Такси көлігі неге қымбаттап барады?

Такси көлігі неге қымбаттап барады?

Бұл өмірде әр адам – жолаушы. Десек те, қазіргі таңда күн өткен сайын шарықтап бара жатқан бензинмен қатар, қымбаттап жатқан қоғамдық және жекеменшік көліктегі жолақы бағасы ауыздықталатын емес. Соның бірі – такси құнының шамадан тыс болуы...
Атшаптырым жерге айғыр құнын сұ­рай­тын таксишілер бағасының аспандап кеткені соншалық – жолаушы жинау бизнесіне ұмтылғандардың қатары тым артқан сияқты. Әсіресе түнгі уақытта. Сағат кешкі ондарға тақап, қоғамдық көліктер тоқтаған сәтте такси бағасы екі еседен астам көбейіп шыға келеді. Ал оған «Ай дейтін – әже, қой дейтін – қожа» болмай тұр.
Ең алдымен, ауылдағы ағайынға қиын тиіп тұрғаны осы жолақы мәселесі десек қателеспейміз. Ондаған жылдар бойы шұ­рық тесік болып, жыртығына жамау жасал­май тозығы жеткен жолдарда қоғамдық көліктер мүлде жүрмейді. Есесіне, көлік мінген таксишілердің айы оңынан туған сыңайлы. Такси болып заңды тіркелмеген­діктен, ешқандай да салық төлемейтін мұндай таксилер жайшылықтағы бағадан үш-төрт есеге дейін қымбат алып, онсыз да қалтасы жұқа жандардың жүйкесін де жұқартқан сияқты.
Алтын ЖОЛДЫБАЕВА, студент:
– Көкшетауға алпыс шақырымдай ғана орналасқан Баратай ауылына такси­шілер 700-800 теңге алады. Демалысты пайдаланып ауылға барып, таң­ертең автобус мүлде жүрмейтіндіктен, такси­мен шыққан едім. Ақшаны молынан алу­ды ойласа керек, төрт адам отыратын орын­ға жеті адамды бірдей отыр­ғызып ал­ды. Оның өзінде баратын жеріңе жет­кіз­бей, орталықтағы аялдамаға жеткенде түсіріп кетеді. Ал бұл мәселеге жо­ғары­дағы ағаларымыздың ешбірі назар аударар емес.
Такси бағасы тұрақтамай, мәселе ше­шімін таппайды. Жергілікті билік такси­шілердің бағаны төмендетуге ұсыныс жа­сауға тырысып баққанымен, жекеменшік таксилер айылын да жияр емес.
Алпамыс АЙТҚОЖИН, ауыл әкімі:
– Ауыл адамдары «қалаға қаты­науымыз қиын әрі жол ақысы қымбат» деп жыл сайынғы есеп беруде шағым­дарын айтып жатады. Сондықтан былтыр автобусы бар бір жігітпен келісіп, тұрақты баға­мен қалаға қатынайтын кесте жаса­ған едік. Алайда бағасы арзан болса да, жү­ре­тін адамдар аз болып, көлікті тоқ­татуға тура келді. Сонымен қатар қалаға қаты­науға жол нашар болған­дықтан, автобус табудың өзі қиынға соғады.

Расында да, ауылдарға қатынайтын халық жолдың жөнделмей, көлік дөңге­легін жылға жетпей бірнеше рет ауыстыра­тынын айтып зар илейді.
Аманбай ЕРЕЖЕПОВ, ауыл тұрғыны:
– 40 жыл шопыр болған мен жолдың қыр-сырын түгел меңгерген адаммын. Сондықтан жекеменшігімдегі көлікті кү­тіп мінуге тырысамын. Алайда соның өзін­­де жолда жүру өте ыңғайсыз бол­ғандықтан, көлігімді бірнеше рет жөн­­деу­ге мәж­бүр болдым. Соңғы рет күре жолдың қашан күрделі жөндеуден өткені есімде де қал­мапты. Жергілікті билік шұрық тесікке ай­налған жолды жыл сайын жамап-жас­қап жөндегенімен, онысы жылға жетпей орнына келіп, қай­тадан таз қалпына түсе­ді. Бензин бағасы – өз алдына, мініс көлігіңді қиратып алмайын деп қатты қиналасың.

«Жолға кететін шығынмен өзімізді ақ­тай алмаймыз, сондықтан бағаны өсіруге мәжбүрміз» дейді бірқатар таксишілер. Яғни, олардың айтуынша, жолдың жетім­сіз­дігі мен жанармай бағасының шектен тыс қымбаттығы жолақы бағасын да өсі­руге мәжбүр етеді.
Саян ЕСМҰРАТОВ, такси жүргізушісі:
– Бала-шағаның несібесі үшін үйдегі бар жұмысымызды тастап, күн-түн де­мей, күс басқан қолың рульге қарысқан күйі жолдан көз алмаймыз. Олай етпеске шара жоқ. Сәл ойланып кетсең, не дөңге­легіңді, не көлігіңнің астыңғы жағын сын­дырып алуың ғажап емес. Әрі бензин бағасы да күйіп тұр. Жауыннан кейінгі саңы­рау­құлақ­тай қаптап кеткен жа­нармай стансыларында АИ-93 марка­лы бензин 117-119 теңгеге дейін өсіп ке­теді. Сон­дықтан бағаны да өсіруге мәж­­б­үрміз.

Бұл – ауылға қатынайтын такси жүр­гізушілерінің пікірі. Ал қалаішілік және ірі қалаларға қатынайтын такси құны жөнінде әңгіме тіптен басқа.
Айгүл ОМАРОВА, Көкшетау қалалық салық басқармасының бас маманы:
– Қала ішінде «Визит», «Ваше так­си», «Форсаж» тағы да басқа жалпы тір­ке­лген жеті такси агенттігі бар. Әділет органдарында тіркеуге алынғандықтан, олар тұрақты түрде салық төлеп тұрады. Бірақ олар жекеменшік болуы себепті, бағаны өз еркімен өсіріп, төмендетуіне біз еш­қандай кедергі жасай алмай­мыз.

Бұл таксилер заңды тіркеуге алынып, мем­лекетке аз да болса салық төлеп жатыр. Ал тіркелмеген таксишілердің қанша екенін бір құдай біледі. Өйткені түнгі уақытта қала ішінде жүрген көліктің 90 пайызы «такси» белгісін тағып алады. Жалақысына қосымша қаражат табуды ойлаған жандар осылайша түнгі уақытта бірден такси бола салады.
Жалпы, орташа есеппен қала ішінде жолдың ұзақтығына байланысты бағаны такси жүргізушілерінің өздері белгілейді. Кез келген жерге кемінде 500 теңге ақ­шаңыз болмаса, таксиге отыра да алмай­сыз. Ал алыстау жерге барсаңыз, 1000-1500 теңге ұсынуыңызға тура келеді.
Қалай десек те, бағаның сан құбылуы нарықтың бұлжымас қағидасына айналып, халықтың шымбайына, шынымен-ақ, батып отыр. Сонда өгіз де өлмей, арба да сынбас үшін қайтпек керек?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста