлемді жері барларға шектеу қойылады
Заң жобасын талқыға салған халық қа­лау­лылары заңда ауқымды жайылым­дық жері барларға арнайы шектеу қойы­ла­тынын да қатаң ескертіп отыр. Ма­ман­дардың бағамдауынша, заңның бұл бө­­лімі шаруалардың көңілінен шығуы тиіс. «Се­бебі кезінде нарықтық эко­но­ми­каға алғаш енген тұста ауқымды жа­йы­лымдық жер­лерді қарпып қалғандар қа­зірде жайы­лы­мына бөтен мал кірсе, жауын көр­гендей тық­сырады. Ал жайы­лым­дық же­рі жоқ шаруаның малын көген­деп қо­йып бағудан бас­қа амалы да қал­маған. Осы­ны ескер­ген­діктен, біз заң жо­басына «кө­лемді жа­йы­лымдық жері барларға арнайы шектеу қою қажет» деген бапты енгіздік» дейді ма­мандар.
Бақтияр САДЫҚ, ауыл шаруашылығы ғы­лымының докторы, профессор:
– Мы­салы, Германия, Израиль, Ма­лайзия тәрізді елдер жерді, негізінен, басты өндіріс құралы ретінде пайда­ла­нады. Бұл елдерде шаруалар қандай да бір жерлерді жалға алса, мемлекетке са­лық төлейді. Тапқан пайдасын мем­ле­кетпен бөліседі. Пайдаланған жерін үне­мі тыңайтып, жай­на­тып отырады. Бы­лайша алғанда, да­му­шы және да­мыған елдердің басым бө­лі­гін де жер қатынасын реттеу және оны пай­далану тәсілі арқылы мемлекет те, шаруа да тек пайдаға батуы керек. Өкініштісі, біз бұл жайтты ескермедік. Жайылымдық жер­­­лерді жеке қолға беру арқылы мал шар­уашылығын өзіндік деңгейінен күрт төмендетіп алдық. Қазірде шаруа қожа­лық­тарының көпшілігі бір немесе екі от­ба­сыға ғана тиесілі. Олар жерін қорып, өз­ге­лер­дің малдарын жа­йы­лы­мына тү­сір­мейді. Мемлекеттен жал­ға алған жер­лерін жеке­мен­шігіндей кө­ретіндердің көп­шілігі жерді тиімді пайдалана алмай, жайылымға бе­ріл­ген шұрайлы жерлер құрғап, шөлді ай­мақ­­тарға айналып ба­ра­ды. Міне, осы­ны жою қажет.  Ол үшін, заң жобасында көрсетілгендей, 50-60-70 мың  гек­тар­ға дейін жайылымдық жерлерді ием­деніп алғандарға арнайы шектеу қо­йы­лады. Бұл шектеу малдың санына, өнім бе­руіне, мал азығына байланысты есеп­теліп барып түзіледі.
Мемлекеттің бақылауы күшейеді
Жалпы, жайылымдық жерлердің же­тіспеушілігі өз алдына, жайылымдардың тозуынан келіп жатқан зиянның көлемі де айрықша. Мәселен, жердің эрозияға ұшы­рауы салдарынан мемлекетке келген шы­ғын 779 млн долларды ша­ма­ласа, екінші қайтара сорланудың (тұз­дану) зардабынан 2,5 млрд доллар шығынға ұшырайды екенбіз. Ал бұл жайттарды байыппен шешу үшін бұдан былай жергілікті әкімдіктер жанынан тек қана Үкіметке бағынатын  жайылымдар кеңесі ашылмақ. Бұл кеңеске артылатын басты міндет жайылымдық жер­лер мәселесіне мемлекеттік бақылауды күшейту болмақ...
Сапабек ӘСІПҰЛЫ, жазушы-ғалым:
– Жайы­лымдық­ жер мәселесін рет­тей­тін уа­қыт әлдеқашан жетті. Қазіргі қа­­зақ­­тар тура патша зама­нын­да­ғы тә­різ­ді малдарын көгендеп ба­ғып жүр. Ондағысы – өзгенің жайылымына ма­лым түсіп кетсе, басым пәлеге қалады де­геннен туған қорқыныш. Жайы­лым­дық жер мә­селесін шешу үшін арнайы заң қа­был­­да­уымыз керек. Бұдан соң ке­зінде жа­йы­лым­дық жерлерді же­ке­мен­­шігіне алғандар заң жүзінде жұмыс істеп отыр ма, ол жер­лер, шынымен, мал өсі­ру мақсатында қол­данылды ма, бол­маса егін салудың немесе өзге де табыс табу көзіне айналып кеткен жоқ па – осы жай да арнайы зерттелуі ке­рек. Се­бебі қайсыбір 60-70 гектарды жал­­ға алған қа­уымның ол жер­лерді мал өсіру мақ­са­тында қолданып та отыр­мағаны белгілі болып қалды. Жа­йылымдық жерлерді осылай заңсыз пай­далануды анықтап, заңсыз әре­кет­терге барғандардың жерін мемлекет өз қарамағына қайтарып алуы керек. Заң қабылданып, бұған дейін жекенің қо­лында жүрген жерлерді мем­лекет қатаң ба­қылауына алса, мәселе ше­ші­мін та­ба­ды.

Түйін
Нақ қазір елімізде жайылымдық жерлердің біртұтас жүйесін қалып­тастырудың өзекті мәселе екені даусыз. Бұған қатысты қазірде ауыл-аймақтардағы жергілікті әкімдіктерге міндеттеме жүк­теліп, жайылымдық жерлерге қатысты арнайы тексеру жүргізу жайы да пысықталуда. Тек таразының екі басы болатыны тәрізді  бұл мәселеде де бастама жақсы ғой, бірақ науқаншылдыққа салынып, қарапайым шаруаның  аз-маз  жері талан-таражға ұшырап кетпес пе екен деген күдік те қылаң беріп қалатыны бар. Қалай десек те, мәселені сауатты реттеуге тиіспіз. Ендеше, келешекте қабылданар заң «малым – жанымның садағасы» дейтін қарапайым қазақ үшін қызмет етіп, шаруаның малын көгеннен босатуға септігін тигізсін делік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста