Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жәрдемақы уақытынан бұрын өсуі мүмкін
Қазақстанда асыраушысынан айырылу бойынша төлемдерді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 1 қыркүйектен емес, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап арттыру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімінің жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.
"2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін", - делінген хабарламада.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 17 сәуірге дейін жалғасады, оған қатысты пікіріңізді мына жерге жаза аласыз.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу