«Жайлау» пайдаға кенелтеді
Павлодар облысының Екібастұз ауданында «Жайлау» бағдарламасы ның алғашқы жобасы жүзеге асырыла бастады. Бұл шараны қолға алып отырған «Ертіс» корпорациясына қа расты «Ертіс-Өскемен-Семей-Пав ло дар» ЖШС Ақкөл тұрғындарынан 30-дан астам өтініш қабылдады.
Бағдарламаға 10 адам қатысып, әрқайсысына 100 бас ұсақ мал берілді. Алынған малды бағдарламаға қатысушылар сақтандыруға міндетті. Бір ұсақ малдың сақ тан дыру құны 90 теңге деп белгіленіпті.
Алдын ала есептеу бойынша, «Жайлау» бағдарламасына қатысушы бес жыл ішінде төрт миллион теңге пайда табады.
Қазір осындай жоба аймақтағы төрт ауданда Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылмақ. «Ертіс» ӘКК бүкіл облысқа 50 млн теңге бөлуді қарастырған. Бұл қаржы 5000 қой сатып алуға жұмсалады.