Ұялы телефон отбасылық бюджетіңізге қанша шығын әкелетінін білесіз бе?

Ұялы телефон отбасылық бюджетіңізге қанша шығын әкелетінін білесіз бе?

«Қаржылық сауаттылық» тақырыбы бойынша материалдар жазып жүрмін. Журналистикадан қол үзгелі біраз болды. Әрі негізгі жұмысым тым қарбалас. Бірақ, сонда да жазбалар қызық болуы үшін барыңды салуға тура келеді. Деректерді, кейіпкерлердің қызық оқиғаларын іздеп, салыстырып, зерттеуге біраз уақыт кетеді. Жақында үшінші жазбам жарыққа шықты. Онда жұмысы, жалықысы бірдей, бірақ бірінің тұрмысы жақсы, бірі сәл нашарлау екі адамның өмірін салыстырып, екіншісінің ақшасы айдың соңына дейін неге жетпей қалатынын қарастырып көрдім. 

Қызығы оның басты шығындарының бірі — ұялы байланыс болып шықты. Біздің кейіпкеріміз көрші кабинетіндегі құрбысына ұялы телефонмен хабарласып, түске дейін кемінде 30, түстен кейін 30 минутын әр нәрсені әңгіме етуге жұмсаған. Астанада қызмет ететін құрбысына шалынған қоңырау да 1 немесе 1,5 сағатқа созылады екен. Әрі ең қымбат тарифке қосылған. Оны өзі де білмейтін болып шықты. Маған бірліктері тез бітетінін айтып шағымданды. Дәл сол телефонмен қанша уақыт ғаламтор кеңістігінде отыратындығына да назар аудардық. Телефонының қуаты біткенше интернет қосулы тұрады екен. Мен қасында отырған кезде WhatsApp, Viber сынды мессенджерлерден тынымсыз хат келіп жатты. Кейіпкерім оларды тек достарымен әңгімелесу үшін ғана пайдаланады. Нәтижесінде әжептеуір сомадағы ақша телефондағы ермегінің құрбаны болды. Әрі қымбат смартфон несиеге алынған екен. Ай сайын оның несиесін төлеу қажет. Есептеп көрдік, кейіпкеріміз ұялы телефонға бірлік салуға, интернет топтама алуға, ай сайынғы телефонның несиесіне 30 000 – 35 000 теңге аралығындағы соманы жұмсайды екен. Өзі телефон шығындарын ешқашан есепке алып көрмепті. Қызметінің тым қарбалас емес екендігін ескерсек, соншалықты қымбат телефон мен қоңыраулар мен интернетке соншалықты қаражат құртудың қажеті шамалы еді.
Қолданған екен, тариф пен интернет топтаманы таңдауға мән беру керек еді. Мұны танысыма айтқанымда, ол маған «интернет топтаманың арзанын қай оператор ұсынады әрі интернеті қайсысында жылдам» деп қарсы сұрақ қойды. Өзім Tele2-нің нөмірін қолданамын. Сондықтан өзім білетін ақпараттарды ғана баяндап беруге тура келді. Танысым қызметі ең қымбат оператордың нөмірін пайдаланады екен. Мен айтқан деректерді естіген соң, Tele2-нің интернетін қолданғаным дұрыс шығар деді. 

Мен басқаларымен салыстырып көріп, бірақ қолданғаның жөн дедім. Өйткені байланыс операторлары арасында бәсекелестік жоғары. Сондықтан, тұтынушыларды қызықтыратын ұсыныстарды жиі жасауға тырысады. Кейбір таныстарым, науқандарға қызығумен бірде бір байланыс операторының, бірде тағы бір оператордың қызметін тұтынумен әуре болып жүреді. Сондықтан, салыстырып, зерттеп өзіңе қажеттісін жиі ауыстырмайтындай таңдаған жөн. Менде ұзақ жылдан бері Tele2. Ауыстырмауға себеп, интернет жылдамдығы мен бағасы көңілге қонымды. Әрі интернет пакеттер айлық, апталық, бір күндік сондай-ақ смартфондарға арналған бөлек пакеттер бар. Мен көбіне 1 айға арналған 5 ГБ пакетті тұтынамын. 1990 теңгелік пакетті көбіне толық тұтынып үлгермеймін. Кейде смартфондарға арналған 940 теңгелік 1 Гб пакетті қолданамын. Егер күні-түні ұялы телефон арқылы интернетке кіретін болсаңыз, 2990 теңгелік 10 Гб, 3490 теңгелік 12 Гб пакеттерді қолдануға болады. Бірақ мен ұялы интернетті тек жолда, көшеде қолданатындықтан, 1 немесе 5 Гб пакет толық жетеді. 

Танысым қызметін тұтынатын оператор 256 МВ-тық пакетті 300 теңгеге ұсынады екен. Бірақ, түк түсінбеймін, интернетім өшіп, бірлігім таусыла береді дейді. Салдарынан ай сайынғы бюджетіне салмақ түседі. Салақтығына бір ұрсып алып, байланыс операторының қызмет көрсету орталығына барып кеңес алуды айттым. Байқағаным көп адамдар байланыс шығынын есепке алмайды. Қандай тариф пайдалы, қандай оператордың интернет топтамасы арзан мән бермейді. Нөмірдің әдемілігі, байланыс қызметінің сапасымен қатар ұсынылатын қызмет бағасына да мән берген жөн. Мен де мән бермеуші едім. Банкте жұмыс істегелі әріптестерімнің кеңесімен, кіріс-шығысымды есептейтін болдым. Шығысымды азайтып, кірісті көбейтуге мән бере бастадым. Соның бір салдары ұялы байланыс шығынын да есептей бастадым. Нәтижесі сол қазір қолымда 10 нөмір жүрмейді. Тұрақты бір ұялы байланыс операторының тұтынушысымын. Әрі ай сайынғы бюджетімнің де есебін білемін. «Қаржылық сауаттылық» немесе отбасылық бюджетті басқару осындай майда шығындарды есептеуден басталады.
Ербол Азанбек
Facebook-тегі парақшасынан
(Түпнұсқадағы тақырып: Отбасылық бюджетті басқаруды ұялы байланыс шығынын есептеуден бастаңыз)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста