Шымкентте жалақысына шағымданған мал дәрігерлер жұмыстан қуылып жатыр

Шымкентте жалақысына шағымданған мал дәрігерлер жұмыстан қуылып жатыр

Шымкентте ветеринарлар жиналып, шу көтерді. Қолдарына жұмыстан қысқарту туралы хабарлама тигенін алға тартқан мал дәрігерлері, мүйіз сұраймыз деп құлақтан айрылатын болдық дейді.

 

Айтуларынша наурыз айында еңбекақыны өсіруді сұрап жаппай ұжымдық хат жазған. Артынша жұмыскерлердің 25 пайызы жұмыстан кетеді деген хабарлама алған. 

 

Елімізде онсызда төрт түліктің бабын жасайтын маман қат болып тұрғанда бұл не қылған жаңалық?

 

Азамат Баймахановтың мал маманы болып жұмыс істеп жүргеніне биыл он жылға таяпты. Шымкенттегі төрт бірдей елді мекеннің төрт түлігіне жауапты. Оның жүктемесінде 1,5 мыңдай ірі қара, мыңнан астам уақ мал мен 10 мыңға жуық үй құсы бар. Ит пен мысық тағы қосылған. Маман жұмысының ауырлығын жасырмайды. 87 мың теңге жалақыны қанағат тұтып жүргенде, жұмыстан қысқарту туралы хабарлама келгенде, төбеден жай түскендей, әсер алғанын айтады.  

 

Азамат БАЙМАХАНОВ, МАЛ МАМАНЫ:  

 

-Наоборот адам алудың орнына енді қазір қысқартамыз деген әңгімелер боп жатыр енді кеше қағаздар келді. Мен оған түбегейлі қарсымын. Былай айтқанда біз енді аса ауыр, қауіпті аурулармен жұмыс істейміз, мысалыға "сібір жарасы", "құтыру" деген сияқты.

 

«Ветеринарлық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мамандарынан соңғы күндері маза қашқан. 25 пайыз қысқартылатындардың тізіміне кімнің ілігіп, кімнің қалатынын білмей дал.

 

Сапар СҰРЫМБАЕВ, МАЛ ДӘРІГЕРІ:

 

-Қазірге бізге уведомление келді,  где то 25 пайыз қысқарады деп. Енді қысқарылған жағдайда не болатынын. Норматив бұрын 600-700 болды дейді, қазір 1200- қара мал. -2500 қой бар.-қойлары тағы бар. Мысалыға айталық, бір ауылға екі ветврач істеп жатырмыз қазіргі уақытта Ақжар ауылында. Біреуі қысқарған жағдайда ..мүмкін емес.

 

Әшірбек ЖОЛДАСОВ, МАЛ ДӘРІГЕРІ:

 

-Талап жұмысты қысқартуды тоқтату керек. Айлықты көтеру керек. Бірінші очередь айлықты көтеру керек. +Именно ветврачқа келгенде Үкіметтіңде бір саясаты жоқ па білмеймін.

 

Шуласқан топ көп жағдай өздеріне жасалмағанын да жайып салды. Қарапайым қолғаптың өзін өз ақшаларына сатып алатындарын жеткізді.

 

Жеңісбек ӘЛІШЕРОВ,  МАЛ МАМАНЫ:

 

-Біздің мекемеде маска, перчатка деген нәрсе, одан кейін туберкуленге автомат деген нәрсеміз бар ондай өзімізде он елді-мекенге мысалы Қаратау ауданы бойынша бір –ақ пистолетпен пайдаланамыз. Бас басымызға берілу керек.+ маска перчаткаға сол 5 мың теңгедей кетеді айына. –қалтаңыздан?-қалтамнан. –бәрінде сондай ма? –бәрінде сондай.

 

Ауыл шаруашылық басқармасындағылар болса, даурығуға негіз жоқ деді. Мал дәрігерлері қысқартылмайтынын жеткізді.  

 

Манарбек ЕРЖІГІТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 

-Бұл жерде Президентіміздің тапсырмасына сәйкес 25 пайыз қысқарту деген барлық жерге берілген, өздеріңіз білесіздер. Дегенмен +жұмыстың ауқымдылығын ескеріп ол ветеринар мамандарға ешкім қысқартуға жатпайды. +Бір бірін дублировать ететін жұмыстар бар ішкі әкімшілік ғимараттың, сондай жұмыстар қысқартылады.

 

Нұрсұлтан КЕНЖЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

-Қысқарту жасап наоборот бұл кісілердің айлығын көтеруді қарастырып жатырмыз. Ветврачтар вет дәрігерлер, веттехниктар ешқандай қысқарту болмайды. Оны уайымдамай-ақ қойсаңыздар болады.

 

Ал басқармаға қарасты мекеменің тізгінін екі апта бұрын ғана қолына алған су жаңа басшы мал дәрігерлері үшін маңызды керек-жарақтың қаншалықты қолдарына тиіп-имей жатқанын тексереміз деді.

Айтпақшы, 25 пайыз қысқартуға ілігетіндердің 10 пайызы 2019 жылдан бері қысқарып үлгеріпті.

 

 

 

astanatv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста