Туристердің Қазақстанға деген қызығушылығы неге төмен

Қазақстан Еуропада туристік бағыт ретінде жақында ғана пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Алайда саяхатшылар қатары әзірге көбейе қойған жоқ. Мұның басты себебі Қазақстан көп жағдайда бизнес-сапармен байланыстырылады. Өйткені еуропалықтар біздің елді қымбат деп есептейді.

 

Бір француз турисі үшін Қазақстанға 2 апталық тур шамамен 2 жарым мың еуроға шығады, ал Өзбекстан мұндай саяхат 700 еуроға арзан.

 

Исса Смати, Nomade aventure компаниясы департаментінің директоры:

 

- Қазақстан класы жоғары қонақ үйлер желісін жолға қойды. Бірақ бұларға көбіне қалтасы қалың бизнесмендер келеді. Кезінде Оман сұлтандығы осылай қателесіп, кейін онысын түзеді. Туристер қаптап келу үшін арзан жағын да қарастырған абзал. Әртүрлі қала, ауыл, кәдесый, тамақтану орындарын қамтыған дұрыс. Сонда тұрғындар да табыс тауып, ішкі экономика дамиды.

 

Франциядағы Орталық Азия бойынша ең ірі туроператор - Nomade Aventure агентігі соңғы 2 жылда біздің елге бірде бір турист жібермепті. Пандемия мен Украинадағы қақтығыстан басқа, Парижден Нұр-Сұлтанға тікелей қатынайтын әуе рейсінің алынып тастауы да кері әсер етті.

 

Коронавирусқа дейін осы Nomade Aventure арқылы Қазақстанға келгендер қатары бірнеше ондаған адамға жететін.

 

Исса Смати, Nomade aventure компаниясының департамент директоры:

 

- Қазақстанға тікелей әуе рейсінің болмауы қатты әсер етті. Осынша бай ел үшін бұл үлкен олқылық. Өзбекстанға аптасына 2 рет тікелей рейс қатынайды. Қараптан қарап, көңілің құлазиды.

 

Қазақстанға еуропалықтарды көптеп тарту үшін шағын қонақ үйлер мен киіз үй қалашықтары өте қажет.

 

Мамандар шетелдік 2 адамға арналған нөмірдің бағасы 40 мыңнан аспауға тиіс дейді.

 

Сондай-ақ білікті гидтер дайындау маңызды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста