Ұлы бетбұрыс

Ұлы талпыныс жолында халықтар және мемлекеттер арасында пайда болған теңсіздіктің зияны мен пайдасы қандай? Адамзат дамуының тарихында оң баға берілген көптеген ұлы эпизодтар қазіргі заманға экономикалық теңсіздік қалдырды. XVIII-XIX ғғ. Ұлыбританиядағы өндірістік революция экономикалық өсудің бастамасы болып, миллиондаған адамдарға материалдық жетіспеушіліктен құтылуға жол ашты. Британияның, Солтүстік Батыс Еуропаның және Солтүстік Американың өзге әлемнен ажырап бөлінуі қазіргі күнге дейін сақталған батыс пен өзге әлем арасында үлкен айырмашылық тудырды. Тарихшылар өндірістік революцияны «Ұлы сәйкессіздік» деп атады. Әлемдік экономиканың табысты өсуінің нәтижесінде теңсіздік азайды.
Бірақ өндірістік революцияға дейін өзге әлемдік орта дамымай, кедейлікте өмір сүрді деп айтуға болмайды. Колумбқа дейін дамудың және байлықтың айтарлықтай деңгейіне жетті. Қытай адмиралы Чжон Хэ бастаған флоттарды зерттеу экспедициясын жүргізу мақсатында Үнді мұхитына жіберді. Сонымен қатар, осы оқиғадан 300 жыл бұрын Кайфын қаласы миллиондаған тұрғыны бар аспаны өндірістің түтініне оранған үлкен мегополис ретінде дамып жатты. Қарапайым адамдарға қол жетімді, миллиондаған тиражбен кітаптар шығарылды. Алайда дамудың осындай деңгейін ұстап тұру тек Қытайдың емес, басқа да елдердің қолынан келмеді. 1127 жылы Кайфын қаласы әскери әрекеттерді орындауға арналған Манчжурия тайпаларының құрбаны болды. Азияда ашкөз басшылардың әрекетінен экономикалық өсім бір емес бірнеше рет дамып қайта құлдырады. Тек соңғы 250 жылда әлемнің әр бұрышындағы елдердің ұзақ мерзімді және тұрақты экономикалық өсімі азаймайтын теңсіздікке әкеліп соқты. Экономикалық өсім әлемдік масштабта табыс теңсіздігінің қозғаушы күші болды.
Өндірістік революция және Ұлы сәйкессіздік адамзат тарихындағы ауыртпалықсыз өркендеу санатына енді. Бір елдің дамуы басқа бір елдің арқасында болған жағдайлар да тарихта кездеседі. XVI-XVII ғғ. Британия империясында болған өндірістік революция Англия мен Голландияға зор пайдасын келтіріп, осы бағыттағы басқа да елдердің жағдайын айқындады. 1750 жылы Лондон мен Амстердамдағы жұмысшылардың жалақысы Дели, Пекин, Валенсия және Флоренция қалаларымен салыстырғанда қарқынды өсті. Англия халқы шәйді қантпен ішетін болды. Жаулап алу саясатының құрбаны болған Азия елдері, Латын Америкасы және Кариб теңізі елдері тек залалын тартып қана қоймай, сонымен қатар жүз жылдық кедейлік пен теңсіздікті бастарынан өткізді.
Өткен жүз жылдықта бай елдердің орташа өмір сүру көрсеткіші отыз жылға өскен және әр он жыл сайын бұл көрсеткіш 2-3 жылға артып келеді. Ертеде бес жасқа да жете алмай өмірден өтіп жататын болса, қазір кәрілік жасқа жетіп жатыр. Ал орта жасқа келген адамдар әр түрлі жүрек ауруынан көз жұмған ата-бабалары сияқты емес, немерелерінің қалай өсіп, қалай оқу орындарына түсіп жатқанының куәгерлері болып отыр. Қысқаша айтсақ, өмірдің мәнін айқындайтын өлшемдердің ең маңыздысы ұзақ өмір сүру.
Соңғы 50 жылда темекінің адам ағзасына зиян екендігін білу миллиондаған адамның өмірін сақтап қалды, бірақ темекіні ең алғаш болып білімді, саналы, бай адамдар қойды. 1900 жылдары микробтардың әр түрлі аурулардың тууына әсері анықталды. Қалталылар Сан-Паулу және Дели қалаларындағы әр түрлі емделу курстарын қабылдап жатса, санаулы қашықтықтағы кедей отбасының балалары аштықтан және емделуге болатын аурулардан көз жұмып жатты. Алайда темекі шегетіндер кедейлер арасында әлі көп. Ал қазіргі Африкадағы қырылып жатқан балалар Франция не АҚШ-та өмір сүрсе 60 жыл бұрын да тірі қалған болар еді. Неге теңсіздік сақталып келеді және бұл жерде не істеуге болады? Табыс пен денсаулық саласын қатар қарастыру түрлі қателіктерден қашуға мүмкіндік береді. Экономика мамандары табыс жайында, денсаулық саласындағы мамандар аурулар, өлім көрсеткішін, демографтар – туу көрсеткішін, халық санын анықтайды. Айтылған барлық факторлар әл-ауқатқа себеп болса да, экономикалық дамуды қамтамасыз етпейді. Адамдарға зияны тимей көмектесу, жағдайын жақсарту ізгі амалға жатады. Бұл идея «Парето критериі» деп аталып кетті. Экономистер Парето принципін әлі де қате қолданып келеді, әл-ауқаттың басқа да аспектілерін ескермей тек табыс деңгейі туралы айтады.
Қазіргі заманның дамыған сатысын, біздің осы өмірдегі жағдайымызды, өмір сүру деңгейін ата-бабаларымыздың көре алатын мүмкіндіктері болған жағдайда қызығатындарына күмән жоқ. Теңсіздіктен қашуға ұмтылыс әр адамның бойында бар. Бірақ қашу әр кез іске аса бермейді. Жаңа білім, жаңа техникалар, жұмыс жүргізудің жаңа әдістері – прогресстің кілті. Империя дәуіріндегі Ұлыбританияның жетістігі жалақы мөлшерінің артуына септігін тигізді, ал өндірістік революция кезінде энергиямен жеткілікті қамтамасыз ету салдарынан көмірдің азаюына әкеп соқты. Теңсіздік те ойлап табу, өндіру процессіне әсер етеді. Оның жақсы да жаман да жақтары бар. Әлеуметтік жағдайдың төмендігінен қиналу – байлардың өмірімен өздерін салыстырып, әлеуметтік төмендіктің зардабын түсініп, теңсіздіктен құтылудың жолын іздеп жаңа әрекеттер жасауға итермеледі. Жаңа әдістер ескіні өшіріп, сол ескі тәртіпке үйренгендердің өмір деңгейін төмендетті. Қытай императоры сатып алушылардың билікке зияны тиіп кетуінен қорқып, 1430 жылы теңізге шығар жолды жапты. Соның нәтижесінде адмирал Чжэн Хэнің экспедициясы жаңа жұмыстың бастамасы емес аяғы болып тынды. Австрия императоры Франц I темір жолдың дамуы революцияның бастамасы болуы мүмкін және өз билігіне қауіп әкеледі деген үреймен темір жолдың дамуын тоқтатты. Теңсіздік прогресті жылдамдатуы мүмкін және керісінше, бәсеңдетуі де мүмкін. Бірақ оның маңыздылығы қанша? Бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Философ және экономист Амартий Сенның ойынша, осы теңсіздіктің нақты неден құралатындығы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Кейбір экономист, философтар егер табыс қандай да бір ұлы мақсаттың орындалуына қажет болмаса, онда табыс теңсіздігі әділетсіз деп есептейді. Мысалы, егер өкімет бүкіл халыққа бірдей табыс мөлшерін бекітетін болса, онда халық жұмыс уақытын өз еркімен азайтуға болады. Ал басқа біреулер әділеттілікті пропорционалды түрде көреді: әр адам еңбек еткеніне қарай табыс табуы керек. Әділеттілік туралы осындай көзқарас қорытынды жасауға оңай жол ашады. Табыс теңдігі бұл әділетсіздіктің көрінісі.
Қазақстанда кедейлік, әлеуметтік қорғау мәселелері әлеуметтік салада тәуелсіздік алғаннан кейін зерттеле бастады. Оған екі жағдай себеп болды. Біріншісі субъективті себеп, яғни бұл уақытқа дейін қазақстандық (кеңестік) халықтың кедейлігін жабық тақырыпта қарастырған идеологиялық шектеу жойылды. Ғылыми көзқарастың дамуы дәстүрлі қоғамның орнына индустриалды қоғамның келуімен басталды. Осы уақыттан бастап кедейлер мен кедейлікке байланысты жалпы қоғамдық санада түсініктер өзгерді. Екіншісі объективті себеп, яғни әлеуметтік-экономикалық реформалардың басталуы халықтың жинақтарының құнсыздануына, жұмыссыздықтың өсуіне, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дифференциациясына алып келді. Осы кезден бастап мемлекет әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жүргізе бастады, реформалар жасалынып, көптеген заңдар мен бағдарламалар қабылданды.

 Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы,

Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Шәкәрім Әбдікәрімұлы,

1 курс магистранты
«НАРХОЗ» Университеті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста