Тезектен де теңге жасауға болады

Тезектен де теңге жасауға болады

Ақтөбе облысындағы Шілікті ауылының тұрғыны тезектен биогаз өндіріп, ел кәдесіне жарайтын жаңалық ашты. Кәдімгі төрт түліктің қиы­нан метан газын алу үшін көп еңбектенгенін айтады шіліктілік шебер. Жобасын жүзеге асырмақ болып жұртқа айта бастағанда жан баласынан қолдау таппапты. Бүгінгі таңда ауыл әкіміне дейін қызығушылық танытып отырған жаңа кәсіпті құзырлы орындар қолдап жатса, көгілдір отынға қол­дары жетпей отырған ауыл тұрғындары да биогаздың игілігін көретін болады.
Дәулетхан ШОЙТАНОВ, Шілікті ауылы­ның тұрғыны:
– Ойыма келген жобаны жетілдіру үшін интернет көмегіне жүгіндім. Оқу­лық­тарды пайдаландым. Екі жылдай білімге жұмсаған уақытым текке кеткен жоқ. Қидан метан газын өндіруге бола­ды дегенде, ешкім сенбеген еді. Келе­меж қылғандары да болды. Қазір ас-суымызды осы газбен әзірлеп отырмыз. Ешкімге ақша төлеп қажеті жоқ.
Биогаз өндірудің технологиясы тым қара­пайым. Қалыңдығы 4 миллиметрлік темір ыдыс болса жетіп жатыр. Ыдыстың неғұрлым үлкен болғаны газдың мол бөлі­нуіне мүмкіндік береді. Тезек толты­рыл­ған ыдыстың үстіне батып тұратындай етіп құйыл­ған суды арнайы қалақшамен ара­лас­тырып тұрады екен. Тезек араласқан сайын иіні қанып, ақыры газ жиналады. Негізі, түйе мен жылқының тезектерінен газ тез бөлінеді екен.
Биологиялық газ алу үшін мал қиынан өзге шіритін заттардың барлығын пайда­лануға болады. Бұл – бір жағынан, қоқыс қалдықтарынан арылудың тиімді тәсілі. Қыс бойы үйді жылытып шығу үшін үлкен бір бөшкенің жартысын тезекпен толтырса жетіп жатыр. Ал жиналған газдың қысымы арнайы құрылғымен өлшеніп отырады.  
Шіліктінің қос ісмеріне қолқа салып келушілер қарасы көбейіп келеді. Ауыл әкімі де қызығып жүргенін жасырмайды. Тіпті бір үй ғана емес, бүкіл ауыл биогазды пайдаланса екен деп арнайы резервуар тауып қойыпты.
Құрышбек ҚАЗЫБЕКОВ, Кішіқұм ауыл­дық аймағының әкімі:
– Жасыратыны жоқ,  басында өзім де немқұрайлы қарап едім. Бірақ бұл іске қосылып, мұны пайдаланып отыр­ғанын көргеннен кейін қызығушылық пайда бол­ды. Енді Дәулетханға айтып отыр­мын, мұны жалғыз сен пайда­ланба, жұрттың бәрі резервуар толты­рып, жеке-жеке істей алмайды. Сондық­тан бүкіл ауылды газбен қам­та­мамыз ететіндей жағдай жасайық деп.

Дәл қазір Шілікті тұрғындары жабылып жобалаушы іздеп жатыр. Ауылды жаппай газбен қамту үшін министрліктен бастап түрлі құзырлы органдарға дейін хат жол­дапты. Өкініштісі, әзірге оларды қолдап жатқан жан баласы көрінбейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста