Тоқыма саласы тоқырап тұр

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Дүниежүзiндегi дамыған және дамушы елдер жеңiл өнеркәсiптi өркендетуге ерекше көңiл бөледi. Мәселен, Еуропадағы экономикасы қуатты ел болып саналатын Германияның жыл бойғы экономикалық түсiмiнiң 6-9 пайызы – осы жеңiл өнеркәсiптiң еншісінде. Ал iргемiздегi Қытайда бұл көрсеткiш 12 пайызды құраса, Үндiстанда 14 пайызға дейiн жетіп отыр. Кезiнде күнделiктi тұрмысқа қажеттi жеңiл өнеркәсiп бұйымдары елiмiзде өндiрiлiп келгені белгілі. Нарықтық қатынастар орнаған тұста бұл жетiстiк көзден бұлбұл ұшты. Тоқсаныншы жылдардың басында тоқыма және тiгiн саласы ішкi жалпы өнiмнiң 15 пайызын құраған. Ал қазiр бар болғаны – 0,4-0,5 пайыз ғана. Осыған қарап-ақ, аталмыш саланың қаншалықты құлдырағанын бағамдай беруге болады.

Шындап келгенде, Қазақстанда жеңiл өнеркәсiп саласын дамытатын алғышарттар жетерлiк. Мұндай мүмкiндiк болмағанда бұл тақырыпқа әңгiме қозғамас едiк. Тоқыма мен тiгiн саласын өркендететiн болсақ, халықтың әлеуметтiк жағдайы оңала түсетiнi айтпаса да түсiнiктi. Ең бiрiншi кезекте ұзақ уақыттан берi тоқтап тұрған кәсiпорындардың бойына қан жүгiреді.

Мұндай жағдайда оңтүстiктегi мақта өсiрушiлер еңбектерiнiң зейнетiн көредi. Сондай-ақ жер-жерлерде шикiзат өңдейтiн цехтар ашылып, көптеген адамдар жұмыспен қамтылатыны анық. 1990 жылдары тек жеңiл өнеркәсiп саласында еңбек еткендердiң жалпы саны 220 мың адам болған. Ал қазiр бұл көрсеткiш он есеге дейiн құлдырағанын статистикалық деректер көрсетіп отыр. Бүгінде киiм-кешек пен аяқкиiмдi Түркия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкiстаннан тасымалдауға мәжбүрмiз. Экономист мамандар жылдан-жылға жеңiл өнеркәсiп бұйымдарын импорттау артып келе жатқанын алға тартуда.

Бұл жағдай бiздi алаңдатуы тиiс. Сондықтан Үкiмет өздерi мақұлдаған мақта кластерiн жылдамдатып жүзеге асырғаны жөн. Бағдарлама жүзеге аса бастағанда сырттан келетiн импортқа белгiлi мөлшерде шектеу қою керек. Дәл қазiргi таңда сырттан ағылған импортқа жеңiлдiк көп. Соның әсерiнен отандық жеңiл өнеркәсiптiң бағы жанбай тұр. Бұл – ащы да болса шындық. Импортқа мүлдем тыйым сала алмаймыз. Шетелдiк тауарлар тасқынын ауыздықтаудың өзiндiк амалдары да бар. Ол үшiн өзге елдерден келетiн тауарларға белгiленген салық көлемiн ұлғайтып, бiрқатар шектеулер қоятын болсақ, отандық кәсiпорындар демеу болатыны сөзсіз.

Қара базардағы көздiң жауын алған әдемi киiмдердiң 90-95 пайызы шетелден келген. Көршiлес Қырғызстан мен Түркиядан жеткен кiлемдердi қазiр Алматының барлық базарынан кездестiруге болады. Қырғыз кiлемдерiнiң бiздiң базарларды жаулап алуына кеден салығының төмендiгi себеп болуда. Олар Қазақстанға өтер тұста кiлемнiң 1 шаршы метрiне 0,3 доллар ғана салық төлейдi. Ал базарда кiлемнiң 1 шаршы метрi 5-тен 40 долларға дейiн жетедi. Осылайша айырқалпақты ағайындар сауданың көзiн тауып, пайдаға шаш етектен батуда. Сарапшылардың бағамдауынша, соңғы жылдары Қырғызстаннан ағылған кiлемдер екi есеге көбейген.

Осы ретте экономикалық жағынан бiзден көп артта қалды деп жүрген Өзбекстанның жеңiл өнеркәсiптi дамытудағы жетiстiктерiн салыстырмалы түрде айта кетсек. Өзбекстан тоқыма және тiгiн саласын дамытудың 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдаған. Аталмыш сала елдiң жылдық кiрiсiнiң 1/4 бөлiгiн құрап отыр. Ал экспорттың 30 пайызы – осы сала еншiсiнде. Бағдарламада жеңiл өнеркәсiпке инвестиция тарту мәселесiне айрықша көңiл бөлiнген. Соңғы жылдары Өзбекстанда тоқыма және тiгiн саласына тартылған инвестицияның көлемi 800 млн долларға жеткен. Ал 2004 жылы ел бюджетiне түскен таза пайда 195,5 млн долларды құрапты. Өзбектер 2009 жылдың қаңтарынан бастап жеңiл өнеркәсiп саласына инвестиция салған компанияларды бiрқатар салық түрiнен босатуда. Өз кезегiнде Қазақстан жағының өзағаңдарға мұрын шүйiре бермей, азды-көптi үлгi-өнеге алғаны да жөн-ау!

Раушан ЖЫЛЫСБАЕВА, Алматы технологиялық университеті Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультетінің деканы:
– Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласы жұмысын бәсеңдеткенімен, біздің оқу орын аталған сала бойынша маман даярлауды ешқашан тоқтатқан емес. Заман көшіне ілесіп, заманауи талапқа сай білікті мамандар даярлап келеміз. Меніңше ойымша, елімізде тоқыма саласының мамандарына қатысты тапшылық жоқ. Тек тоқыма саласына тиісті деңгейінде көңіл бөлсе болғаны. Оқу орын қабырғасында білікті маман дайындайтын қуатты оқу базасы қалыптасқан. Сондықтан жеңіл өнеркәсіп саласына қатысты елімізде маман тапшылығы туындайды деп алаңдаудың жөні жоқ.

Бізде түрлі киімдердің үлгісін жасайтын компьютерлік бөлмелеріміз бар. Сол жерде жастар өздерінің ойындағы киімдерін пішіп, тәжірибелерін шыңдайды. Өкінішке қарай, олардың жұмысын халыққа жеткізетін өндіріс болмай тұр. Жыл сайын мемлекеттік грант есебінен 200 бала оқуға түседі. Қазір жер-жерде бірлі-жарым тігін цехтары жұмыс істеп жатыр. Олар байланыс орнатып, бірге жұмыс істеп жатқан жаймыз бар. Студенттеріміз шағын цехтарда тәжірибеден өтіп, кәсіпорындардың тапсырысы бойынша дипломдық жұмыстарын қорғап жүр. Мұндай шағын кәсіпорындар Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облысында біртіндеп дамып келеді. Мұндай отандық кәсіпорындарға Үкімет тарапынан барынша жағдай жасалынуы керек. Елімізде жаңадан бой көтеріп жатқан кәсіпорындар бәсекелестікке төтеп беру үшін өздерінің өндірістік базасын жаңа технологиялармен жарақтандыруға баса мән беріп отыр. Олардың мұнысы бізге пайдасын тигізіп жатыр. Сол жерлерде өндірістік тәжірибеден өткен студенттер заманауи технологияларды қолмен ұстап, көзбен көруде.

Өкiнiшке қарай, қазiр салық органдары кәсiпорындарға жеңiлдiк жасауға құлықсыз. Әдетте өңделмеген шикiзатқа салық аз салынатыны белгiлi. Тiгiн және тоқыма саласына қажеттi синтетикалық талшықтарды кәсiпорындар қабылдап алар кезде салық органдары тең-тең маталарды дайын өнiм ретiнде есепке алып, көп көлемде салық салады. Олар «материалдарды пайдаланған кезде оның химиялық құрамы өзгерiске түспейдi. Сондықтан бiз оны дайын өнiм ретiнде тiркеймiз» деп уәж айтады. Олардың бұлайша ақталуы ақылға сыймайды. Салық салу органдарының елiмiздегi жеңiл өнеркәсiптi дамытуға мүдделi болудың орнына оны жарға қарай итергені несі?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста