Кірістерді бөлудегі теңсіздік – жақсы ма, әлде жаман ба? Бұл сұраққа жауап нақты болары екі талай. Әлдекімге кірісті бөлу теңсіздігінің дәрежесін сипаттайтын Джини индексі 25 % тең Швеция тәжірибесі, ал басқа біреуге мысалы, Джини индексі 40 % деңгейіндегі АҚШ қызығырақ болып көрінетін шығар.
Теңсіздік жақтаушылары социалистік елдердің тәжірибесіне жүгінеді, онда кірістерді тым біркелкі етіп бөлу экономика тиімділігіне кері әсерін тигізді. Жеке пайдаға тыйым салу шарттарында социализм кезінде кірістердегі минималды айырмашылықтар және әр түрлі қиындықта еңбекақы төлеудің жасанды тегістелген деңгейлері экономикалық қызметте – адал еңбек етуге және күші тасып тұрған кәсіпкерлікке адамдардың белсенді қатысуына жеткілікті материалдық ынталандыруды жасауға мүмкіндік бермеді. Социалистік тегістелген кірістер нәтижелері болып қызметкерлердің аса төмендетілген тәртібі мен жігерсіздігі, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің төменгі сапасы мен аз ассортименті, техникалық прогрестің тұрып қалуы, ақыры, экономикалық өсудің бәсеңдеуі табылады. Өз кезегінде, экономикалық өсудің төмен немесе тіптен теріс қарқындары – кедейлік мәселесінің шиеленісуіне әкелетін бірден бір жол.
Осыған қарап, кірістің белгілі бір теңсіздігін қалыпты деп тану қажет. Оған қоса – бұл адамдардың еңбек белсенділігінің аса маңызды марапаттау құралы. Осылайша, кірістің теңсіздігі – бұл елдің барлық азаматтарының дәулеттілік жалпы деңгейін өсуін жылдамдатқаны үшін қоғамға төлеуге мәжбүр болатын құны. Бірақ осындай қажетті «төлем» адамдарды ешбір қуантып қоймайды. Керісінше, бай мен кедейлер арасында өмір деңгейлерінде айырмашылық жоғары болған сайын, соғұрлым соңғы аталғандардың наразылығы қатты болады, бұл қоғамда әлеуметтік шиеленісуді ұлғайта түсіреді және әлеуметтік жарылысқа да әкеле алады. Орталық Шығыс Еуропа және Ресейдің алты елінде 1999 жылы өткізілген сұрастыру деректеріне сәйкес, адамдардың үштен екі дерлігі елдеріндегі кірістер айырмашылығы өте жоғары екенін наразылықпен айтты.
Экономистер кірістердегі айырмашылық қауіпті бола бастағанын бұрыннан бері айқындады, егер ол: шамадан көп болса немесе тым жоғары қарқынмен ұлғаятын болса.
Теңсіздік және денсаулық
Жоғары теңсіздік қарсыластарының негізгі аргументтерінің бірі кірістерді бөлуде шамадан артық теңсіздік денсаулыққа зиян келтіруі. Неліктен әлемдегі ең бай елдердің бірі, денсаулықты сақтауға кез келген басқа елдерден артық ақша төлейтін Құрама Штаттар сияқты ел өмір сүрудің күтілетін ұзақтық деңгейі бойынша 25 орыннан төмен орын алатындығымен түсіндіре алуы мүмкін. Құрама Штаттардағы бай мен кедейлер арасында кірістер айырмашылығы кез келген басқа дамыған елдерге қарағанда көп.
Жалпылама алаңдаушылық пен қорқыныш сезімін тудыра алмауы мүмкін емес 90-жылдардағы өлім деңгейінің күрт флуктуациялануы осы салада жаңа зерттеулерге түрткі болды. Дегенмен, оларға әлі күнге дейін толыққанды түсіндірме табылмады. Зерттеушілер арасында өлімге әсер ететін негізгі факторлар денсаулық сақтау жүйесінің дағдарысы, экологиялық жайсыздық, ішімдікке салыну, халықтың өмір сүру деңгейінің елеулі түрде төмендеуі, нашар тамақтану болып табылатын көзқарасы басым болады. Негізгі күштерді аталған жағдайлармен күресуге ұсынды. Белгіленген басымдылық қаншалықты негізделген?
Денсаулық сақтауға үнемдеу саясаты бізге бұрынғы КСРО-дан мұрагерлікпен қалды. Ресейдегі денсаулық сақтау қажеттіліктеріне шығындалатын ЖІӨ үлесі өлім деңгейі төмен елдермен салыстырғанда 2-3 есе төмен болып келеді. Оған қоса, біздің еліміздегі бір жанға есептегенде ЖІӨ осы елдерге қарағанда 2-4 есе төмен. Бірақ, денсаулық сақтау жүйесінің қызмет етуінің нашарлауы өлімнің күрт өзгеруіне жауапты болатын негізгі анықтаушы факторы болып табылмайды. Өткізілген талдау жұмыстары денсаулық сақтау жүйесінің қызмет етуімен байланысты айнымалы жалпы құбылмалылықтың 3-5% ғана сипаттай отырып, өтпелі экономикалы елдердегі өлім деңгейінің ауытқуын түсіндіруге қабілетсіз болып қалды. Бұл жағдайда алынған нәтижелер 35 жастан асқан ер адамдар мен 45 жастан асқан әйел адамдары үшін статикалық тұрғыда маңызды болып табылады.
Көптеген сарапшылар қоршаған ортаның ластану проблемалары да өлімнің дағдарысының елеулі жағын түсіндіре алады деп болжамдайды. Бұдан былай экологиялық жағдай жақсара бастады, бұл өнеркәсіптік өндірістің 40% төмендімен және зиянды заттардың тасталуының азаюымен, ауыл шаруашылығын химиялануды азайтумен, ағаштарды кесудің қысқаруымен түсіндіріледі. Одан басқа себептермен өлімнің өсу құрылымы (өлімнің жалы өсуінің төрттен үш бөлігі жүрек-қан тамыр ауруларымен және оқыс оқиғалардан, ішімдікпен уланудан, өлтіру мен өзін өзі өлтіруден тұратын сыртқы себептер өлімімен негізделген) экологиялық проблемалар халық өлімінің өсудегі негізгі факторы болып табылмайды.
Ішімдікке салыну гипотезасы 1985-1987 ж.ж. өмір сүру ұзақтығының айтарлықтайұлғаюы ішімдікке қарсы науқанын енгізу кезеңімен сәйкес келіп, ал өлімнің өсуі науқанды қысқартумен біруақытта өткен дерекпен расталады. Бірақ, 90-жылдардың басында орта жиынтық тұтыну ішімдікке қарсы науқан кезеңімен салыстырғанда өскенімен, ол басталғанға дейін болған деңгейді (1994 ж. 1 адамға 14,6 л қарсы 1984 ж. 14,2 л) шамалы ғана асырды. Шыңдағы 1994 ж. өлім деңгейі жайлы 1986-1991 ж.ж. қатыстығанаемес, 1965 ж. және 1984 ж. арасындағы жайсыз жылдардағы деңгейді асырған болатын. Көптеген шетелдік зерттеулер зиянды әдеттер популяцияда емес,жеке тұлға деңгейінде ғана ауыру және өлу қаупінің факторы болып табылады деп көрсетеді.
Зерттеушілер есебі бойынша ішімдік ішу әлемдегі өлімнің тек 1,5% ғана «жауапты» болады. Зерттеушілер сондай-ақ, халық денсаулығының нашарлауының негізгі факторы ретінде нашар тамақтануға қарсы шығады, өйткені, азық-түлік одан бетер қымбаттағанмен, тұтынушы жиынтығы алуан түрлі бола бастады. Халықтың қозғалу белсенділігінің жалпы деңгейі көтерілді, өйткені, көптеген азаматтар екі-үш жұмыста істей бастады, күнделікті жүру қашықтығының артуына себепші болды.
Қазіргі кезде көптеген жетекші зерттеушілер, кедейлік ең бірінші маңызды фактор болып табылады деп айтуда. Өмір сүру деңгейі ересек халық арасында өлімнің әлдеқайда оптимистік түрде көптеген дамушы елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары деңгейде болған, әлі де қала береді.
Осылайша, алынған нәтижелер 90-жылдары Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде денсаулықтағы айырмашылық белгілі бір мөлшерде әлеуметтік-экономикалық жіктелу деңгейімен себепші болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Денсаулыққа теңсіздіктің теріс әсері жүрек-қан тамыр ауруларының, гипертонияның, невроздың, оқыс оқиғалардан өлім өсімінің, өлтірудің және суицидтің дамуына әкелетін әлеуметтік-псиохологиялық күйзелістің туындауымен байланысты болуы мүмкін. Бұнымен қоса, кірістерді бөлудегі теңсіздік пен денсаулық арасындағы байланыстың өзге де механизмі болуы мүмкін: кіріс теңсіздігі сапалы медициналық қызмет көрсетуге теңсіз қол жетімдікке әкеледі.
Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ
Қаржы және технология мектебі