Ұлттық банк елімізде агробанк ашуға келісім бермеді
Ұлттық банк елімізде агробанк ашуға келісім бермеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
- Ұлттық банк шаруаларға арнап тағы бір банк құрудың ешқандай қажеті жоқ деген тоқтамға келіп, бұл ұсынысқа қарсылығын білдірді. Ұлттық банктің қаржы ұйымдарын дамыту департаментінің директоры Батырхан Иралимовтің сөзінше, Қазақстанның тәжірибесінде мұндай құрылымдар болған. Бірақ ешбірі жақсы нәтиже алып келмеді. Сондықтан қандай да бір салаларға қолдау қажет болса, оны мемлекеттік бағдарламалар арқылы алу керек. Қордаланған мәселелердің бәрін бір банктің айналасына шоғырландыру қауіпті, - дейді банк өкілі.
Ал Ұлттық экономика министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов мұндай банкті ашудың мақсаты айқын емес деген пікірде.