Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың инновациялық жолдары қарастырылмақ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен құрылысының ұлттық палатасы Өңірлік даму министрлігімен бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2014 жылдың 20 маусым күні «Басқарудың тиімді әдістерін қолдану, инновациялар мен энергияүнемдеу технологияларын енгізу негізінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту» тақырыбында өңірлік конференциясын өткізеді.
Аталған жиын Алматыдағы қазақ ұлттық аграрлық университетінің мәжіліс залында сағат 10,00-де басталады. Конференцияның мақсаты – өңірлердегі, қалалардағы, аудандардағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының проблемалары мен оларды шешу жолдарын қарастыру бойынша пікір талас алаңын құру, басқарудағы тиімді әдістерді қолдану, сондай-ақ еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына инновациялар мен жаңа технологияларды енгізу болып табылады.
Конференцияның жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, министрліктер мен ведомствалардың өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері, кондоминиум объектілерін басқару органдары (ПИК, басқарушы компаниялар), үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бизнес құрылымдары, жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, БАҚ, отандық және халықаралық сарапшылар (БҰҰ ДБ, ЕО, ЕҚЫҰ) және басқа мүдделі тұлғалар қатысады.
Мамандардың айтуынша тұрғын үйлердің техникалық жағдайы көптеген үлкен сұрақтарды туындатуда. Тұрғын үйлерді басқарудың қалыптасқан моделі заманауи талаптарға жауап бермеуде. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында жасалып жатқан үйлерді жөндеу жұмыстары да сапасы жағынан болсын энергия үнемдеуі бойынша да күткен нәтижені көрсетпеуде.
Сандарға сүйенсек:
• Бүгінгі күні көпқабатты үйлерде халықтың жартысынан көбі тұрады – 9 млн. жуық. Статистика бойынша Қазақстанда 160 мыңға жуық көппәтерлі тұрғын үй бар, жалпы аумағы 182 млн. шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйлерді басқарушы органдардың саны 8 мыңнан асуда (ПИК, ЖШС және т.б.).
• Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша үйлерді жөндеуге жыл сайын 26 млрд. теңге көзделген. Тұрғын үйлерді басқарушы органдардың тұрғындардан жыл сайынғы жинайтын қаржысы 25 млрд. теңгеден аспайды. Сарапшылардың есептеуі бойынша, тұрғын үйлерде тек жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын атқару үшін жыл сайын 400 млрд. теңге қаражат керек, ал ол үйлерге тиісті сервис атқару үшін тұрғындардан 100 млрд. теңге қаражат жинау қажет.

Шығыс Еуропа елдерінің осы сала бойынша жүргізген реформасының сәтті болуының басты себебі – ол тұрғындардың белсенді позициясы мен тұрғын үйлерді басқарушы органдардың қызметінде мемлекеттік реттеуді қалыптастыру болып табылады.
Конференцияда отандық сарапшылар мен қоғам қайраткерлері тарапынан еліміздің тұрғын үй шаруашылығын дамытудағы ұсыныстар айтылып, тұрғын үйлерді басқаруда жаңа әдістер мен инновацияларды қолдану жайында да пікірлер айтылады.
Сондай-ақ конференция аясында заңнаманы жетілдіру, тұрғын үйлерді күтіп ұстау, тиімді меншік иесін қалыптастыру, энергия тиімді құрылыс, ЭСКО модельдерін еңгізу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының энергия тиімділігін арттыру, ғимараттарға энергия тиімділік классын тағайындау сияқты тақырыптар қаралады.
Конференция қатысушылары арасында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашыығын жаңғырту бағдарламасын өңірлерде іске асырылу жайында да дисскуссиялар жүргізу көзделген.
Конференция «Тұрғын үй шаруашылығы саласы мамандарының біліктілігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы аясында өткізілмек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста