Жаһандық әлемдегі дамудың қазақстандық жолы сараланды
Кеше ҚР Білім және ғылым министрлігі Философия және саясаттану институтында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Жаһандық әлемдегі дамудың қазақстандық жолы: философиялық-дүниетанымдық және әлеуметтік-саяси мәселелері» (2009-2011 жж.) бағдарламасының нәтижесі бойынша дөңгелек үстел өтті.
Институт ғалымдары бұл бағдарламаны атқаруда мынадай жайттарға назар аударды: жаһандық әлемдегі Қазақстанның орнын және республиканың өз бірегейлігін сақтауын зерттеу; жаһандану жағдайындағы Қазақстанның ұлттық басымдылығы ретіндегі адами дамудың негізгі өлшемдерін жасақтау; қазақ руханияты қалыптасуы мен дамуының тарихи-философиялық және этномәдени негіздемелерін зерделеу; қазіргі қазақстандық қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеу; қазіргі Қазақстандағы мәдени-өркениеттік үдерістерді философиялық-саясаттанулық талдау; жаһандану дәуіріндегі адам мәселесі бойынша Шығыс және Батыс философиялық тәжірибелерін салыстырмалы сараптау; қазіргі рухани ахуал аясында қазіргі әлеуметтік танымның ерекшеліктерін айқындау; рационалдықтың жаңа типтерінің қалыптасуы мен қазіргі философиялық таным үлгілерін зерттеу; білімнің ғылыми және ғылыми емес формаларының өзара әрекетін, оның қазіргі жағдайдағы мәселелері мен келешектерін анықтай отырып зерделеу; жаңа интегралды дүниетанымның қалыптасуы ауқымында әл-Фараби мұрасының негізгі идеяларын қайта бағамдау.
«Жаһандық әлемдегі дамудың қазақстандық жолы: философиялық-дүниетанымдық және әлеуметтік-саяси мәселелері» (2009-2011ж.ж.) бағдарламасы бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша екі монография жарыққа шықты. Бұл еңбектер «Жаһандық әлемдегі Қазақстан: замана талабы және бірегейлікті сақтау», «Тәуелсіз Қазақстандағы адами капиталдың қалыптасуы: әлеуметтік-философиялық талдау» деп аталады. Сондай-ақ «Адам әлемі» – «Мир человека» журналының арнайы саны жарық көрді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу