Сүт өнеркәсібіне серпіліс қажет

Бүгінде ел үкіметі үшін отандық өнімнің саны мен сапасын арттыру өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Әдетте Қазақстан айдай әлемге мұнай-газ және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші ел ретінде танымал. Мұнай-газ секторына инвестиция тарту анау айтқандай қиын емес. Ал ауылшаруашылығына қатысты бұлай деп айта алмайсың. Әрбір ел басы артық қаржысын ауыл шаруашылығы саласын қолдауға жұмсайды. Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері өте көп. Бұл жолы біздер еліміздегі сүт шаруашылығы жайында ой қозғауды жөн көріп отырмыз.

Орынды жоба, оралымды істерге дәнекер болса…
Таяуда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков үкімет отырысында 2014-2020 жылдарға арналған сүтті мал шаруашылығын дамыту бойынша шеберлік жоспарын таныстырған болатын. Жобаның мақсаты сүт импортын азайту және жан басына шаққандағы тұтыну нормасын арттыру болатын. Сала басшысының айтуынша, ілкімді жоба ойдағыдай іске асса еліміздегі сүт өндірісі 2020 жылға қарай 1,7 млн тоннаға (!) артпақшы. Бұдан басқа аймақтарда 24, 50, 100 және 200 тоннаға дейін сүт өнімдерін өндіретін 2000-ға жуық ірілі-ұсақты кәсіпорындар бой көтереді деп күтілуде. Министрдің есебінше, осы аталған өндіріс ошақтары жылына бағасы арзан 740 мың тонна сүт өнімдерін өндіріп, халықтың алғысына ие болады. Тағы айта кететін жайт, елімізде 158,4 мың тонна сүт өндірісін қамтамасыз ететін 1,2 мың сауын мал басынан тұратын 20 өнеркәсіптік сүт-тауар фермасы да салынбақшы. Жаңа жоба бойынша қолданыстағы фермалардың жағдайы да назардан тыс қалмайтынын айта кетуіміз керек. Үкімет олардың жетілдіру жұмыстарына қаражат қарастырған. Әдетте көп мәселе қаржыға келіп тірелетіні жасырын емес. Мамандардың пайымдауынша, 100 сауын сиыры бар сүт фермасын құру үшін кем дегенде 140 млн. теңге қажет екен. Министр сүт өндірісін дамытуға қаржы ресурстарын тартуда аянып қалмайтынын жеткізді.
Ағарған денсаулық кепілі
Сүт өндірісі – агроөнеркәсіп кешенінің негізгі бөлігі болып саналады. Сүт өнеркәсібінің тиімді қалыптасуы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына және тұтынушылардың сүт өнімімен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік беретіні белгілі. Ағарғанды жиі тұтынатын адамның денсаулығы да жақсы болатынын бес жасар бала да біледі. Сондықтан Асылжан Мамытбеков мырзаның сүт өндірісін дамытуға қатысты жобасының әлеуметтік мәні зор екені айтпаса да түсінікті.
Сүт өнімдері азық-түлік нарығының құрамдас бөлігі болып саналады. Кез келген елдің экономикалық ахуалы қандай болса да, сүт күнделікті өмірде үлкен сұранысқа ие. Кезінде Қазақстан сүт өнімдерін өте көп өндіретін және көп тұтынатын елдердің бірі болды десек қателеспейміз.
Құрғақ сүтке тәуелділік
Қазір елімізге келетін сүт өнімдері импортының басым бөлігін ірімшік, қойытылған сүт, құрғақ сүт, сары май құрайды. Отандық сүт өнімдері экспортының төмендеуіне құрғақ сүтті тұтыну көлемінің артуы әсер еткені жасырын емес. Мұның соңы отандық өнімдердің баға бойынша бәсекеге қабілетсіз болуына ұрындырды. Алдағы уақытта бұл мәселелерді оң бағытта шешуіміз қажет. Қазіргі таңда сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірістік сүт қуаты төмен. Бұдан басқа қазір сырт елдерден (әсіресе, Ресей, Беларусия, Қырғызстан сүт өнімдері) келетін өнімдердің бағасы арзан. Сол себепті отандық сүт өндіруші фермалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттің қолдауы ауадай қажет. Жағдайды оң бағалаған атқарушы билік отандық сүт өндіруші кәсіпорындарға қолдау көрсетуге бел буып, білек сыбана кіріскенін оң бастама деп қабылдаған жөн.
Статистикалық деректерге көз жүргітсек, елімізде қалыптасқан норма бойынша жыл сайын әр адам 260 келі сүт және сүт өнімдерін тұтынатынын байқаймыз. Осы бір қарапайым цифрадан-ақ, қыруар қаржымыздың сыртқа кетіп жатқанын аңғаруға болады. Қазір Қазақстан жылына 5 млн. 400 мың тонна сүт өндіруде. Осы өндірілген сүт көлемі Қазақстан халқының және басқа да ұлттық шаруашылық салаларының нақты тұтынуларын қамтамасыз етуі тиіс. Бірақ жыл сайын импортталған сүт өнімдерінің үлесі артып келеді. Айталық, 2013 жылы құрғақ сүттің импорты 24 664 тонна жетті. Ал пайызға шаққанда сырттан келетін қоюлатылған сүт – 75 %, сыр және ірімшік – 59 %, сары май – 34 % құраған. Осы деректерден Қазақстан әлі де өз-өзін тұтастай сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелерін шешілмегенін аңғарамыз.
Сауын сиыр жекенің қолында…
Сүт Одағының мәліметтері бойынша, қазіргі таңда отандық сүт және сүт өнімдері халықты сапалы өнімдермен толық қамтамасыз ете алмайды. Өндірілген шикізаттың тек 1\3 бөлігі өнеркәсіптік қайта өңдеуден өткізіледі. Отандық кәсіпорындар оралған сүт өнімдерімен тұтынушылардың қажеттіліктерінің тек 27% қамтамасыз етеді. Бүгінде сүт және сүт өндірісінің 90% үй шаруашылығында өндіріледі, сол себепті ең алдымен өнеркәсіп кәсіпорындары шаруадан алатын шикізаттың сапасын жоғарылату үшін бағасына, тасымалдау құнына, тапсырыс уақытына келісімді алдын ала жасаудың маңызы зор. Негізінен үй шаруашылығында өндірілетін Қазақстандық сүт сапа стандарттарына жауап бермейді. Жеке үй шаруашылықтарындағы сүт өндіру ісін басқару қиын. Еліміздегі жалпы сауылатын сиырлардың 90%-ы жекенің қолында. Олардың санитарлық нормаларға сай, сапалы өнім өндіруін бақылау өте қиын. Осы бір жайт та саланың аяғына тік тұрып кетуіне қолбайлау болып тұрғаны жасырын емес. Кедендік одақ бойынша әріптестеріміз Ресейде сауын сиырлардың 42%-ы жекенің қолында болса, Беларусьте бұл көрсеткіш бар болғаны 5 %-ды құрайды. Тағы да айта түссек, бүгінде елімізде сүтті, асыл тұқымды малдардың үлесі 5,2% болса, ауыл шаруашылығы арқылы ырысын арттырып, экономикасын дамытып отырған елдерде асыл тұқымды малдар ара салмағы 47-50%-ға дейін жетеді. Болашақта біз де осында межеге қол жеткізуіміз керек-ақ.
Арзан несие несібені арттырады
Сиыр сүтінен мол пайдаға кенелуді мақсат етіп қойған ел тек қана асыл тұқымды малдың санын көбейтіп қоймайды. Сонымен сапалы мал азығын дайындау ісін де жолға қоятынын айта кетуіміз керек. Бұл ретте мал азығын өндіруші мекемелердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызудың маңызы зор. Мақсатты бағдарламалар қабылдап, мәселен олардың ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдіктермен, ұзақ мерзімге сатып алуын жол ашқан жөн. Мал шаруашылығы тұлғаларын лизинг негізінде жем-шөптік дақылдарды өсіріп, көбейтуге арналған арнайы құрал-жабдық алуына мүмкіндік туғызатын кез жетті. Бұл өз кезегінде өндірген сүттің сапасын арттырады, сапалы сүттен сапалы өнім алуды қамтамасыз ететінін жадымыздан шығармауымыз керек.
Қазақстанда сүт өнімдерінің шикзатының басым бөлігі жекенің қолында екенін айттық. Сол себепті алдағы уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі олармен тығыз жұмыс істеуі тиіс. Жеке қосалқы шаруашылық пен өңдеуші салалар кооперативін құруда бірдей көзқарас танытқаны жөн. Бұдан басқа ерікті негізде біріккен кооперативтер құру да мәселені оң шешілуіне септеседі. Сүт өндіруші және өңдеуші кооперативтерді қалыптасқан жүйе бойынша қолдаған абзал. Мамандар өз кезегінде «кооперативтер бұрынғы жеңілдетілген несие жүйесіне көшуі, ал май, ірімшік, құрғақ сүт өндіретін өңдеуші кәсіпорындар кооперативтерінің жұмысын мемлекет көмегі арқылы жандандыруға болады» дейді.
Осы ретте ЕуроОдақ елдері кеңінен қолданған несие алудағы кепілдік базасын кеңейтіп, ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін несие бойынша пайыздық төлемдерді төмендетуміз керек. Әлемдік іс-тәжірибеге назар салсақ, сүт өндірушілерге пайыздық үстемесі төмен несиелер 20 жылға дейін берілетінін байқаймыз. Өйткені сүт өңдейтін қажетті құрылғылар алу үшін тікелей қаржылай қолдау қажет.
Әділ сөз
Владимир Кожевников, Қазақстан Сүт Одағы басшысы:
– Шикі сүтті өңдеуші кәсіпорындарға өткізу кезінде олардың құндылығын дәлелдеу арқылы тауарлық сүтке дотация берілуі тиіс. Қазақстанның БСҰ-ға кіруіне байланысты сүт және сүт өнімдерін тұтыну деңгейінің күтілетін төмендеуін ескере отырып, сүт өнімін өндірушілерді, сонымен қатар Қазақстан нарығына Ресей, Беларусь, Қырғызстан және басқа ел кәсіпорындарының тарапынан төніп тұрған бәсекелестікте қолдау қажет. Сүт өнімін адал өндірушілерді әділетсіз бәсекеден қорғау, яғни тропикалық майларды сүт өнімінің құрамына қосатын өндірушілерді жауапқа тарту талабын қатаңдатудың да мәні зор.
erkindik.kz

Түпнұсқадағы тақырып: (Сүт өнеркәсібі)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста