Хюрем Хатун күмістері қазақ қыздарының түсіне кіріп жүр...

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Асыл металдың қасиетін ата-бабаларымыз әлдеқашан-ақ біліп, күмістен білезік, күмістен шолпы соққаны белгілі. Алтынды анда-санда айтқанымен, күмісті көбірек ән-жырға арқау еткен. Демек жарқыраған алтыннан гөрі күмістің көбірек пайдасы барын білгені де. Жаңа туған нәрестені де күміс шақа салынған суға шомылдырған. Асыл металдың адам ағзасынан жаман энергияны «қуып» шығатын да қасиеті бар екенін білген. «Алаш айнасы» осы мәселе жайында ой толғайды.

Сөйтіп осы сұр түсті металға көп көңіл бөліп, қажетіне жаратып отырған. Бертінге дейін қазақы ою бедерленген күміс білезіктерді тек апа-әжелеріміздің ғана қолынан көретінбіз. Бүгінде алтынмен апталғаннан шаршап, күміспен күптелуге ниет еткендер  жетерлік. Базар толы күміс сататын саудагерлерге лықа толды. Кезінде күмісті көзге ілмейтіндер бүгінде құлаққа сырғасын, қолына сақинасын салып сықырлатып жүр. Жанып тұрған сәнге айналды десе де болады. Қытай мен Қазақстанның арасын жол қылып, зергерлік бұйым таситындардың қатары да көбейіп келеді. Мұның бәрі де аларманның сұранысының арқасында әрине. Сұраныс болмаса сауданың қазаны қайнамайтыны белгілі. 925 сынамалы күміс бұйымдардың дәурені жүріп-ақ тұр. Алтын саудасының көлеңкелі тұстары күміс базарын да айналып өткен жоқ. Заңсыз зергерлік бұйымдар саудасын қыздырып, қараңғылау жағын ықтап жүріп бизнесін өркендетіп жүргендер де баршылық. Бұрын заңсыз алтын бұйымдарын алып өтпек болыпты дегенді жиі естуші едік. Енді күміспен де қақпанға да түсіп жатқандар жоқ емес. Жуырда ғана Алматы қаласында 16 келі күміс бұйымдарын кеденнен заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілген болатын. Яғни, бүгінде күміс бұйымдарға деген сұраныс орасан. Соны пайдаланып қазына қазанына бір тиын да түсірмей қалтасының қамын күйттеушілер де табылуда. Қыз-келіншектің көзі қызылда екені белгілі. Күмістен жасалған зергерлік бұйымдарға деген қызығушылықты көріп жүрген сериалдарынан да «жұқтырып» алуы ғажап емес. Мәселен кореялық және түркиялық сериалдарда осы күміс әшекей бұйымдарын жарнамалайды десе де болғандай. Әсіресе түріктің «Сұлтан Сүлейман» сериалындағы ханшайымдарының әшекей бұйымдары көздің жауын алатыны рас. Көргеніне қол жеткізбей қоймайтын бұрымдыларымыздың арқасында шүкір күміс бизнесі қарқындап тұр. 

                                             Күміс өндірісі өркендеп келеді
Күміс алтынға қарағанда әрине арзан тұрады. 2008 жылы сарапшылардың айтуы бойынша алтын қымбаттаса, керісінше күміс арзандаған. Ал бүгінде күміс те алтынмен құйысқан қағыстырып қатар шабуға жарап қалғандай. Бағасы жыл сайын көтеріліп келеді. Мәселен, 2009 жылы алтынға деген сұраныс  24,4 пайызға, ал күміс  48,2 пайызға артты. Ұлттық банктің тізгінін ұстап отырған Марченко мырза осыдан біраз уақыт бұрын артық ақшаны алтын және күміс инвестициялық монеталарға салған дұрыс деп ой тастаған болатын ортаға. Инвестициялық монеталардан НДС алынбайды, бұ жағынан алғанда алтын шақаларға қарағанда ұтымды. Оның ұтымдылығын ұққан біраз жұрт соңғы жылдары шығарылып жатқан шақаларды банкке түскен бетте-ақ аяғын жерге тигізбей қағып кететінінен-ақ байқауға болады. Жыл сайын бірнеше мың монета шығарылса да, алармандар саны артып, жетпей қалып жүрген жайы бар. Лондондағы биржада күмістің бағасы өткен жылы унциясы 35,12 АҚШ доллары болса , ал арада аз уақыт өтпей үш айдың ішінде 36,1 көтерілді. Вашингтонда күміс институты жұмыс істейді. Аталмыш институттың бірнеше кәсіпорындары бар. Олар күміс өндірісімен айналысатын зауыттармен, сатушылармен, компаниялармен жұмыс істейді. Сарапшылардың мәлімдеуінше өткен жылы күміс өндірісі әлемдік рекордты жаңартты. Оған деген сұраныс бұрын соңды мұндай биікке көтерілмеген. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда сұраныс 73 пайызға артып, 10  миллард долларға сауда  жасалынған. Күміс монеталар мен медальдарға 3 677 тоннаға сұраныс түскен. Күміс индустриясын өркендетіп отырған елдердің арасында Мексика, Қытай, Ресей алдыңғы орында тұр. Күміс қоры Польшада 66 мың тонна деп есептелінген. АҚШ- та 56, Канадада 41, Австралияда 38, Қазақстанда 29 мың тонна бар деп есептелінген. Оның 30 пайызы ғана таза күміс өндірісіне жатады. Қалғандары мыс және мырыш рудаларының үлесінде. Әзірге әлемдегі ең ірі аффинажды, яғни аса таза өнім шығаратын зауыт Мексикада. Мұнда жылына 1 500 тонна таза күміс өндіріледі. Әлемдік аужайды бақылап отырған Ресей күміс өндірісін күрт көбейтті. Магадан облысындағы өндіріс орнында барлау жасатып, қазір онда 3 мың мен 14 мың тоннаға дейін күміс бар екенін зерттеп білген. «Полиметалл» компаниясы жылына 120 тонна күміс өндіріп отыр. Бұл өндіріс орны әлемдегі төрттікке кіреді. Күмісті экспорттаудан Мексика, Перу, Австралия, АҚШ- тан кейін Қытай бесінші орынға шығып отыр. 90 –шы жылдарға дейін Қытай күмісті «менсінбей» келсе, тек 2000- шы жылы ғана көңіл аудара бастады. Бүгінде бұл елде күміс экспортымен 26 компания айналысады. Жыл сайын бұл елде күміске арналған конференция өткізіліп тұрады. Онда арнайы күміс базары бар. Ол ашылғаннан кейін электронды өндірістен, химиялық реактив жасау өндірісінен сұраныс артқан. Жарыққа сезімтал фотоөндірісінде және зергерлік саласынан да сұраныс артқан. Сарапшылар алдағы уақытта күмістің бағасы арзандамайтынын, экспортқа шығару ұлғайтылатынын айтып отыр. 
 
                                        Күміс бар, мәселе де жоқ емес...
Елімізде күміс кеніштері Бақыршық, Бозшакөл, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы кен орындарында бар. Өткен жылы 530 тонна күміс өндірілген. Елімізде таза күміс өндірісімен айналысатын зауыт жоқ. Дегенмен күмісті «Қазақмыс» корпорациясы мен «Қазмырыш» компаниясы ілеспе металл ретінде өндіріп келеді. Аталмыш кәсіпорын күміс құймаларын Еуропа елдері мен Оңтүстік Кореяға экспорттауда. Жер қойнауын зерттеушілер елімізде күміс қоры мол 100-ден астам кенішін анықтаған-тын. Түсті металл өндіруден еліміз Орта Азияда алдыңғы орында... Көпшіліктің сұранысына ие түсті металл нарығының әлі де күн түсуі тиіс көлеңкелі тұстары баршылық. Еліміздің иен байлығының қатарынан орын алатын күміс қоры жетерлік. Тек оны шикізат күйінше шетел асырмай, өзіміз өңдеп, өзіміз зергерлік бұйымға айналдырып, өзіміз сатсақ ұтарымыз мол болар еді. Әлі де сол әттеген-ай деп тіл тістейтін тұстарымыз жетерлік... 
 
Нұрсұлтан ЖҰБАНИЯЗОВ, қолөнер шебері:
- Бүгінде расында күміс бұйымдарға деген қызығушылық артып отырғаны белгілі. Бұрын күміс қасықтарды қарайып кетеді деп тастай салушы еді, бүгінде сандықтың түбінде сарғайып жатқан сол дүниелер дастархан төрінен орын ала бастады... Бүгінде шетелге шикізат болып кеткен күмістеріміз өзімізге зергерлік бұйым ретінде қымбат бағасына қайтып келіп жатыр. Дизайн факультетінің жанынан арнайы зергерлікті оқытатын бөлімдер ашса. Сонда өнім де өзімізден, маман да өзімізден болар еді. Бастысы отандық өнім өзіміздікі, әрі бағасы да арзан болар еді. 
 
Күміс-ем
Аталмыш түсті металдың емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Күнделікті тұтынатын суымыздың құрамында күміс барын біреу білсе, біреу білмейді. Адам иммунитетін зерттеген ғалымдар таңажайып сырға тап болып отыр. Ағзаның тұмау және жұқ¬палы аурулардың алдынды әлсіздік танытуының себебін иммундық жүйедегі күмістің кеміп кетуінен көріп отыр. Белгілі дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмек¬тесетінін егжей-тегжейлі жазған-ды... Дәрігерлердің балаға тамақты күміс қасықпен беріңіз деуінің астарында үлкен сыр бар. Одан бөлек күнделікті тұтынатын суыңызға таза күміс сақина, не болмаса күміс бұйымдарды салып қойып бір сағаттан кейін ішудің де көп көмегі бар. 
 
Күміс-жәдігер
Ата-бабаларымыздың күнделікті тұтынатын заттарын күмістен жасатқаны белгілі. Әсіресе ер-тұрманды күмістен құйғызған. Ас ішетін ыдысты да, қасықты да күмістен жасатқан. Асханалық күміс ыдыстар отбасылық жәдігер ретінде бабадан балаға беріліп отырған. Үй егесінің дәулетін байқатқан. 
 
Күміс-сөз
Қазақ халқы өзінің жақсы көрген, жанына жақын нәрсені күміске балаған. Мәселен, күміс күлкі, күміс көмей сынды тіркестер осыдан шықса керек. 
 
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста